рисунок

Ауыл тұрғындары көптен күткен айтулы шараға ерте жиналды. "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы бойынша шағын футбол алаңы ресми түрде ашылды. Жоба құны: 8,9 млн.теңге

Мердігер: Саламат Сертеков

Старт строй сервис ЖСШ

Басталған уақыты: 1 маусым 2019 жыл

Аяқталған уақыты: 1 шілде 2019 жыл

"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламаның шеңберінде 1999 жылғы мектеп бітірген түлектер футбол алаңына жапсарлас етіп "Стрит воркаут" жаттығу спорт алаңын салған екен.

Қос алаңның ашылуы бір мезетте орын алып, ауыл халқы бір серпіліп, қуанып қалды.

Шара барысында аудан әкімі Наурызбай Карагойшин құттықтау сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарына табыс тіледі. Көпжасар ауылының әкімі Нұрбол Бектілеуов мердігерге және 1999 жылғы мектеп түлектерінің бірқатарына алғыс хаттар табыс етті.

Көпжасар ауылының жастары жеребе тастап, шағын футболдан жарыстарын бастап, доп қызығына кірсіп кетті..

Ел игілігі үшін салынған шағын алаңдардан айтулы спортшылар шығады деген сенімдеміз...

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок