Қарағойшин Науырызбай Қадырбайұлы, 1960 жылғы 22 қарашада Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Ұялы ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1986 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын «зооинженер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1978 жылы Жаңақала ауданы Айдархан совхозының «Арай» комсомол-жастар бригадасының көмекші шопаны қызметінен бастаған.

1979 - 1981 жж. КСРО Қарулы күштері қатарында Челябинск қаласында әскери борышын өтеген.

1986 - 1987 жж. Жаңақала ауданы Айдархан совхозының аға зоотехнигі.

1987 - 1989 жж. Қазақстан ЛКЖО Жаңақала аудандық комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі.

1989 - 1990 жж. Қазақстан КОКП Жаңақала аудандық комитеті ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы.

1990 - 1992 жж. Жаңақала ауданы Мәштексай жұмысшы кооперативінің басқарма төрағасы.

1992 - 1993 жж. Жаңақала ауданы Айдархан совхозының бас зоотехнигі.

1993 - 1997 жж. Жаңақала ауданы С.Меңдешов атындағы ауыл шаруашылық кәсіпорнының директоры.

1997 - 2003 жж. Жаңақала ауданы «С.Меңдешов» ЖШС-нің директоры.

2003 ж. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы.

2003 - 2010 жж. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары.

2010 - 2013 жж. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының әкімі.

2013 - 2016 жж. Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары.

2016 -2017 жж.. Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының әкімі.

2017 жылдың шілде айынан бастап Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының әкімі.