Аудан әкімі аппаратында аудан әкімімен барлығы 16 мемлекеттік қызметкер, соның ішінде екі аудан әкімінің орынбасары, аппарат басшысы, ұйымдастыру және бақылау бөлімі, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) және құқықтық жұмыстар бөлімі, құжаттамалық қамту және қаржылық шаруашылық жұмыстары бөлімі және тоғыз бас маман жұмыс істейді.

Аудан әкімдігінің дербес бөлімдері: экономика және қаржы, ішкі саясат, білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы, ветеринария, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жер қатынастар бөлімдері.

Бүгінгі таңда аудан әкімі аппаратында 16, ауылдық округ әкімі аппараттарында 49 және дербес бөлімдерде 45 барлығы 110 мемлекеттік қызметкер жұмыс атқаруда.