Pухани орталықта ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 жұлдызды күн» аясында жас ақындар мүшәйрасы болып өтті. Дүбірлі жыр додасына аудандық орталықтандырылған кітапхана жанындағы А.Ишанов атындағы «Жас қалам» жас ақындар клубының мүшелері, өзге де талапкерлер қатысып, бақтарын сынады.

Биылғы білім саласы қызметкерлерінің тамыз мәслихатындағы облыс әкімінің тапсырмасына орай мектеп ұжымдарымен кездесуді Жаңақала ауданының әкімі Л.Хайретдинов Қызылоба ауылдық округіндегі Жангелді бастауыш мектебінен бастады.

Таяуда Орал шаһарында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 2002-2003 жылы туған жасөспірім ұлдар және 2002-2003 жылы туған қыздар арасында қазақ күресінен қалалық ашық турнир өтті. Оған Бөрлі, Қаратөбе, Тасқала, Сырым, Ақжайық, Жаңақала аудандары және Орал қаласынан палуандар қатысып, бақтарын сынады.

Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру, сондай-ақ, басқару органдарын, күштер мен құралдарды қыс кезіндегі төтенше жағдайлар кезінде іс-қимылдарға дайындау мақсатында 2016 жылдың 16-18 қарашасы күндері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В.Ильиннің басшылығымен «Қыс - 2016» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы (бұдан әрі - оқу-жаттығу) өтті.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасындағы «Бірлік пен жасампаздықтың 25 жылы» атты аудандық фестивалді Жаңақала колледжі жалғастырды.

Аудандық мәдени демалыс орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Тұғыры биік - Тәуелсіздік» атты фестиваль мен Әлеуметтік қызметкерлер күніне арналған мерекелік концерт өтті.Бұл жолы кезекті фестивальді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жалғастырды.