Жаңақала ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған іс-шара жоспары


«Жаңақала  аудандық ауыл шаруашылық және жер қатынастары  бөлімі» ММ

Бөлім басшысы - Бекқалиева Светлана Сарсенбайқызы

Байланыс мәліметтері:
Мекен-жайы: Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала  ауданы, Жаңақала ауылы, Халықтар Достығы көшесі, №44үй.
Байланыс телефоны: 8 (71141) 21 7 58
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Азаматтарды қабылдау кестесі:

Аты-жөні, әкесінің аты

Лауазымы

Қабылдау күні және уақыты

Мекен-жайы

Байланыс телефоны

1

Бекқалиева Светлана Сарсенбайқызы

бөлім басшысы

Дүйсенбі-Жұма күндері

сағ.900 - 1800

Халықтар Достығы көшесі, №44

8 (71141)

21 7 58

 

Бөлім қызметкерлері:

«Жаңақала аудандық ауыл шаруашылық және жер қатынастары  бөлімі» ММ қызметкерлерінің тізімі

Аты-жөні, әкесінің аты

Лауазымы

Байланыс телефоны

1

Бекқалиева Светлана Сарсенбайқызы

Басшы

8/71141/21758

2

Үмбетов Талғат Тлеубайұлы

Бас маман

8/71141/21892

3

Койбагаров Жұмагелді

Бас маман

8/71141/21892

4

Жұмасалихов Әзілхан Талапұлы

Бас маман

8/71141/22007

5

Талапова Жангүл Талапқызы

Бас маман

8/71141/40008

 

Негізгі міндеттері:

1. Ауылшаруашылық саласында қабылданған мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен насихаттап, жүзеге асыру үшін семинар кеңестер ұйымдастыру.

2. "Агробизнес 2020" салалық бағдарламасы шеңберінде инвестициялық субсидияны ауданның тауарөндірушілерімен бірлесіп көбірек игеруге жұмыстану, жаңа бағдарламалар  әзірлеу, инвестициялық субсидия тарту.

3. Нәтиежелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған" бағдарламасына сәйкес жұмыссыздықты азайту мақсатында тұрғындар арасында жеке қосалқы шаруашылық дамытуды ұйымдастыру және ауыл шаруашылық өндірістік  кооперативін (АӨК) барлық округтарда құрып, мүшелер санын көбейту арқылы аналық мал басының санын арттыру, мемлекеттік бағдарламаларға қатыстыру.

4. "Казагро" ұйымдары арқылы берілетін несиені ауданға көбірек тарту және түрлі қаржылық институттарынан лизинг арқылы немесе өз қаржысына алынатын техникалардың санын көбейту.

5. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын насихаттап түсіндіру.

6. Шартты мал басының санын ұйымдасқан шаруашылықтардағы үлесін 70 %-ға жеткізу.

7. Шебер жоспарлар шеңберінде жаңадан асыл тұқымды шаруашылықтар (репродукторлар) желісін құруды  көбейту,

8. Ірі қара, кой малдарының аналығын көбейтіп, оларды  ақпараттық талдау жүйесіне тіркетіп, селекциялық жұмыстарға қатысатын  тауарөндірушілердің  санын көбейту арқылы  Үкімет тарапынан беріліп жатырған  көмекқаржыны  (субсидия) аудан көлемінде көбірек тарту.

9. Отаралы мал шаруашылығын дамыту мақсатында Нарын, Қамыс - Самар өңірін игеру үшін Көшім, Сары Өзен, Қара Өзен арқылы келетін суды мүмкіндігіне қарай молырақ алу, құм өңірін игеру.

10. Мал азығының берік қорын жасақтау мақсатында көл табандарға су алуды өз дәрежесінде ұйымдастыру және  ауыл шаруашылық құрылымдарына жыл сайын су тапшылығына байланысты  көп жылдық шөп егу жұмыстарын жүргізу.

11. Мақсатты пайдаланбай жатқан ШҚ  жерлерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жүргізу.

12. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану көрсеткішін  75 %-ға жеткізу.

13.Тракторларды  және  олардың  базасында жасалған  өздігінен жүретін шассилер  мен механизмдерді,   өздігінен   жүретін ауыл  шаруашылығы, мелиоративтік   және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды  мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік тіркеу нөмірлері  мен тіркеу құжаттарын беру жұмыстарын атқарады.

14. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды сенімхатпен жүргізетін адамдарды тіркейді.

15. Тракторларды  және  олардың  базасында жасалған  өздігінен жүретін шассилер  мен механизмдерді,   өздігінен   жүретін ауыл  шаруашылығы, мелиоративтік   және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды  жүргізу құқығына емтихандар қабылдап тракторист-машинист куәліктерін береді.

16.Тракторларды  және  олардың  базасында жасалған  өздігінен жүретін шассилер  мен механизмдерді,   өздігінен   жүретін ауыл  шаруашылығы, мелиоративтік   және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды кепілге тіркеу және кепіл куәліктерін береді.

17. Заңды және жеке тұлғалардың иелігіндегі тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы техникалық байқаудан өткізеді.

18.Тіркелген техникалардың  кепілдікке қойылғаны немесе кепілдікте жоқ екені туралы анықтама беру.

 

 

Жаңақала ауданы бойынша 2016 жылы ауыл шаруашылығы саласындағы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат


2017 жылдың  1 қаңтарына ірі қара малы 48600 бас, соның ішінде аналық мал басы 23706 бас, қой мен ешкі саны 166473 бас, соның ішінде аналығы 117194 бас, жылқы 18853 бас, аналығы 9234 бас, түйе 871 бас, аналығы 427 бас.

Ауданда  477 ауыл шаруашылығы құрылымдары тіркелген. Осы шаруашылықтар 1,4 млн.га ауыл шаруашылығы жер көлемінің 66 % пайдаланып  отыр. 2015 жылы ауданда 20 асыл тұқымды шаруашылық болса, өткен жылы 5 шаруашылық құрылып, 25 шаруашылық болды. Облыс бойынша асыл тұқымды ірі қара малының үлесі 5,7% болса, аудан бойынша 6%, қой облыс бойынша 2,9 % болса, аудан бойынша 12%, жылқы облыс бойынша 5,7 % болса, аудан бойынша 8,5%.  Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға арналған субсидия алуға 190 шаруашылық қатысып, барлығы 364 млн.теңге субсидия, бұның сыртында 114 млн. инвестициялық субсидия алып, барлығы 478 млн.теңге субсидия алынды. Азаю себебі,  2015 жылы асыл тұқымды 723 бас  ірі қара малын сатып алып 111324 млн.теңге субсидия алса , 2016 жылы 364 басқа 56,056 млн.теңге яғни, өткен жылға қарағанда 55,268 млн.теңге кем алып отырмыз.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасының»  2017 жылдың 1 сәуіріне берілген жоспарына сәйкес 22 қосалқы шаруашылық құрылып, 40,0 млн.теңге көлемінде несие төлену қажет болатын. Бүгінгі күнге дейін аудан бойынша 24 қосалқы шаруашылық құрылып, 67,850  млн.теңге несие алынды. Күні бүгінге  34 үміткер 110,50 млн теңгеге несие алу үшін  ниет білдіріп отыр.

2017 жылдың 1 қаңтарына 3 АӨК құрылып тұрса, күні бүгінге қосымша 7 АӨК құрылды. Жалпы АӨК мүшелерінің саны 236.

2016 жылы аудан бойынша мал азығын дайындау жоспары  125,4 мың тонна, дайындалғаны 177,3 мың тонна,  орындалуы 141,4 %.

2016 жылы аудан бойынша тауарөндірушілер ҚазАгроҚаржы және өз қаржысы арқылы 17 трактор, 33 ауыл шаруашылығы техникалары, ал 2015 жылы 22 трактор, 28 ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды.