Жақында аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында Жаңақала ауданының әкімі Наурызбай Қарағойшин аудандық қоғамдық кеңестің алдында есеп берді.

Облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Е.Салықов, аудандық қоғамдық кеңестің мүшелері, БАҚ өкілдері, бөлім басшылары қатысқан кеңес барысында аудан әкімі 2017 жылғы атқарылған жұмыстар және ағымдағы жылы атқарылатын бірқатар ауқымды жобаларға тоқталып өтті. Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік экономикалық даму барысы туралы хабарлады.

Мұнан кейін аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Ш.Әбуғалидың жыл ішінде атқарған жұмысы туралы баяндамасы тыңдалды.
Жиын барысында аудандық мәслихат хатшысы З.Сисенғали, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Шапихов, аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі Ә.Декартұлы сөз алып, өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. 

Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан аудан әкімі Н.Қадырбайұлының есебіне оң баға берілді.