рисунок

Кеше, яғни 16 қаңтар күні ауылдық округтер мен аудан әкімінің ел алдында есеп беру жиыны Мәстексай және Көпжасар ауылдық округтерінде жалғасты.

Екі ауылдық округтің де әкімдері өткен жылғы есепті кездесуде ауыл тұрғындары тарапынан айтылған ұсыныстардың орындалу барысын және 2018 жылы атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы баяндады. Ал аудан басшысы Н.Қарағойшин Елбасының биылғы Жолдауынан туындайтын іс-шаралар туралы әңгімелеп, тиісті ауылдық округтің даму көрсеткіштерін басқа да ауылдық округтердің көрсеткіштерімен салыстыра отырып саралап шықты. Аудан әкімі соған орай ауылдық округтердің жеткен жетістіктерін айтып қуантса, кемшіл тұстарына да тоқталып, ауыл әкімдеріне кемшілікті жою жөнінде тапсырмалар берді. Жиын соңында екі ауылдың да тұрғындары ұсыныс пікірлерін айтып, аудан әкімінің жұмысына оң бағаларын берді. 

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок