Ауыл халқының билікке араласар тұсы – көпшілік жиналыс. Осы жерде елдің де, жеке бастың да мұңы қозғалады, мұқтажы түгенделеді.

«Тазалық – саулық негізі, саулық байлық негізі» демекші, тазалық туралы сөз қозғар болсақ, қоғам тазалығы, тіл, ар-ождан тазалығы, жеке бастың және қоршаған ортаның тазалығы осылай тізбектеле береді. Бұлардың әрқайсысы өзінше әңгіме етерлік тақырыптар. Алайда, өмір сүрер ортамыздың тазалығын сақтау айтарлықтай маңызды екендігі рас.

Қадыр орталығында әр бейсенбіде өтетін «Елеулі есімдер» жобасының кезекті қонағы – Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын Закария Сисенғали болды. Қасиетті Қамыс-Самар, жаңарған Жаңақаланың төл перзенті, есімі елге танымал ақын өзі тебірене жырлаған Жайық жұртымен кездесті.

Мәстексай ауылы – өнерімен есімі дүйім елге танылған, дарабоз дарындар мен табиғи таланттар дүниеге келген өлке. Кең пейілді, қонақжай ауыл халқының өнер адамдарына деген құрметі де ерекше. Біз көрген керемет кеш те соның бір дәлелі.

7 сәуір күні аудан тұрғындары Дүниежүзілік денсаулық күнін атап өтті. «Сау болу – сәнді!» ұранымен өткен денсаулық күні ауыл тұрғындарының көпшілік жүгруімен басталды. Бұл күні салауатты өмір салтын қолдау мақсатында жүгіру үшін Жаңақала колледжі ғимаратының қасына жиналған халықтың қарасы көп болды.

Ағымдағы жылдың 2-3 сәуірі күндері Жаңақала ауданында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетіне қарасты Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының ұйымдастыруымен нодулярлы дерматит ауруына қарсы республикалық оқу-жаттығу тренингі өтті.

Жаңақала аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Еділ Мамаевтың мәлімдеуінше өткен сейсенбі, бейсенбі күндері күн райының күрт жылынып, қалың қардың тез еруінен аудан орталығындағы 4 үйге су басу қаупі төнген. Алайда, осы қауіптің алдын алуға әзір төтеншеліктердің дер кезінде әрекет етуіне орай қауіп сейіліп, тұрғындарға көмек көрсетілді.