рисунок

Бүгін Жаңақала ауданының әкімі Наурызбай Қарағойшин аудан тұрғындары алдында есеп берді. Жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғали Есқалиев, бірқатар облыстық басқарма басшылары және аудан тұрғындары қатысты.

Аудан әкімі Наурызбай Қадырбайұлы 2018 жылдың аудандағы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мен 2019 жылдың жоспарлары жөнінде, елімізде өткен реформаларды жүзеге асыру және Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауының тапсырмаларын жүзеге асыру барысы туралы баяндама жасады. 

Аудан басшысының айтуынша, ағымдағы жылдың 1 қаңтарына ауданымыздың түзетілген бюджеттің шығыстар бөлігі 5 млрд 259 млн. 627 мың теңгені құраса, бюджеттің игерілуі 100 пайызды құраған.

2017 жылы аудан бюджеті 4,9 млрд. теңге болған болса, 2018 жылы 106,1 пайызға өскен.

2018 жылы салық көлемінің жоспары 688,7 млн. теңге болып белгіленсе, бұл көрсеткіш 720,9 млн. теңгеге орындалып, 104,7 пайыз болды. Соның ішінде жергілікті салық 651,3 млн. теңгені құраған. Сонымен қатар өткен жылы ауданымызға 5,6 млрд. көлемінде инвестиция тартылып, 2017 жылмен салыстырғанда 221,4 пайызға өскен.

Ауыл шаруашылығы құрылымдар саны артып, мал басы көбейген. Бүгінде ауданда асыл тұқымды мал өсіріп отырған 28 шаруашылық бар. Өткен жылы аудан шаруалары 584,2 млн. теңге субсидия алуға қол жеткізген. Жалпы 2018 жылы ауданда жаңадан 86 ауыл шаруашылық техникасы алынған.

Былтыр жаңа 660 жұмыс орны ашылып, 696 адам жұмыс орналасқан. Жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайыз.

Аудан бойынша орталықтандырылған ауыз сумен аудан тұрғындарының 82 пайызы қамтылған. Сонымен қатар, өткен жылы аудан бойынша 41,4 шақырым табиғи газ желісі тартылып, тұрғындардың табиғи газбен қамтылуы 95 пайызға жеткен.

Есепті баяндамадан кейін сөз алған «Айдархан» ЖШС директоры С.Қайырбеков аудан әкімінің есебіне оң бағасын беріп, Жаңажол ауылына таза ауыз су тартылғаны үшін атқамінер азаматтарға алғысын айтты. Және де ол Жаңажол ауылдық округіне жаңа мәдениет үйін салу керектігін тілге тиек етті. Мұнан кейін Жаңақала ауылының тұрғыны, көп балалы ана Сара Измурзина баспана мәселесін көтерсе, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Шаһидолла Әбуғали «Көше жолдары жөнделсе, балабақша салу, сауықтыру орталығына жөндеу жұмыстарын жүргізу керек» секілді түйткілді мәселелерді қаузады. Басқа да азаматтар көкейкесті өз сауалдарын жолдап, ұсыныс-пікірлерін айтты.

Есептік кездесу соңында блыс әкімінің бірінші орынбасары Ғали Есқалиев тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, жиынды қорытындылады.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок