2017 жылдың 1 қантар Жаңақала ауданының  ТӨЛҚҰЖАТЫ

Жаңақала ауданы Батыс Қазақстан облысының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Аудан аумағы батыстан шығысқа қарай - 120 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай - 208 км. Аудан облыстың үш ауданымен және Атырау облысының бір ауданымен  шекаралас жатыр: Ақжайық ауданы, Казталов ауданы, Бөкейорда ауданы және Индер ауданы, олармен автомобиль транспарттарымен байланысты.

Аудан шекарасының жалпы ұзындығы 632 км құрайды.

 

1 -сурет. Батыс қазақстан облысының картасы.

 

Мәлімет көзі: Батыс Қазақстан облысының статистика департаменті, Интернет-қор: www.batys.stat.kz

Аудан аумағы 20,8 мың шаршы шақырым немесе облыс аумағының 13,75%-ын құрайды. Аудан халқының саны 2017 жылдың 1 қаңтарына  ағымдағы есеп бойынша 24,3 мың адамды немесе облыс халқының 4,1%-ын құрайды. 1 шаршы метр аумаққа халық тығыздығы орташа есеппен облыс бойынша 1,16 адамды құрайды

Ауданның әкімшілік - аумақтық бөлімі 9 ауылдық округті, 27 ауылды құрайды. Аудан орталығы - Жаңақала ауылы. Аудан орталығы мен Орал қаласымен арақашықтығы 252 км.

Ауданның негізгі табиғи су ресурстарына Көшім, Үлкен және кіші Өзен өзендері болып табылады.