рисунок

Бүгін «Нұр Отан» партиясының Жаңақала аудандық филиалының кезектен тыс ХХІІ конференциясы өтті. Шараға Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары Ж.С.Нұрғожин, аудандық мәслихат хатшысы, «Нұр Отан» партиясының аудандық саяси кеңесінің мүшелері, партия ардагерлері, аудан мәслихатындағы депутаттық фракцияның мүшелері, ауылдық округ әкімдері, мекеме, ұйым басшылары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Конференцияны «Нұр Отан» партиясы Жаңақала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.А.Саматов ашып, жүргізіп отырды. 

Күн тәртібіндегі мәселелер қарастырылмас бұрын конференция делегаттарының өкілеттіліктерін бекітіп, хабарлама жасау үшін сөз кезегі Харесов Айдар Қанатқалиұлына берілді. Кейін «Нұр Отан» партиясы Жаңақала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.А.Саматов «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы. Жасампаздық және әлеуметтік даму кезеңі», «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы жобасының негізгі қағидалары» тақырыптарында баяндамасын оқыса, аудан әкімінің орынбасары Ж.С.Нұрғожин өз баяндамасын ҚР Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауының жүзеге асырылу барысына арнады. Аудандық мәслихат хатшысы, партия ардагері З.Ж.Сисенғали, «Қисық-Қамыс» БПҰ төрайымы З.Қ.Жардемова, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қ.Б.Теміровтер сөз алып, баяндама бойынша пікірлерін білдірді. 

Күн тәртібіндегі екінші мәселе – облыстық конференцияға аудандық партия ұйымынан делегаттар сайлау. 14 ақпан күні БҚО филиалының кезектен тыс ХХІІІ конференциясына қатысушылармен таныстыру үшін сөз А.С.Серікқалиевке беріліп, делегаттар тізімі хабарланды. Конференция қатысушылары өзара дауыс беріп, тізімде аты аталған партия мүшелері БҚО партия ұйымының конференциясына делегаттар болып сайланды. «Денсаулық» бастауыш партия ұйымының төрағасы Р.М.Улмекесов конференция қаулысының жобасын оқып, каулы қабылданды.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок