рисунок

Ағымдағы жылдың 15 қаңтарында басталған есеп беру жиыны Жаңақазан ауылынан соң Жаңажол ауылдық округінде жалғасты. Бұл ауылда да күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Ауыл әкімі Асылан Оразаливтің баяндамасында Жаңажол ауылдық округіндегі 2018 жылы атқарылған жұмыстар баяндалды. 

Ауыл әкімінің баяндамасын тыңдаған аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин өз баяндамасын Елбасы жолдауының маңызы мен мақсатын түсіндіруден бастап, ауданның 2018 жыл әлеуметтік-экономикалық даму барысы мен алда тұрған міндеттер туралы баяндады. Наурызбай Қадырбайұлы ұсынған шаруақожалықтарының МІҚ мен қой малын сатып алу жоспарының көрсеткіштеріне көз жүгіртсек Жаңажол ауылыдық округінің шарауалары 2018 жылы МІҚ малын сатып алу жоспарын орындай алмағанмен, қой малын сатып алуда жоспарды орындаған. Жоспар бойынша 1 шаруақожалығы 615 қой сатып алу қажет болса, жаңажолдық 4 шаруақожалығынан 1832 бас қой сатып алуға өтінім қабылданып, жоспар 298 пайызға орындалған. Сонымен қоса ауыл малдарын асылдандыру жұмысы төмен екендігін, алдағы уақытта осы мәселе бойынша жұмыстарды жандандыру қажет екендігін ауыл әкіміне ескертті.

Жиын соңында жиынға қатысқан ауыл тұрғындары өздерін мазалап жүрген сауалдарын қойып, ұсыныс пікірлерін айтты. Олардың ішінде Жексенғали Тілегенов, Жахия Қайрекешов, Шолпан Абдуәлиева сынды зейнеткерлер ауылға тұрақты дәрігердің қажет екендігін, дәрі-дәрмек жетіспей жататындығы, жедел жәрдем автокөлігінің тозығы жеткендігі туралы саулдарын жолдады. Сондай-ақ, Серік Базарбаев мектеп автокөлігінің де ескіргенін айтса, Жасбатыр Жүзжасаров көшеде оқушы балалар автокөлік айдайтындарын жеткізді. Қойылған сұрақтарға аудан басшысы толыққанды жауап қайырып, жиынды ауыл әкімі қорытындылады.

рисунок

рисунок

рисунок