«Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мекеменің толық атауы, пошталық мекен-жайы: «Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесБатыс қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, жаңақала ауылы, 090400, Мәншүк Мәметова көшесі, 4 ғимарат

Электрондық  мекенжай: zhangalarok@mail. ru

Телефон:  8(71141)-21844 (қабылдау бөлімі)

                   8(71141)-21720 (факс)                                     

                   8(71141)-21731 (факс)                                                                                                      

                   8(71141)-21870

Бөлім басшысы -  Еслямгалиева Акнурлы Нургалиевна

1979 жылдың 9 қыркүйегінде Жаңақала ауылында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі жоғары. 2000 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірді.

2000-2001 жылдары Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхананың оқу залы бөлімінің кітапханашысы, 2005-2007 жылдар аралығында осы бөлімнің меңгерушісі, 2007-2010 жылдары аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің әдістеме бөлімінің меңгерушісі, 2010-2011 жылдары аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры болып жұмыс жасады.

2011 жылдың қыркүйек айынан бастап  күні бүгінге дейін аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.

 

Мекемнің құзыреті: ауданда мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты жүргізуде мемлекеттік басқару қызметін іске асыру.

Мекеменің құзыретін, міндеттері мен функцияларын айқындайтын заңдар, нормативтік-құқықтық актілер тізбесі:

    Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, 2006 жылғы 15 желтоқсандағы №207 «ҚР Мәдениет туралы»,  2006 жылғы     4 қарашадағы N 184"ҚР әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы,  1997 ж. 11 шілдедегі № 151-I  «ҚР Мемлекеттік тіл туралы», 1999 жылғы                                  2 желтоқсандағы № 490-І  «ҚР Дене шынықтыру және спорт туралы»Заңдарын, Қазақстан Республикасының "Неке және  отбасы"  туралы Кодексі, «Азаматтық  хал  актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру,  азаматтық  хал актілерінің  жазбаларына  өзгерістер енгізу,  қалпына  келтіріру,  күшін  жою  тәртібі»  қағидасын басшылыққа  ала отырып  жүйелі түрде жұмыс жасап келеді.

 

Мекеме ұсынатын мемлекеттік қызметтер тізбесі:

Екінші және үшінші разрядттар, бірінші, екінші және үшінші жасөспірімдік разрядтар,біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі спорттық разрядттары мен санаттарын беру.

Ахат қызметі бойынша азаматтарға ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің талаптарына сәйкес, туу, қайтыс болу, неке қию(ерлі-зайыпты болу), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, бала асырап алу, әке (ана) болуды анықтау, атын, әкесінің атын және тегін өзгерту, қайталама куәліктер және мұрағаттық анықтамалар беру, азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіру бойынша 9 түрлі мемлекеттік қызмет ұсынылады. Басты міндет-халыққа уақытылы әрі сапалы қызмет көрсету.

 

Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөліміне бағынысты 3 мекеме бар:

«Жаңақала аудандық  мәдени-демалыс орталығы»  мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорны;

«Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесі;

 «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

Ауданда 9 мәдениет үйі, 5 ауылдық клубы, 1 аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі, 1 аудандық балалар кітапханасы, 3 ауылдық балалар кітапханасы, 8 ауылдық кітапхана, 12 бөлімше кітапханалары, 1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі  жумыс жасайды.

 

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (Ссылка)

Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (Ссылка)