Қазақстан Дүниежүзілік банктің DoingBusiness рейтингісінде 3 сатыға жоғарылап, 25 орын алды.

Doing Business рейтингісі - бұл Дүниежүзілік банк тобының жыл сайынғы зерттеуі, онда 190 ел бизнесті жүргізудің қарапайымдылығымен бағаланады. Бағалау 10 негізгі көрсеткіштер бойынша беріледі. Жалпы алғанда, рейтинг шағын және орта бизнестің қызметін реттейтін нормативтік актілерді бағалауға және оларды іс жүзінде қолдануға арналған. Зерттеу 2003 жылдан бері жүргізіліп келеді.

Doing Business бойынша барлық елдер 10 индикатор бойынша бағалайды, олардың ішінде электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу (жаңа ғимаратты электр қуатына қосу үшін компания өткізетін рәсімдердің саны, құны және ұзақтығы).

Елдер көрсеткіштердің әрқайсысы үшін 0-ден 10-ға дейін балл қояды.

«Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» индикаторы бойынша Қазақстан өткен жылмен салыстырғанда 9 позицияға көтеріліп, 67 орынға ие болды.

Бұл нәтижеге электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу шарттарын жақсартатын реформалар арқылы қол жеткізуге болады.Электр энергетикасы саласындағы заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Мысалы, электрмен жабдықтау желісіне қосылу кезінде екі рұқсат беру рәсімдері алынып тасталды, электрмен жабдықтау жүйесіне қосылуға техникалық шарттар, сондай-ақ электрмен жабдықтау келісімшартын жасау мерзімі қысқартылды.

Электр энергиясын пайдалану ережесіне енгізілген өзгертулерге сәйкес энергияны беру немесе энергия өндіретін ұйым тұтынушыға өтінішті алғаннан кейін жаңадан енгізілген немесе қайта жаңартылған электр қондырғыларын қосу үшін келесі кезеңдерде техникалық шарттар береді (техникалық жағдайы мүмкін болса): қуаттылығы 200 кВт дейін - 5 жұмыс күні ішінде; қуаттылығы 200 кВт-тан 1000 кВт дейін - 10 жұмыс күні ішінде, қуаттылығы 1000 кВт-тан жоғары - 15 жұмыс күні ішінде.

Техникалық сипаттамаларды беру және қайта ресімдеу үшін комиссия алынбайды.

Құрылыс-монтаж жұмыстарына рұқсат алу қажеттілігі жойылды.Енді жобалаушы жұмысқа кірісу туралы хабарламаны электронды түрде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жіберуі жеткілікті.

Сонымен қатар, электр желілеріне қосылу үшін, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органнан рұқсат алудың қажеті жоқ.

Электрмен жабдықтау келісімшартын жасасудың апталық мерзімі үш күнге дейін қысқартылды.

DoingBusiness рейтингісіндегі Қазақстанның позициясын жақсарту Үкіметтің қолданыстағы заңнаманы реформалау, лицензиялау жүйесін жетілдіру, бизнесті құру процедураларын жеңілдету, мемлекеттік бақылау мен қадағалау қызметін оңтайландыру және бизнес-климатты жақсарту жөніндегі жүйелі жұмысының арқасында мүмкін болды.

DoingBusiness рейтингі бойынша Қазақстан Исландия, Австрия, Жапония, Испания және Франция сияқты дамыған елдерден озды. Жақын көрші елдердің қатарында Ресей Республикасы рейтингте – 28ші, Беларусь - 49 шы, Украина - 64 ші, Өзбекстан - 69 шы, Қырғызстан - 80 ші орын алды.

 

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау

комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша

аумақтық департаменті» ММ-нің бас маманы– А.Б.Гусманова