Аудан әкімінің 2001 жылғы 
21 қараша №64 
шешімімен бекітілген.

 
Жаңақала ауданы әкімі аппараты туралы 
ЕРЕЖЕ


1.    Жалпы ережелер.

1. Жаңақала аудан әкімінің аппараты аудан әкімінің қызметін ұйымдастыру, құқықтық, ақпараттық- талдау, консультативтік және материалдық- техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
2.Аудан әкімінің аппараты өзінің қызметін Қазақстан Республикасы Конститутциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы  Президентінің, Үкіметінің актілеріне, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдеріне, аудан әкімі аппаратының жұмыс регламентіне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3.Аудан әкімінің апараты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы белгіленген мөрі, мемлекеттік тілде атауы жазылған мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері бар заңды тұлға болып саналады.
4.Аудан әкімінің аппараты туралы Ережені, сондай-ақ оның құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген шегінде аудан әкімі бекітеді.
5.Аудан әкімі аппараты аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
6.Мекен жайы: - Жаңақала Жаңақала селосы, Халықтар достығы көшесі, 44 үйде орналасқан.

2.Аудан әкімі аппаратының қызметі, негізгі міндеттері мен құқықтары.
5. Аудан әкімің аппараты заңдарға сәйкес төмендегідей қызметтерді жүзеге асырыды:
1) Аудан әкімі аппаратының жұмыс регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
2) Президенттің Қазақстанның мемлекеттігін нығайту жөніндегі саясатын дәйектілікпен жүзеге асыру, экономикалық реформаны іске асыру, оны жүзеге асырудың тактикасы мен тетіктерін айқындау, ауданның халық шаруашылығы кешенінің болашақтағы дамуы мен жағдайына, әлеуметтік мәдени салаға талдау жасау, тиісті болжамдар әзірлеу, маңызды проблемаларды және оны шешу жөнінде ұсыныстар әзірлейді; 
3) заңдылық пен құқық тәртібін сақтауды, басқару органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдар мен азаматтардың конститутциялық құқықтар мен міндеттерді орындауына бақылау жасауды, мемлекеттік және еңбек тәртібін нығайту жөнінде шаралар жасауды, халықты әлеуметтік және құқықтық жағынан қорғаудың тиімді тетіктерін әзірлеуді қамтамасыз етеді; 
4) барлық деңгейдегі атқарушы органдардан аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін сапалы әзірлеу үшін ақпараттарды, әлеуметтік-экономикалық саясатты қалыптастыратын бағдарламалар жобаларын, тапсырмалар мен болжамдарды дер кезінде алады, мұндай құжаттарды әзірлеуге және сараптауға қатысады;
5) Қазақстан Республикасы заңдарының, Президент пен Үкімет актілерінің, әкімият қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын 
ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, оның бөлімдер, басқа да жергілікті өкімет органдары мен ұйымдары тарапынан орындалуын бақылайды;
6) ауданның сыртқы экономикалық байланысын кеңейту мәселесі бойынша ұсыныстар әзірлейді, мұндай байланыстарды практикалық тұрғыдан іске асыру үшін шаралар әзірлейді және оның орындалуын бақылайды, көршілес аудандардың шекаралас аймақтарымен ынтымақтастық жөніндегі жұмыстарды үйлестіріп отырады;
7) әкімият мәжілістерінде қарау үшін мәселелерді зерттейді және материалдар әзірлейді;
8) әкімияттың мәжілістерін, әкім және оның орынбасарлары өткізетін басқа да шараларды ақпараттық аналитикалық, құқықтық, ұйымдастыратын, материялдық- техникалық жағынан қамтамасыз етеді;
9) аудан әкімі аппараты қызметін құжаттармен қамтамасыз етеді, қызметтік құжаттарды, хаттар мен арыздарды қарайды, азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады, құжаттар айналысын талдайды, іс- қағаздарын жүргізуді жетілдіреді, мемлекеттік тілдің қызмет етуін қамтамасыз етеді;
10) бұқаралық ақпарат құралдарында аудан әкімі аппаратының қызметін жариялайды, олармен өзара байланысты ұйымдастырады, Президент және Үкімет жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты түсіндіреді;
11) аудан әкімі тағайындайтын лауазымдар тізіміне енетін кадрлардың қозғалысына, сапалық құрамына талдау жүргізеді.
6. Аудан әкімі аппараты өзінің қызметін жүзеге асыру үшін құзыреті шегінде мыналарға құқығы бар:
1) жергілікті атқару органдарынан, құрылымдық бөлімдерден қажетті ақпараттар алады, сондай-ақ оларға орындауға міндетті тапсырмалар береді;
2) меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан қажетті ақпараттар, құжаттар, басқа да материалдар, аудан әкім аппаратының құзыретіне қатысты мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түсініктемелер сұратып алады;
3) мемлекеттік органдар қарамағында бар ақпараттық мәліметтер банкін пайдаланады;
4) аудан әкімінің аппараты жүргізуге қатысты мәселе жөнінде мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен қызметтік хат-хабар алмасады;
5) Президент актілерінің, Үкімет қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына тексеру жүргізеді, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар алады;
6) аудан әкіміне облыстық бағыныстағы бөлімдердің басшы кадрлар корпусын, аудан әкіміне ведомстволық қарасты басқа да кадрларды қызметтен босату, сондай-ақ оларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
7) аудан әкімиятының мәжілістеріне, сондай-ақ бөлімдердің, ауылдық округ әкімдерінің мәжілістеріне қатысады;
8) аудан әкімінің және оның орынбасарларының тапсырмасы бойынша аудандық бөлімдердің, ауылдық округ әкімдері аппараттары қызметкерлерін әкім аппаратының құзыретіне қатысты мәселелерді шешуге қатысуға тартады.
7. Аудан әкім аппаратының мемлекеттік органдардан қажетті материалдарды,    
хабарларды табыс ету жөніндегі талабы, егер оның орындалуының басқа мерзімі белгіленбесе, ол заңда белгіленген мерзімде орындалуға жатады.
8. Аудан әкімі аппаратын аппарат басшысы басқарады, оны аудан әкімі заңда белгіленген тәртіппен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
9. Аппарат басшысы төмендегідей негізгі қызметтерді орындайды
1) аудан әкімінің бекітуіне аппарат туралы Ережені ұсынады;
2) аудан әкіміне аппараттың штаттық кестесі және аппарат  қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына үстемақы туралы ұсыныс енгізеді;
3) жалпы басшылықты және бөлімдер мен аппараттың басқа да құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіріп отыруды жүзеге асырады;
4) аппараттың ішкі еңбек тәртібі ережесін бекітеді;
5) аппараттың шығыстар сметасын бекітеді және белгіленген смета шегінде ақша қаражатына иелік етеді;
6) аппарат бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулықты бекітеді;
7) әкімияттың мәжілісін өткізу кезінде ұйымдастыру, құқықтық, консультативтік, материалдық- техникалық әзірлікті қамтамасыз етеді;
8) аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларына, әкімият мәжілісінің хаттамаларына бұрыштама қояды;
9) аудан әкімі шешімдерінің, өкімдерінің жобаларын әзірлеу кезінде туындаған келіспеушіліктерді жою үшін кеңес ұйымдастырады;
10) аудан әкімінің қол қоюына шешімдердің және өкімдердің жобаларын ұсынады;
11) аудан әкімі аппаратының облыс әкімі аппаратымен, облыстық комитеттер, басқармалармен, жергілікті өкілді және атқарушы органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және халықпен өзара байланысын ұйымдастырады;
12) Президент актілерінің, Үкімет, акімият қаулыларының, облыс, аудан әкімі шешімдерінің, өкімдер мен тапсырмаларының, оның орынбасарларының тапсырмаларының орындалуын бақылау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады, оның орындалу барысы туралы аудан әкіміне жүйелі түрде хабарлап отырады;
13) аудан әкіміне жергілікті басқару органдарының қызметін бағалау және олардың құрылымын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
14) аудан әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет туралы заңның орындалуын бақылайды;
15) қазіргі заңдарға сәйкес кадр саясатын іске асыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, аудан әкімінің қарауына бөлім басшылары мен жауапты қызметкерлерді қызметке тағайындау және босату туралы, оларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс береді;
16) аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімдері туралы ережені дайындайды, оның қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулығын бекітеді;
17) аудан әкімі аппаратының құзыреті шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;
18) басшылық жүктеген басқа да қызметтерді орындайды.
10. Аудан әкімі аппараты басшысының мыналарға:
1) әкімияттың қарауына ұсынылатын мәселелерді әзірлеу және келісу жөнінде бөлімдерге, ауылдық округ әкімдеріне нұсқаулар беруге;
2) әкімияттың қаулысын әзірлеу жөнінде бөлімдердің, ауылдық округ әкімдерінің жұмысын үйлестіріп отыруға;
3) бөлімдерден, ұйымдардан, ауылдық округ әкімдерінен Президент актілерінің, Үкімет шешімдерінің, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуы туралы қажетті материалдарды, ақпараттарды сұратуға және оларға орындауға міндетті тапсырмалар беруге;
4) бөлімдердің, ауылдық округ әкімдерінің, шаруашылық субъектілерінің тиісті жылдың аудандық бюджетінде қаралмаған қосымша қаржыландыру немесе айрықша жеңілдіктер беру мәселелері жөніндегі өтініштерін тіркеусіз кері қайтаруға;
5) аудан әкімі мен әкім аппаратының қызметін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде ұйымдармен шарттар жасасуға;
6) аудан әкімі аппаратының техникалық қызметкерлерін қызметке заңда белгіленген тәртіпте қабылдауға және босатуға құқығы бар.
11. Аудан әкімі аппаратына жүктелген міндеттерді орындау үшін оның құрамында бөлімдер мен басқа да құрылымдық бөлімшелер құрылады. 
12. Аппараттың бөлімдері және құрылымдық бөлімшелер осы Ережеге, сондай-ақ әкім бекіткен бөлімдер мен басқа да құрылымдық бөлімшелері туралы ережеге сәйкес негізде әрекет етеді.
Әкімият қаулыларының, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдері жобаларын әзірлеу үшін өзінің құзыретіне сәйкес немесе аудан әкімі аппараты басшысының тапсырмасы бойынша бөлімдердің мамандары жауапты болып табылады.
13. Бөлімдердің меңгерушілерін, бас және жетекші мамандарды заңда белгіленген тәртіпте аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
14. Бөлімдердің меңгерушілері және басқа да құрылымдық бөлімшелердің басшылары бөлімге және бөлімшелерге жүктелген міндеттердің орындалуы үшін береді. Заңдардың, Президент актілерінің, Үкімет қаулыларының, әкімият қаулыларының, облыс, аудан әкімдері шешімдері мен өкімдерінің дер кезінде және толық орындайды, қызметкерлерді тағайындау, ауыстыру және босату туралы ұсыныстар енгізеді, қызметкерлер арасында міндеттерді бөледі, еңбек тәртібін қамтамасыз етеді, сонымен бірге аппараттағы күші бар нұсқаулықтарға сәйкес іс қағаздарының дұрыс жүргізілуіне жауап береді.
Жауапты қызметкерлердің өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде мыналарға құқығы бар:
1) әкімияттың мәжілістеріне, жергілікті атқарушы органдар өткізетін шараларға қатысуға;
2) жергілікті атқарушы органдар аппараты қызметкерлерін, кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер өкілдерін аппарат қызметі аясында туындаған мәселелерді қарауға қатысуға тартуға, олардан заңдардың, жарлықтардың және үкіметтің шешімдердің орындалуы жөнінде қажетті ақпараттар, ұсыныстар мен тұжырымдамалар сұратуға;
3) қойылған талаптарға жауап бермейтін нормативтік құжаттар жобаларын жетілдіруге кері қайтару туралы басшылыққа белгіленген тәртіпте ұсыныс жасауға;
4) аппарат басшысының  және ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің тапсырмасы бойынша аудан әкімі аппараты құзыреті шегінде басқа да қажетті өкілдіктерді жүзеге асыруға.
15. Осы Ережеден туындайтын мәселелерді әзірлеудің және қараудың тәртібін аудан әкімі аппаратының басшысы реттеп отырады.
16. «Аудан әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған оперативті басқару құқығына сәйкес тиесілі және ол коммуналдық меншікке жатады.
17. «Аудан әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімі шешімімен қайта құрылады немесе жойылады.



Аудан әкімі
аппаратының басшысы                                               С.Қажғали