Жаңақала аудандық білім беру бөлімі

Бөлім басшысы Кадыров Елжас Елдосович 1978 жылы БҚО, Казталов ауданы, Жалпақтал ауылында дүниге келген.

1995 жылы Орал педагогикалық институтына түсіп, 1999 жылы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетінің биология - география - химия пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

1999-2001 жылдары Казталов ауданы Ғ.Молдашев атындағы ОМ педагогтік қызмет атқарса, 2001-2011 жылдар аралығында Сарықұдық ОМ, Жаңажол ОЖББМ директоры, 2011-2013 жылдары Орал қаласы М.Өтемісов атындағы БҚМУ жанындағы колледж әдіскері, БҚО білім басқармасының МДЖОТжКББҰ облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ТжКББ бөлімінің әдіскері, 2013 - 2015 жылдар аралығында Теректі ауданы Ақсуат ЖОББМ директоры, 2015 жылдың 22 қазаннан бастап Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Отбасылы, зайыбы, екі ұл, бір қызы бар.

 

Аудандық білім беру бөлімі 3 негізгі бөлімнен құрылған: бөлім аппараты, әдістемелік кабинет және бухгалтерия.

Бөлімнің аппаратын 4 мемлекеттік қызметші құрайды:

  • бөлім басшысы - Кадыров Елжас Елдосович;
  • бас маман -
  • бас маман - Даркулова Ақмарал Сундетбаевна;
  • жетекші маман - Имашева Лаура Қуанышқызы.

 

Бөлімнің әдістемелік кабинетінде кабинет меңгерушісі және 12 әдіскер жұмыс жасайды:

  • кабинет меңгерушісі - Дияр Ринат Рамазанұлы;
  • қоғамдық - гуманитарлық пәндер бойынша әдіскер - Тілеубаева Ботагөз Елемесқызы;
  • шет тілдері пәні бойыншы әдіскер - Жантасова Назгүл Аманжолқызы;
  • жаратылыстану пәндері бойынша әдіскер - Мұқашева Дана Тасболатқызы;
  • математика және физика пәндері бойынша әдіскер - Нұрғалиева Раушан Уағиоллақызы;
  • информатика және ақпараттандыру жұмысы бойынша әдіскер - Муратова Айжан Нұрболатқызы;
  • дене тәрбиесі, АӘД пәндері бойынша әдіскер - Габдешев Бауыржан Ерсайынұлы;
  • бастауыш білім беру бойынша әдіскер - Бақтыгереева Нұрсауле Жанболатқызы;
  • тәрбие жұмысы бойынша әдіскер - Губашев Алиби Салықұлы;
  • психологиялық қызметі жөніндегі әдіскер - Дуйсенгалиева Асемгүл Қадыржанқызы;
  • эститикалық пәндер және қосымша білім беру ұйымдары бойынша әдіскер - Кайрекешов Жастілек Яхияұлы;
  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдіскері - Имашева Маншук Халенқызы;
  • кітапхана қоры бойынша әдіскері - Рысқалиева Құралай Сағынғалиқызы.

 

Жаңақала аудандық білім беру бөлімі

Барлық МДҰ саны - 27, оларда 1140 бала, қамту пайызы- 1-6 жас 74,6%, 3-6 жас 100%. Соның ішінде балабақшалар саны - 7, ондағы бала саны - 659.

«Мектеп - балабақша» кешені - 1, ондағы бала саны - 25. Шағын орталықтар саны - 19, ондағы бала саны - 456. 2016 жылы «Балбөбек» балабақшасында 50 бала арналған 2 топ, № 3 қазақ мектебі базасында 25 бала қамтитын мектепке дейінгі шағын топ ашылды.

Ауданда 22 жалпы білім беретін мектептің 14-і орта, 8-і бастауыш білім беретін мектептер. 14 типтік ғимараттарда, 8 бейімделген ғимараттарда орналасқан. Оқушылардың саны: 3826, соның ішінде ЖОББМ - 3751, БМ - 75. Мектептердегі сынып саны: 269, сынып-комплектілер саны - 257. Жеке пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептер саны - 2, сынып саны - 4, оқушы саны - 32.

Мектепалды даярлық сыныптарындағы бала саны - 363.

Шағын жинақты мектеп саны - 14, соның ішінде ЖОББМ - 6, БМ - 8. Оқушы саны - 818, ЖОББМ - 743, БМ -75.

Мектеп жанындағы интернаттар саны - 6, ондағы бала саны - 265.

Коррекциялық мектептер саны - 1, ондағы бала саны - 34.

Қорғаншылықтағы және қамқоршылықтағы бала саны - 17, оның ішінде - 12 жетім, 5- бала ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар.

ЖОББМ бітірушілер саны - 246, «Алтын белгі» иегері - 3, соның ішінде ЖОО түскені - 73, АОО түскені - 65. НОББМ бітірушілер саны - 361, соның ішінде үздік бітіргені- 21.

Аудандағы 3 мектептен тыс мекемеге 1210 оқушы тартылды қамту пайызы - 31,6 . Соның ішінде 249-і саз мектебінің, 490 оқушы мектептен тыс жұмыс орталығының, 471-і оқушы туризм және экология орталығының үйірмелеріне тартылған.

Барлық педагогтар саны - 757, оның ішінде жоғары білімді - 620 (82%), арнаулы орта білімді - 137 (18%). Жоғары санатты - 94 (12,4%), бірінші санатты - 223 (29,8%),екінші санатты - 237 (31,3%), санаты жоқ мұғалім саны - 203 (26,8%). ҚР Құрметті қызметкері атағы бар педагог саны - 2. ҚР білім беру ісінің үздігі саны - 19.

Жазғы демалыспен 3165 бала қамтылды, бұл барлық қамтылуға тиісті 3253 баланың 98,1 пайызын құрайды. Соның ішінде

  • мектеп жанындағы лагерлерде - 3055 бала;
  • жазғы шатырлы лагерде - 216 бала;
  • аудандық лагерде - 350 бала;
  • облыстық деңгейдегі лагерлерге - 51 бала;
  • халықаралық лагерде - 2 оқушы қамтылды.

Іс-шаралар жоспарына сәйкес 1288 бала мектеп жанындағы көгалдандыру жұмыстарына тартылды, 60 бала туристік-өлкетану саяхаттарға барды: 10 бала Астана қаласына, 30 бала көршілес орналасқан Бөкейордасы ауданына.

 

Қазіргі таңда мұғалім шығармашылық еңбектері республикалық, облыстық салалық баспасөз беттерінде жариялануы немесе таратылуы- педагогтың шығармашылық ізденісінің бір көрінісі. Республикалық, облыстық әдістемелік басылымдарда 85 мұғалімнің тәжірибелері жарияланса, облыс көлемінде 10, аудан көлемінде 45 мұғалімнің тәжірибелері таратылды.

Математикалық, физикалық сауаттылығын арттыру мақсатында аудандық «Пифагор» күзгі (қысқы, көктемгі, жазғы) физика-математикалық мектебіне 9, 11 сынып оқушыларына дайындық жұмыстары жүргізілді.

Аудандық «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту», «ҰБТ-гі қиындығы жоғары есептерді шығару» атты семинар - практикум, коучинг, әдістемелік басқосулар, «Алтын белгі» мен «Ерекше үлгідегі аттестатқа» үміткерлермен «ҰБТ-ге сапалы дайындалу - өрелі міндет» атты ата-аналарымен, пән мұғалімдерімен, психологпен дөңгелек үстел өтті.

Жаңа форматта оқып келген ұстаздар арасында Жаңақала ОЖББМ облыстық «Lesson study - ынтымақтастық белгісі» атты сабақты зерделеу семинар-практикумын бірінші деңгей мұғалімі С.Алиев өткізді. Е.Орақбаев ат. ОЖББМ «Сындарлы идеяға бағытталған жаңаша оқытудың нәтижелі іс-әрекеттері» аудандық семинар, М.Жүнісов ат. ОЖББМ базасында «Барлық буынға ұлттық білім берудің көзі - төл әдебиетіміз бен тарихта» атты семинар-тренинг өткізілді.

Республикалық ғылыми конференциядан «Менің жүрегім балаларға арнап соғады» тақырыбында эссе жазудан Жаңақала мектеп-гимназиясы А. Сарсенгалиева ІІІ дәрежелі диплом, «Қазақ хандығы дәуіріндегі ел басқару ісіне араласқан қайраткер мәңгілік ел адай қызы Ботай хан» тақырыпта эссе жазудан ІІІ орын, Төс белгі, куәлік, мадақтама «Ұлағатты ұстаз» бағамымен У.Магзомова М.Мирманов ат. ОЖББМ марапатталды.

«Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру аясындағы тәрбие жұмысының басым бағыттары «Өскелең ұрпақтың толеранттылық пен патриоттық сезімін тәрбиелеу атты облыстық онлайн - конференциясында «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру аясындағы тәрбие жұмысының басым бағыттары тақырыбында №3 қазақ ОЖББМ мұғалімі Р.Закарина, «Оқушыларға құқықтық тәрбие беруде ата-аналармен жүргізілетін жұмыс» №3 қазақ ОЖББМ Э.Мукашева жұмыстарын оқыды.

Жас мамандарға «Жас маманға кәсіби көмек көрсетудің тиімді әдіс-тәсілдері» семинар- практикум өткізіліп, аудан мектептерінен 45 жас маман шақырылды.

Әдістемелік кабинет әдіскерлері өз жоспарларына сәйкес түрлі нұсқаулықтар, көмекші құралдар, жинақтар, топтамаларды аудан көлемінде таратып жұмыстанды. Атап айтатын болсақ ӘК-нің меңгерушісі С.Борашеваның ұйымдастыруымен «Білім жылы» аясында аудандық «Қазіргі заманауи мұғалімнің тұлғасы, теориясы мен әдіснамасы» тақырыбындағы 60 мұғалімнің, «Менің ашық сабағым...» атты ашық есік күндері (І санатты мұғалімдер үшін) 135 мұғалімнің конференция материалдары мен сабақ жоспарларынан аудандық жинақ жарық көрді. Әдіскер Н.Бақтыгереева «Бастауыш сынып оқушыларына арналған олимпиада тапсырмалары жинағы», Р.Нургалиева «Математика, физика пәндері бойынша олимпиада тапсырмалары жинағы», Р.Нургалиева, Н.Бақтыгереева, 3-4 сынып, 5-8 сыныпқа «Intel-logic» логикондар, логикалық есептер, софизмдер тапсырмалар жинағы,  Б.Тлеубаева «Ақындар мектебі» жыр жинақ, Орыс сыныбына арналған қазақ тілі мен әдебиетінен бақылау жұмыс нормалары мен диктант және мазмұндамалар жинағы, М.Имашева мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған көмекші әдістемелік құралдар «Таным» білім беру саласы бойынша дидактикалық ойындар жиынтығы, Д.Мукашева биология пәнінен оқушылардың білім денгейін тексеруге арналған әдістемелік жинақ (тест жинағы.), Қ.Рысқалиева «Білім жүйесіндегі кітапхана мен кітапханашының қызметі» әдістемелік құрал, А.Утегенова «Оқушыларды орыс тілі пәнінен ҰБТ-ға дайындауға арналған тест тапсырмалары» жинағы аудан көлемінде таратылды.

 

Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат - ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру, ізденімпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу керек. Мұғалім ретінде оқу мен тәрбие саласындағы аса маңызды міндет - талабы таудай дарынды жеке тұлғаны іздеп тауып, оны жетілдіріп шығару. Осы мақсатта аудан педагогтарының жұмыстануы арқылы бірнеше оқушыларымыз республикалық, облыстық, аудандық деңгейлерде бірнеше жетістіктерге жетті. Атап айтсақ, республикалық пәндік олимпиадасының облыстық кезеңінен химия пәнінен ІІ орын Жаңақала мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы А.Турарбекова (пән мұғалімі М.Буркутова), орыс тілі пәнінен ІІІ орын Пятимар ОЖББМ 11- сынып оқушысы Ә.Ереева (пән мұғалімі О.Шайхина), орыс тілі пәнінен ІІІ орынға Жаңақала мектеп-гимназиясының оқушысы Г.Құрметова (пән мұғалімі С.Аманова), математика пәнінен Пятимар ОЖББМ 11- сынып оқушысы А.Сагинов (пән мұғалімі Р.Темиргалиева), тарих пәнінен Айдархан ОЖББМ 10-сынып оқушысы Е.Меңдібекова (пән мұғалімі А.Рысқалиева), орыс сыныбындағы қазақ тілі мен әдебиетінен М.Жүнісов ат ОЖББМ 10- сынып оқушысы Л.Аблиева (пән мұғалімі Ж.Буранкулова) Алғыс хатқа ие болды.

Шәкірттеріміз білім сайысынан да өнер сайысынан да жоғары деңгейде көріне білді. Атап айтсақ, Айдархан ОЖББМ 10-сынып оқушысы Д.Нысанғалиев (пән мұғалімі Ж.Қабашева), республикалық «Мұқағали оқулары» ІІ орын, республикалық «Тәуелсіз ел жастары» оқушылар арасында ақындар мүшайрасы І орын, республикалық «Мағжан оқулары» ІІ орын, облыстық «Жұбан оқулары» І орын, Облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен облыстық Мұқағали оқулары бас жүлде иегері атанса, осы мектептің 10-сынып оқушысы А.Ғұбашев (пән мұғалімі Ж.Қабашева Республикалық «Абай оқулары» байқауы ІІ орын, облыстық Қадыр оқулары арнайы жүлде иегері) атанды. Жаңақала мектеп-гимназиясы 11-сынып оқушысы А.Бақиев (пән мұғалімі Ж.Ергалиева) республикалық «Мен Қазақстандықпын» шығармалар байқауында ІІ орын, республикалық «Махамбет оқулары» байқауында ІІ орын иеленсе, М.Мирманов ат. ОЖББМ 10- сынып оқушысы М.Болатов (пән мұғалімі Н.Амиргереева), Пятимар ОЖББМ Н.Сагмалиева (пән мұғалімі М.Муханбетова) республикалық «Тәуелсіз ел жастары» оқушылар арасында ақындар мүшайрасы ІІ орын алды.

С.Меңдешев ат. ОЖББМ оқушысы Е.Ибрайкулов (пән мұғалімі Р.Жумагалиева) облыстық «Оралхан оқулары» бас жүлде, Ә.Жангелдин ат. ОЖББМ А.Нағымова (М.Иманғалиева) облыстық ғылыми жобалар байқауы «Менің өлкемнің тарихы - менің көзіммен» ІІ орын, Ә.Жангелдин ат. ОЖББМ С.Ешкаев (Н.Рахметқалиева) облыстық өзге ұлт өкілдері арасындағы «Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ» атты Абай оқулары бас жүлде, облыстық Абай оқулары ІІ орын, «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы облыстық І орын, республикалық ІІ орын, Жаңақала мектеп-гимназиясы А.Фариза(А.Негаев) облыстық Қадыр оқулары ІІ орын, Пятимар ОЖББМ А.Юсупова (Ш.Муханбетқалиева) облыстық «Абай оқулары» бас жүлде «Сөз шеберлері» облыстық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы ІІ орын, «Жазушылар» ІІ орын, Айдархан ОЖББМ А.Садиков (пән мұғалімі Ж.Қабашева), №3 қазақ ОЖББМ И.Мұратов (А.Шатаева) І орын, облыстық «Абай оқулары» Ә.Мусагалиева (А.Қабушева) ІІ орын иегері атанды. Облыстық шығармалар байқауы Жаңақала ОЖББМ Р.Валитов (Ж.Давлеткалиева) ІІІ орын иеленсе, №3 қазақ ОЖББМ Ш.Муратова Алғыс хатпен марапатталды. Облыстық командалық «Чтение как увлекательное занятие 2015» байқаулар М.Жүнісов ат. ОЖББМ 2- дәрежелі диплом, С.Мендешев ат. ОЖББМ облыстық «Үздік мектеп театры» І орын иеленді.

5-11 сынып оқушылары арасында ХІІІ облыстық «Ақ желкен-2015» математикалық регатадан командалық жарыстан М.Жүнісов ат. ОЖББМ оқушысы Р.Есенова, Е.Орақбаев ат. ОЖББМ оқушысы А.Ермеков, Жаңақала мектеп-гимназиясы оқушысы Ф.Қуаныш, С.Меңдешев ат. ОЖББМ оқушысы Ә.Мырзатаев ІІ орын алып келсе, 6-сыныптар командалық жарыстан Жаңақала мектеп-гимназиясы оқушысы Д.Иманғалиев, А.Ғабит, Карманов ОЖББМБ оқушысы А.Қайыржанова, Айдархан ОЖББМ оқушысы А.Утегенова І орын алып келді.

VI облыстық «Intel-logic - 2015» логикондар, логикалық есептер, софизмдер шешу интеллектуалды турниріне Д.Нұрпейісова ат. ОЖББМ 7 сынып оқушысы А.Аманжолова ІІІ орын, №3 қазақ ОЖББМ 8 сынып оқушысы А.Шайдоллина белсенді қатысқаны үшін дипломмен марапатталса, халықаралық «Пони» турниріне 229 оқушы қатысып, 121 жеңімпаз атанды.

Республикалық «Ақбота» танымдық марафонына аудан мектептерінің 3-10 сыныптар оқушыларынан 231 оқушы  қатысып, 25 оқушы 1,2,3 орындарға ие болса, «Кенгуру-математика бәрі үшін» халықаралық математика ойынына  аудан мектептерінің 3-10 сыныптар оқушыларынан 162 оқушы қатысып, 34-оқушы орынға ие болды.

«Жаңақала ауданында білім жылы» аясында жыл бойына жетістікке жеткен оқушыларымызды марапаттау мақсатында «Жаңақала мақтанышы-2016» атты үздіктер шеруі ұйымдастырылды. Үздіктер шеруіне республикалық, халықаралық, облыстық байқаулардың, конкурстардың, пән олимпиадалардың жеңімпазы атанған ауданның 150 мақтанышы шақырылып, марапатталды.

 

Жаңақала аудандық білім беру бөліміне қарасты білім ұйымдарының тізімі.

Білім ұйымының атауы атауы

Мекен-жайы

Телефоны

Электронды поштасы

Білім ұйымы басшысының аты-жөні

Жаңақала мектеп-гимназиясы

Жаңақала ауылы

22-2-92

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Қожахметова Л.Т.

М.Жүнісов ОМ

Жаңақазан ауылы

25 2 46

sosh_mjunusov

Губашева А.Ш.

Жаңақала ОМ

Жаңақала ауылы

22060, 21791

Zhangala_SOSH

Уразгалиева А.М

№3 қазақ ОМ

Жаңақала ауылы

33155

Zhangala_SOSH 3

Досмуханбетов А.Д

С.Меңдешев ОМ

Мәстексай ауылы

31922, 23582

mendeshev_ssh

Жұмағалиева Р.Р.

Д.Нұрпейісова ОМ

Көпжасар ауылы

31030, 21802

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Рахметуллина Ә.М.

М.Мирманов ОМ

Бірлік ауылы

21893, 24793

mirmanov_sosh, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Ергалиев Ж.Ғ.

Айдархан ОМ

Жаңажол ауылы

21762, 24325

Aidarhan_sosh

Қабашева Ж.Қ

Е.Орақбаев ОМ

Қызылоба ауылы

23735

Orakbaev_sosh

Сериков Т.С

Пятимар ОМ

Пятимар ауылы

24165

piatimar_sosh

Батырова Ж.С.

Карманов ОМ

Қырқопа ауылы

24650, 24535

karmanov_sosh

Танзенов Ж.Т

Х.Нұрымғалиев НМ

Жуалыой ауылы

50069

nurumgali_osh

Садыр.Қ.Ж.

Абай НМ

Сарыкөл ауылы

50068

abay_sosh

Жумагулова Ж.М

Ә.Жангелдин НМ

Мұқыр ауылы

31982

zhangeldin_osh

Абжалелова Ф.Ғ.

Аққұс БМ

Аққұс ауылы

21 7 73

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Аспенова Д.У.

 

 

 

 

 

Саралжын БМ

Саралжын ауылы

21 8 20

Saralzhyn_nsh

Бижанова К.А

Ақбалшық БМ

Ақбалшық ауылы

22 1 72

Akbal_scool

Борашева Б.Ж

Айтпай БМ

Айтпай ауылы

23 7 14

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Куспанова М.Б

Жангелді БМ

Жангелді ауылы

24 7 49

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Абилхайырова А.М

Борық БМ

Борық ауылы

22 2 50

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Толешова С.К

Плантация БМ

Плантация ауылы

 

Plantasia_nsh

Байтақова А.Б.

Кіші Айдархан БМ

Кіші Айдархан ауылы

22 1 98

nsh_aidarhan

Қайырлиева Г.Қ

Қ.Жантілеуов атындағы саз мектебі

Жаңақала ауылы

22399

 

Ихсан Н.С

Мектептен тыс жұмыс орталығы

Жаңақала ауылы

22010

 

Сүлейменова Ғ.Б.

Туризм және экология орталығы

Жаңақала ауылы

21982

 

Есмагулов А.Б.

№1"Айгөлек" МДҰ

Жаңақазан ауылы

25297

 

Сисекешова Э.С

№2 "Алтын сақа" МДҰ

Мәстексай ауылы

50146

 

Лепесова Б.Н

№3 "Бөбек" МДҰ

Жаңақала ауылы

21799

 

Есенғалиева Б.Т.

№4"Көпжасар" МДҰ

Көпжасар ауылы

31438

 

Пралиева Ә.Ж

№5 "Жеткіншек" МДҰ

Бірлік ауылы

31435

 

Ерғалиева Ш.К

№6 «Жауқазын» МДҰ

Жаңақала ауылы

21588

 

Жұмагелдина К.Е.

№7 «Балбөбек» МДҰ

Жаңақала ауылы

21125

 

Әкімғалиева Ф.Ф.