Еңбек күніне арналған «Еңбек жолы» конкурсын өткізу бойынша

Елбасының Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясы аясында, Еңбек адамының беделін жоғарылату, еңбек өнімділігін ынталандыру, жұмыскерлер кәсіптерін насихаттау, жастарды өндіріс саласына тарту, көпжылдық еңбек әулеттері салтын сақтау мақсатында Мемлекет басшысының Жарлығымен «Еңбек күні» бекітіліп, еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлері арасында өткізілетін «Еңбек Жолы» республикалық байқауы белгіленді.

Аталмыш байқау аудан, облыс, республика көлемінде 3 жылдан бері өткізіліп, байқау жеңімпаздары облыс, республика көлемінде Еңбек Күнін мерекелеуге арналған «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы» Форумында марапатталуда.

Қазіргі таңда «Еңбек Жолы» байқауының аудандық іріктеу кезеңі аяқталып, облыстық кезеңі өткізілуде. Осы байқауға Жаңақала ауданы бойынша бес жерлесіміз үш номинация бойынша үміткер болып

1) «Үздік еңбек әулеті »номинациясы бойынша Садыровтар әулеті Қызылоба ауылдық округі бойынша. 

2) «Өндірістің ең жас жұмысшысы» Мирманов Серікболсын Жаңақала желілік өндірістік басқармасынан Жаңақала ауылдық  округі бойынша.  

3) «Жұмыс жасайтын жастардың ең үздік тәлімгері Айғалиев Біржан «Мұрагер» шаруа қожалығының жетекшісі Мастексай ауылдық округі, Аблқасов Марат Обаға қарсы күрес мекемесі, Жаңақазан ауылдық округі бойынша, Мусагалиев Нурболат «Айдархан» ЖШС, Жаңажол ауылдық округі бойынша қатынасып жатыр.

 Байқауға енгізілген өзгерістерге байланысты, байқауды халыққа кеңінен насихаттап, ақпараттандыру мақсатында, «Еңбек жолы» конкурсының облыстық кезеңінің қатысушыларын облыс әкімдігінің ресми парақшасына орналастырып, онлайн дауыс беру арқылы байқаудың облыстық жеңімпаздарын анықтау қажет.

Осы орайда, облыс әкімдігінің сайтының www.bko.gov.kz  «Еңбек жолы» конкурсы атты ресми парақшасына байқау қатысушылары туралы ақпараттың орналастырылғандығын хабарлайды.

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өңірдің барлық кәсіпорындарын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «ПАРЫЗ-2018» республикалық конкурсына қатысуға шақырады.

Конкурс мемлекет Басшысының бастамасы бойынша 2008 жылдан бері өткізілуде. Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы     № 523 Жарлығымен «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі
"Парыз" конкурсын өткізудің ережелері» бекітілді. Бұл конкурсқа жеке кәсіпкерлік субъектілер қатыса алады. Конкурсқа катысуға:

1) қызметін кемінде үш жыл жүзеге асыратын;

2) таратылу сатысында тұрмаған, банкрот деп танылмаған;

3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жойылмаған бұзушылықтары, оның ішінде қызметкерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ;

4) қызметкерлермен ұжымдық еңбек даулары жоқ;

5) Қазақстан Республикасының аумағында саяси, кәсіподақ және діни ұйымдарды қолдауға бағытталуға тиіс емес әлеуметтік және қайырымдылық қызметті жүзеге асыратын;

6) конкурсқа қатысуға өтінімінде дәйекті мәліметтерді көрсеткен, сондай-ақ құжаттарды толық көлемде ұсынған үміткерлер жіберіледі.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.

ҚР Еңбек Кодексі.

2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V ҚРЗ

1 – Бабының 7- тармағы

 

Әлеуметтік әріптестік дегеніміз – атқарушы билік органдары өкілдерінің,жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдерінің мүдделерін келістіруді қамтамасыз етуге бағытталған қатынастар мен тетіктер жүйесі. Әлеуметтік әріптестік-әріптестер арасындағы жасалатын өзара келісім арқылы жүзеге асырылады.Келісім қызметкерлердің еңбек жағдайларын,жұмыспен қамтылуын және әлеуметтік кепілдіктерін белгілеу мазмұнын және тараптардың олар бойынша міндеттемелерін айқындайтын,әлеуметтік әріптестер арасында жасалатын құқықтық акт.

Қазақстан Республикасында әлеуметтік әріптестік мынадай негізгі міндеттерді шешуге бағытталған:

1. Әлеуметтік және еңбек қатынастарын және соларға байланысты экономикалық қатынастарды реттеудің тиімді тетігін жасау

2. Қоғамдағы барлық жіктердің мүдделерін обьективті түрде ескеру негізінде әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге жәрдемдесу

3. Қызметкерлердің еңбек құқықтары кепілдіктерін қамтамасыз етуге жәрдемдесу,олардың әлеуметтік қорғалуын жүзеге асыру

4. Барлық деңгейдегі әлеуметтік әріптестер арасындағы консультациялармен келіссөздер процесіне жәрдемдесу

5. Ұжымдық еңбек даулары мен жанжалдарды шешуге жәрдемдесу.

Әлеуметтік әріптестікті аймақтық деңгейде әлеуметтік әріптестікпен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық,қалалық, және аудандық комиссиялар (бұдан әрі -аймақтық) қамтамасыз етеді.Аймақтық комиссия-әлеуметтік  әріптестертер мүдделерін  үйлестіруді тиісті келісімдерімен ресімделетін консультациялар және келіссөздер  жүргізу жолымен  қамтамасыз ету жөнінде  тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.Жергілікті атқарушы  органдардың тиісті өкілетті өкілдері,жұмыс берушілермен қызметкерлердің өкілдері  аймақтық комиссиялардың қатысушылары болып табылады.

Комиссия жұмысының басты мақсаты- жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасындағы еңбек қатынастарын ұжымдық шарт арқылы реттеу,қоғамда әлеуметтік тұрақтылықты сақтау және халықты жұмыспен қамтамасыз ету болып табылады.

Ауданымыз бойынша 2018 жылға арналған еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу мен әлеуметтік әріптестік жөніндегі аудандық үш жақты комиссиясының жұмыс жоспары бекітіліп,жұмысын жасауда.