Жаңақазан ауылдық округ әкімінің 2014 жылдың 9 айында атқарған жұмысы жөнінде мәлімет

рисунокрисунокЖаңақазан ауылдық округінде жер көлемі 218284 гектарды алып жатыр. Халық саны 2557 адам, оның ішінде ері-1314, әйелі-1243 адамды құрайды. 2014 жылдың 9 айы ішінде 23 сәби дүниеге келсе 12 адам өмірден өтті. 2013 жылы бұл көрсеткіш 44 сәби дүниеге келсе,  қайтыс болған адамдар саны 17 болған. Ауылдық округ бойынша 523 аулада 602 отбасы тұрады.  Олардың 350-і көгілдір отын желісіне қосылған. ауылда 405 телефон нүктесі бар олардың 300-і кәбілді 105-і терминалды желілер, сонымен бірге 68 үй интернет желісіне қосылған. Кәсіпкерлік  округте жақсы дамыған  14 аралас дүкен, 1 тойхана халыққа қызмет көрсетеді.

Ауылдық округтегі қаржыландыру мәселесі: Жаңақазан ауылдық округі әкімі аппаратына жергілікті бюджет арқылы қаралған қаражаттар есебінен   ауыл орталығындағы  көшелерді жарықтандыру мақсатында 300 мың тенге қаржы қаралып, 40 дана көше лампалары орнатылды. санитария бойынша ит атуға 50 мың, мал моласының айналасын жинауға 100 мың абаттандыруға 120 мың тенге, ішкі жолдарды реттеуге 200 мың, ауылдық округті техникалық су мен қамтамасызетуге 200 мың қаражат бөлініп аталған қаржылар толық игерілді. Көктемдегі жарияланған сенбіліктер кезінде де тазалық жұмыстары жүргізіліп, ауыл бойынша 4400 тонна күл-қоқыс шығарылып, 500 ағаш көшеттері отырғызылды. Ауыл іргесіндегі «Айдын» көлі, көшелер, зираттар маңы үнемі тазартылып отырады. Сонғы сенбілік 20 қыркүйек күні өтіп, 12 тонна күл-қоқыс шығарылды.

рисунок

Биылғы жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша қаралған 2,680 мың қаржыға ауылдағы көп жылдардан шығарылмай қалған иесіз күл-қоқыстар мен ескі үй үйінділері шығарылды.  Саябақ салуға 900 мың тенге қаралып ауылдың шығысжақ бетіне жаңа саябақ орнатылды. Жуалыой ауылына балалар ойын алаңын салуға 398 мың көпірлерді ағымдағы жөндеуге 1,100 мың тенге қаралып игерілді.

рисунок рисунок

Ауылшаруашылығы саласы: 

Округте күні бүгін шаруа қожалықтары мен тұрғындардың жеке иеліктеріндегі малды қоса есептегенде 5998 бас ірі қара, 20320 бас қой - ешкі, жылқы - 1399, түйе -145 басты құрап отыр. Өткен жылмен салыстырғанда МІҚ 1354 басқа, қой-ешкі 5778 басқа, жылқы 117 басқа, өсіп отыр. Мал сапасын артыруда ірі қара малын қолдан ұрықтандыру бағытында мал дәрігерлік кешенінде арнайы маман жұмыстануда. Биылғы жылдың 9 айында 301 бас осы қосын арқылы ұрықтандырылды. Шаруа қожалықтарының малын асылдандыру бағытында 26 бас  асыл тұқымды бұқалар, 45 бас қошқар, 1 бас жылқы  сатып алынды.

рисунок рисунок

Биылғы жылы субсидия алатын шаруа қожалықтарының мал басын сәйкестендіру жұмыстары жүргізіліп 25 шаруа қожалығынан 1089 бас аналық МІҚ тіркелді. Ауылшаруашылық саласын қолдауға арналған түрлі бағдарламал арқылы шаруа қожалықтар көптеп несие алып мал басын көбейтуде атап көрсетер болсақ 4 шаруа қожалығы «Жаңақала несие» арқылы 27 милион 500 мың тенге,  «Мурабах» арқылы 2 адам 6 милион тенгеге 2 ГАЗель автокөліктерін алды. Сонғы кездері Шаруа қожалықтарының техникалық паркі жаңарып келеді тек 2013 жылы 8 жаңа трактор, 3 рулон орағыш алынса, 2014 жылдың 9 айында 2 МТЗ-82, 1 рулон орағыш,  2 шөп шабу агрегаты алынса, жыл соңына дейін лизинг арқылы тағыда 2 ш/қ  МТЗ-82 тракторын аладыдеп күтілуде. Ауылдық округіндегі жеке тұрғындар мен шаруа қожалықтарының малдарына ветерирнарлық іс - шаралар белгіленген жоспар бойынша атқарылуда.  Қан алу, түрлі ауруларға қарсы екпе жұмыстары, сырғалау, т. б жұмыстар тиісті денгейде өтіп жатыр.

рисунок рисунок

 Кәсіпкерлік және жұмыспен қамту саласы

Кәсіпкерлік және жұмыспен қамту, әлеуметтік саласы Шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және оларды әлеуметтік серіктестік жұмыстарға тарту бағытында жүйелі жұмыстар жасалынуда. 2014 жылы 5 адам үкіметтің шағын кәсіпкерлікті дамыту 2020 бағдарламасы бойынша барлығы 5 милион 950 мың тенге несие алып малдану бағытында жұмыстануда.

Ауылда табысы күн көріс деңгейінен төмен отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетілуде. Жыл басында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын 16 отбасы болса, 9 ай ішінде түрлі себептермен 2 отбасы шығарылды. Шығарылу себебі 1 тұрақты жұмыс орнына жолданса екіншісі табыс көзі асып кетуіне байланысты шығарылды. Ауылдық округ бойынша 9 ай ішінде 112 -отбасына балаларға арналған жәрдемақы тағайындалған. Жұмыспен қамту орталығына 89-адам жолығып, 13-адам тұрақты және маусымдық жұмысқа орналасты, 89-адам ақылы қоғамдық жұмысқа жолданды. 1 адам жастар практикасы бойынша тәжрибеден өтті. Сонымен бірге көршілес әскери бөлімге 15 адам тұрақты жұмысқа алынды.