рисунок

Жаңақала аудандық сотының судьясы Мереке Шүкіров және кәсіби емес медиатор Рая Апахаева бітімгершілік рәсімін түсіндіру мақсатында аудандық колледж қызметкерлерімен кездесті.

Судья өз баяндамасында, дауларды шешудің бітімгершілік рәсімдерін және баламалы түрлерін қолдануды кеңейту болып табылатындығын, тараптар олар бойынша дауды бітімгершілік, медиациялық келісімдер, сондай-ақ партисипативтік рәсім тәртібімен дауды реттеу туралы келісім жасау арқылы аяқтай алатындығын түсіндіріп өтті.Сонымен қатар, медиация даудың немесе сотта қаралатын іске қатысушылардың белгілі-бір келісімге келуіне көмектеседі, сонымен қатар тараптардың дауды реттеуі мен оны шешуінің шарттары жөнінде шешім қабылдау үдерісін толығымен бақылап отырады. Медиацияның басты мақсаты – қос тарапты бірдей қанағаттандыратын және дауласу деңгейін төмендететін өзара тиімді бейбіт келісімге қол жеткізу атап өтті.

Ал медиацияның өңіріміздегі қолданысымен, негізгі сатылары және артықшылықтарына медиатор Р.Апахаева тоқталды. 

Отырыс қорытындысы бойынша, колледж қызметкерлері алдағы уақытта даудамай орын алған жағдайда медиация көмегіне жүгінуге ортақ пікірге келді.

рисунок