2018 жылдың 22 қаңтар күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында айқындалған міндеттерді талқылауға арналған актив жиыны өтті. Аудан басшысының төрағалығымен өткен шараға ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары, ардагерлер, аудандағы зиялы қауым және қоғамдық ұйым мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынды аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин ашып, биылғы Жолдаудың ел дамуына тың қарқын беретін жаңа бағдарды ұсынып отырғанына тоқталды. Аудан басшысы өз сөзінде Мемлекет басшысы атаған 10 басымдықтың әрқайсысы аудан экономикасымен тығыз байланысты екенін айта келіп, Жолдау туындатқан міндеттерге кеңінен тоқталды. Одан әрі аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Шапихов Елбасы жолдауының маңыздылығын айтса, Жаңақала МГ директоры Л.Қожахметова білім саласына байланысты,аудандық мәслихат депутат Қ.Ешімов ауыл шаруашылығына байланысты өз ойларын ортаға салып, баяндама жасады. Сондай-ақ, аудандық мәслихат хатшысы З.Сисенғали жолдауды ел болып қолдап, Елбасының алға қойған мақсат-міндеттерін орындау үшін жұмыла еңбек ету керектігін тілге тиек етті.