рисунок

Қазақ қайда жүрсе де, қолынан қасиетті қара домбырасын тастамаған халық. Көңілінің күйін күмбірлеген күй арқылы ұқтырып, әуелеген әуезді әнмен әспеттей білген. Халқымыздың ғасырлар бойы айнымас серігі болған қара домбыра қазақтың қасиетті құралы ғана емес, ол талай кезеңдердің тарихи куәгері. 

рисунок

29 маусым «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының мәжіліс залында аудан әкімі Н.Қарағойшин тұрғындар тілегін тыңдады. Мекеме басшыларының қатысуымен өткен қабылдауда тұрғындар жұмыссыздық, газ тарту, тұрғын үй мәселелері бойынша көмек сұрай келген. Н.Қадырбайұлы басшыларға арнайы тапсырмалар жүктеп, халықтың сұрауы жауапсыз қалмайтынын айтты.

рисунок

Ағымдағы жылдың 27 маусымында қазақтың ақбас тұқымының республикалық палатасы Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданыдағы «Хафиз» ШҚ негізінде «Қазақтың ақбас тұқымымен селекциялық асыл тұқымды жұмысты ұйымдастыру және өткізу» тақырыбында өңірлік оқыту-тәжірибелік семинарын өткізді. Өңірлік семинарға Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Атырау облыстарында орналасқан Палатаға мүше болып кіретін шаруашылықтардың басшылары мен мамандары қатысты.

рисунок

23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай аудандық әкімшіліктің үлкен мәжіліс залында салтанатты жиын оздырылды. Аудандық мәслихат хатшысы, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары, мекеме, дербес бөлім басшылары, қоғамдық ұйымдар қатысқан жиында құттықтау сөз аудан әкімі Н.Қадырбайұлына берілді. 

рисунок

Бүгін еліміздің барлық аймақтарында мелекеттік қызметкерлер күні кең көлемде тойлануда. Атаулы мерекені Жаңақала ауданының да мемлекеттік қызметкерлері тойлады. 

рисунок

Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында мемлекеттік қызметші – мемлекет айнасы екендігін, олар заңның үстемдігін қамтамасыз етуде зор рөл атқаратынын, заңның үстемдігі болған жерде сыбайлас жемқорлыққа мүлдем жол берілмейтіні жөнінде айтқан еді. Сондықтан да, өз қызметін адал атқаратын мемлекеттік қызметшілерді жұмысқа қабылдауда зор жауапкершілік танытқан жөн.

рисунок

Маусым айының 12 күні Жаңақала ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес түсіндіру мақсатында кеңес оздырылды.