Әкімдер есеп беруінің қоғамдық маңызы зор. Осы шаралар арқылы жергілікті басқаруды дамытуға, жалпы атқарушы органдар қызметінің халық алдындағы ашықтығы мен есептілігін арттыруға қол жеткізуге болады. Осыған орай аудан әкімі Н.Қадырбайұлы және Жаңақала ауылдық округінің әкімі А.Ахметов қаңтар айының 22-сі күні аудан орталығы болып табылатын Жаңақала ауылының тұрғындарымен кездесіп, өткен жылдың қорытынды есебін берді.

Жиын басында сөз алған ауыл әкімі 8669 тұрғыны бар ауылдық округтің 2017 жылы әлеуметтік экономикалық даму бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Ауыл әкімінің сөзіне жүгінсек ауылдық округтің халықы соңғы есептік жылмен салыстырғанда 230 адамға өскен екен. Негізгі табыс көзі мал шаруашылығы болып табылатын ауылдық округте күні бүгін 5971 бас ірі қара, 13059 бас қой мен ешкі, 2122 бас жылқы, 24 бас түйе, 944 құс бар. Өз баяндамасын ауыл шаруашылығынан бастаған А.Ахметов одан әрі ауылдық округте жүргізілген ветеринариялық шаралар, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласы, елді мекенді абаттандыру, білім беру саласы, денсаулық сақтау саласы, мәдениет және спорт саласы, қоғамдық ұйымдармен жұмыс туралы слайд арқылы жан-жақты түсіндіріп өтті. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша мінберге көтерілген аудан әкімі 2017 жылы аудан бойынша атқарылған келелі істер туралы баяндап (аудан әкімінің баяндамасын газетіміздің өткен санынан оқып біле аласыздар), алда тұрған міндеттер мен мақсаттарды тілге тиек етті.

 Аудан және ауылдық округтің халық алдында берген қорытынды есептерінен соң тұрғындардың ұсыныс-пікірлеріне кезек берілді. Ауданда атқарылып жатырған игі істерге оң баға берген зейнеткер Айтуған Шарафутдин «Ауылішілік 1 мамыр және Айтқұлов көшелері қашан жөнделер екен?» деген саулын ортаға салса, Жансұлу Қожанова өскелен ұрпақтың денелері мығым, дендері сау болулары үшін спорт алаңдарының қажеттігін мәселе қылып көтерді. Пікір айтушылардың сұрақтарына аудан әкімі толық қанды жауап беріп, жиынды қорытындылады. Есепті жиынға аранайы қатысқан аудандық соттың төрағасы С.Есжанов ауыл тұрғындарына соңғы жылдары заңға еген өзгерістер мен сандық технологияның енгізілуі және медиация туралы ақпарат берсе, табиғатты қорғау департаменттінің маманы киік аулау заң тарапынан қатаң жазалатындығын ескертіп сөз сөйледі.