«Ақжайық – адалдық алаңы»(бұдан әрі - Жоба)Жобасының миссиясыБатыс Қазақстан облысында азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, жемқорлық деңгейін төмендету және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың қоғамдық ахуалын қалыптастыру болып табылады.

Жоба сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша келесі негізгі салаларда жүзеге асырылады:білім; денсаулық сақтау; әлеуметтік қамтамасыз ету;сәулет, құрылыс және тұрғын-үй шаруашылығы; ауыл шаруашылығы және жер қатынастары; мемлекеттік кірістер органдары;сот және құқық қорғау органдары; бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2019 жылдың 1 қаңтары – 31 желтоқсаны аралығы

Жоба кураторы - Ғабидолла Абдуллаұлы Оспанқұлов,облыс әкімінің орынбасары;

Жобаның со-кураторлары:

- Болат Әлмұханұлы Исақов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің (бұдан әрі – Агенттіктің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті) басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы;

- Рүстем Сапарбекұлы Ақмырзаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментінің басшысы;

Жоба (жобалық кеңсе) басшысы:

- Салиева Әлия Өтемісқызы «Ақжол» шағын және орта бизнесті қолдау қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрайымы, Орал қалалық маслихатының депутаты.

Байланыс ақпараты:

Жобалық офистің мекен жайы: Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 179 (БҚО облыстық әкімдігі ғимаратының 1 қабаты);

Тел: 8 7112 50 33 07;

эл.адрес: aqjaiyq_adaldyq_alany

эл. пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

- «Ақжайық - адалдық алаңы» жобасының Instagram парақшасына сілтеме: https://www.instagram.com/aqjaiyq_adaldyq_alany/?hl=ru;

- «Ақжайық - адалдық алаңы» жобасының Facebook парақшасына сілтеме: https://www.facebook.com/profile.php?id=100032912742049

- Республикалық «Адалдық алаңы» жобасының Facebook парақшасына сілтеме: https://www.facebook.com/adaldyqalany.kz/.