рисунок

Сапаров Еркін Базарғалиұлы "Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"ММ басшысы"

 

Сапаров Еркін Базарғалиұлы 1961 жылы 1 шілде айында Мәстексай ауылында дүниеге келген.

1968-1978 жылдары аралығында Жаңақазан ауылы Киров атындағы орта мектепті бітірді.

1978-1979 жылдары Жаңақазан ауылында құрылысшы болып жұмыс жасаған.

1979-1984 жылдары Орал қаласы ауылшаруашылық институтын толықтай бітіріп зоотехник мамандығы бойынша дипломымды алған.

1984-1990 жылдары Мәстексай ауылында Зоотехник, Комсомол секретары, Кәсіподақ төрағасы (профсоюз) қызметтерін атқарған.

1990-1997жылдары Жаңаталап, Мәстексай ауылдарында бас зоотехник болып қызмет істеген.

2000-2010 жылдары Мәстексай ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарды.

2010 жылдан - Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

Қабылдау күні: сәрсенбі сағат: 09-00-16-00 Мекен-жайы: БҚО Жаңақала ауданы,Халықтар достығы 69 үй

 

Мемлекеттік мекеменің толық атауы

«ЖАҢАҚАЛА АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІ»

Орналасқан жері

Жаңақала ауданы,  Халықтар достығы көшесі, 69

Бөлім телефондары

8(71141) 21-9-30 сенім телефоны

8-71141-22-2-58

8-71141-21-9-31

8-71141-21-9-32

 

«Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

Атқаратын міндеті мен өкілеттілігі:
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік балалар жәрдемақысын және тұрғын үй көмегін тағайындау, мүгедектер мен басқаларды әлеуметтік оңалтуға көмек көрсету.

Заңды негіздемелер:
Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудан әкімдігінің 2013 жылғы 15 сәуіріндегі  №119 қаулысы, бөлім ережесі.

Бөлім басшысы
Сапаров Еркін Базарғалиұлы
тел.: 21-9-30
Қабылдау күні: сәрсенбі, бейсенбі сағат 09-00-ден 18-00 дейін Халықтар достығы №69 мекенжайында

Бөлім басшысының орынбасары:
Досқалиева Қорлан Орынтайқызы тел.: 21-9-31

Ардагерлер мен мүгедектер жұмысы секторы.

ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, мүгедектерге, мүгедек-балаларға, аз қамтылғандар және басқа да санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және балаллар жәрдемақысы секторы.

Отбасының орташа кірісі кедейлік шегінен төмендерге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және отбасының орташа кірісі азық-түлік себетінен төмен 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға мемлекеттік балалар жәрдемақысы және отбасының жан басына шаққандағы кірісі күнкөріс

деңгейінен төмен болғанда өмірлік қиын жағдайға тап болған кезде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетеді.

Тұрғын үй көмегі секторы.

Отбасының орташа кірісі белгіленген нормадан артық болса коммуналдық қызметтерді тұтынғаны үшін шығындарына тұрғын үй көмегі ұсыну.

 

«Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

2017 жылдың 1 қазанына  атқарылған жұмыс туралы ақпарат

Жаңақала ауданында әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін аудандық үшжақты комиссиясы жұмыс жасап, 2017 жылдың 9 айында 3 отырыс өткізілді. Отырыста шартты түрде сотталғандарды жұмысқа орналастыру, Мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз аймақ құру мәселелер қаралып, шешімдер қабылданды.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес отбасының жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен аспайтын жағдайда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады.

Мемлекеттік атаулы көмек алушылар санатына 18 жасқа дейінгі балалар, жұмыстағылар, зейнеткерлер, мүгедектер, студенттер және жеті жасқа дейінгі бала күтімінде отырғандар жатады, яғни 2017 жылдың 9 айында 24 отбасынан 113 адамға 5374,1мың. теңгеге тағайындалды.

Кірісі азық-түлік себетінің мөлшерінен аспайтын 18 жасқа дейінгі балалы 905 (2247 бала) отбасыларға 40458,1 мың тенге сомасында жәрдемақы тағайындалды. Аудандық маслихаттың 2014 жылғы 13 наурызындағы № 16-2 «Жаңақала ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне сәйкес 2017  жылдың 9 айында 180  жанұяға 6000,0 мың теңге тұрғын үй көмегі тағайындалды.

Биылғы жылы   аудан  бойынша жалпы мүгедектер саны 724 адам, оның ішінде   І топ мүгедегі – 69  адам, ІІ топ мүгедегі -163 адам, ІІІ топ мүгедегі - 241 адам, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны 106-ды  құрайды. 16 жастан асқан бала жастан мүгедектер – 145.

«Капустин Яр» және «Азғыр» әскери сынақ полигондары әсерінен зардап шеккен, полигондармен шектесетін аумақтарда  тұратын мүгедектерге көрсетілетін көмектер тоқтатылмай, жергілікті бюджет есебінен ай сайын әлеуметтік төлемдер төленіп келеді.

Осы бағытта 2017  жылы «Капустин Яр» және «Азғыр» әскери сынақ полигондары әсерінен зардап шеккен аумақтарда тұратын 724 мүгедекке жергілікті бюджет есебінен  тоғыз айлыққа 22465,3 мың теңге  әлеуметтік көмек төленді. Сондай – ақ   аз қамтылған 203  отбасыларына 3302,2 мың теңге әлеуметтік көмектер  төленді.

Қазіргі заманғы мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басты мақсаттарының бірі – әр адамның өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруына және абыройлы өмір сүруіне жағдай жасау болып табылады. Сондықтан мүмкіндіктері шектелген азаматтардың кәсіптік оңалтылуы – жұмыспен қамтылуы басты мәселе болып отыр.  Мүгедектерді жұмысқа орналастыруға және кәсіпкерлікпен айналысуға ынталы адамдарға қолдау көрсетуде. Осы орайда 2017 жылдың  тоғыз айында   6 мүгедек  ақылы қоғамдық жұмыстарға, 6 мүгедек тұрақты жұмысқа, 5 мүгедек кәсіптік оқуға, 2 мүгедек әлеуметтік жұмыс орнына жолданды. 2017 жыл басынан  19  балаға 956,0 мың  теңге үйде оқытылатын мүгедек балаларға   материалдық көмек төленді.

Мүгедектердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік транспорттық инфрақұрылым объектілерін паспорттау мен бейімдеу жұмыстарына  сәйкес аудан бойынша 86 әлеуметтік инфрақұрылым нысан бар. Соның 86 - на паспорттау жұмыстары жүргізіліп нәтижесінде 40 инфрақұрылым нысанына бейімдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланды. 2017 жылы 12 нысанға бейімдеу жоспарланса есепті кезеңге 11 нысан бейімдеуден өтті.