«Жаңақала ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы (pdf, 2,3 Mb)

 


2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шақкандағы қаржыландыру және ата - ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы (pdf, 867 Kb)

 


Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз калған, білім беруұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмыска орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы (pdf, 904 Kb)


ЖОБА

 

 

Жиналыстар, митингілер, шерулер,

пикеттер және демонстрацияларды

өткізуді реттеу туралы

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 10-бабы және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізуді реттеу бойынша белгіленген қосымша бекітілсін

2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қосымша

 

Сессия  төрағасы                                Ж.Мұханов 

Мәслихат  хатшысы                          З.Сисенғали

 


Жаңақала ауданы әкімдігінің

2014 жылғы «15» сәуірдегі  №102

қаулысы 

  

Жаңақала аудандық кәсіпкерлік

бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы

Ережені бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару  және  өзін-өзі  басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының  2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына жәнеҚазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органыныңүлгі ережесін бекіту туралы»  № 410 Жарлығына сәйкес аудан  әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Қоса беріліп отырған «Жаңақала аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

2.«Жаңақала аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімінің міндетін

атқарушы                                                             Д.Закарин

 


Жаңақала ауданы әкімінің

2014  жылғы  17  наурыздағы

№ 3  шешімі

 

Жаңақала ауданы аумағында сайлау

учаскелерін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Жаңақала аудандық сайлау комиссиясының келісімі бойынша,  аудан әкімі  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.  Жаңақала ауданы аумағында сайлау учаскелері қосымшаға сәйкес құрылсын.

2. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы сайлаушыларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарландырылсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауданы әкімінің орынбасары Б.Саматовқа жүктелсін.

4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі                                                  Л.Хайретдинов 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Жаңақала аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы

 

________________ М.Т.Жумалиев

17.03.2014 ж. 


06.02.2014 жыл № 37

 

 

Жаңақала  ауданы  бойынша

2014  жылы қоғамдық жұмыстарды

ұйымдастыру және қаржыландыру

туралы 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын, Жаңақала аудандық мәслихатының 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 27-3 «Жаңақала ауданының 2011-2015 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасын бекіту туралы» шешімін               басшылыққа  алып  және жұмыс берушілердің өтінімдерін ескере отырып, аудан әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жаңақала ауданында 2014 жылы қоғамдық жұмыстар жұмыссыздарға әдейі арналған уақытша жұмыс орындарын ашу жолымен ұйымдастырылсын.

2.  Қоса беріліп отырған Жаңақала ауданы бойынша  қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін мөлшерлері және оларды қаржыландыру көздері бекітілсін және қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалсын.

3. Жаңақала ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 21 ақпандағы № 61 «Жаңақала ауданы бойынша 2013 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» қаулының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3220, 2013 жылғы 1 мамырдағы «Жаңарған өңір» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                      Л.Р.Хайретдинов

 

 

Мұрағат