Қазан айының бірінші жексенбісі еліміздің ұстаз алдын көрген үлкенді-кішілі азаматтары үшін ерекше күн. Бұл әліппені жаттатып, білім нәрін сіңірген, әлемге сауаттылық нұрын шашып келе жатқан ұстаздардың төл мерекесі. Бұл күні жұртшылық назары жұмысы қиын әрі жауапты мұғалімнің қоғамдағы орны мен оларды бағалап, құрметтеуге ауады

Бұл бағытта бүгін аудандық мәдени демалыс орталығында «Ұстаз бақыты-шәкірт құрметі» атты Ұстаздар күніне арналған білім беру ұйымдары қызметкерлерінің мерекелік концерті өтті.

Алдымен салтанатты жиында ауданның білім саласындағы барлық қызметкерлерін аудан әкімі Наурызбай Қадырбайұлы төл мерекелерімен құттықтады. Сондай-ақ, аудан басшысы ұстаздар қауымына елге, ұрпаққа еткен еңбектеріңіз жемісті болсын, ұлағатты, тәрбиелі, ұстаз ұлағатын сезінетін, әрқашан қастерлей білетін шәкірттеріңіз көп болсын деген ізгі тілегін білдірді.

Бұл кеш бұдан бұрынғы кештерден өзгерек болды. Мерекелік ән-күймен, бимен өрнектелген басқосу жиналғандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Сонымен қатар, аталмыш жиында өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі жоғары жетістіктері үшін бір топ ұстаздарға түрлі деңгейдегі марапаттар табыс етілді.