рисунок

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен жарияланған «Жастар жылы» шеңберінде Жаңақала ауданында «Самғау» жастар коворкинг орталығы ашылды. Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов, аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин және бірқатар облыстық басқарма басшылары қатысты.

Аталмыш орталықтың жасақталуына аудандық бюджеттен қаржы қарастырылып, өткен жылдың соңында жөндеу жұмыстары аяқталған болатын. Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға арналған орталықтың ауыл жастарына берері мол. Жастар коворкинг орталығы заманауи үлгідегі компьютерлік құрал-жабдықтармен қамтылып, кең жолақты интернет желісіне қосылған. Орталық жұмысымен танысқан облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Абдоллаұлы, одан әрі жөндеуден өткізілген аудандық жастар ресурстық орталығының ғимаратында болып, жастармен кездесіп, арнайы айдар тағылған жылдың маңыздылығын атап, орталық жұмысына табыс тіледі.

рисунок

рисунок

рисунок