рисунок

Бүгін Қызылоба ауылдық округі әкімінің және аудан әкімінің тұрғындар алдында есеп беру кездесуі өтті. Есеп беру жиналысына аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин, аудандық дербес бөлім, мекеме басшылары қатысты. 

Алдымен Қызылоба ауылдық округінің әкімі Нұржан Бердіғалиев 2018 жылғы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Ауылдық округ негізінен ауыл шаруашылығына бағытталған, соның ішінде тұрғындардың дені мал шаруашылығымен айналысады. Округ бойынша қазіргі таңда 1 ЖШС, 64 шаруа қожалығы, 20 жеке кәсіпкер жұмыс істеп тұр. 

Ауылдық округ әкімінің баяндамасы аяқталған соң аудан әкімі Н.Қарағойшин мінберге көтерілді.

Аудан басшысы Елбасы Н.Назарбаевтың өткен жылы халыққа арнаған «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты Жолдауына тоқталды. Сондай-ақ, ауданның 2018 жылғы экономикалық-әлеуметтік даму барысы және алда тұрған міндеттерін бейне слайд арқылы кеңінен баяндап берді. 

Жиында ауыл ақсақалдары мен тұрғындары әкім есебіне оң бағаларын беріп, ауылдағы бірқатар мәселелерді көтерді. Атап айтсақ, ауылдың кейбір көшелерінде электр жарығының жиі сөнетіндігі, жұмыссыздық, ауыз су, атаулы әлеуметтік көмек, тағы да басқа түйткілдер сөз болды.

Жиналысты аудан әкімі Н.Қадырбайұлы қорытындылап, көтерілген түйткілді мәселелерді шешу жолдары қарастырылатынын тілге тиек етті.

Мұндай алқалы жиын түстен кейін Бірлік ауылдық округінде жалғасты. Алдымен ауылдық округ әкімі Е.Еслямғалиевтың баяндамасы тыңдалды. Одан әрі аудандық бюджеттің кіріс-шығысынан бастаған аудан әкімі Н.Қарағойшин әр салада атқарылған істерді салыстырып, слайд түрінде көрсетіп өтті. «Өткен жылға өкпе жоқ» демекші, аудан көлемінде атқарылған жұмыстар да ауыз толтырып айтарлықтай. Бәрін теріп жазбасақ та бұқараға белгілі.

Бірлік баурайынан бақ кетпеген, байлауынан ат кетпеген құтты қоныс. Алайда, соңғы жылдары округтегі М.Мирманов орта мектебінде білім көрсеткіші күрт төмендеген. Тіпті жоғары оқу орындарына гранттық негізде оқуға түскендер жоқтың қасы. Міне, осы мәселе жөнінде есептік кездесуде ашық айтылып, түйткіл талқыланды. 
Жиын соңында ауыл тұрғындары өзге де ұсыныс-пікірлерін білдіріп, ауыл әкімінің атқарған ісіне оң бағаларын берді. Жиынды аудан әкімі Н.Қадырбайұлы қорытындылап, бірліктік ағайынды бірлесе қызмет етуге шақырды.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок