рисунок

9 мамыр - Жеңіс күні мерекесіне орай, аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин аудан орталығында тұратын ҰОС ардагері Арыстанғали Қойысовтың шаңырағына арнайы барып құттықтап, сый-сияпат тарту етті. 

рисунок

7 мамыр аудандық мәдени демалыс орталығында Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 73 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты жиын болып өтті.

рисунок

Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» жөнінде 9-шы міндетінен туындайтын ауқымды істерге байланысты ҚР-ның Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің 2018 жылғы кешенді жоспарын іске асыру мақсатында «Адал жол - Честный путь» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы республикалық марафон ұйымдастырылған болатын. Маусым айының 4 күні аталмыш марафонның аудандар арасындағы эстафетасын Ақжайық ауданының әкімі Әділ Жоламанов бастаған топ Жаңақала ауданына әкеліп табысталды.

рисунок

Бүгін адалдықтың есімін, бейбітшілік бесігін тербеткен мамыражай мереке 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні! Қазақ елі төрткүл дүниеге ұлт пен ұлыстарды сүттей ұйытып, баршаға үлгі болып отырғаны аян. Соның айғағы, бүгінгі аудан орталығында өткен «Қазақстан – халықтар достығының мекені» атты салтанатты шара.

рисунок

Бүгін Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Игорь Стексов Жаңақала ауданына арнайы жұмыс сапарымен келіп, шаруалардың тыныс-тіршілігімен танысты.

рисунок

«Бұтақ жайған ағаш қартаймайды, ұрпақ жайған адам қартаймайды» дейді. Соңғы кездері тал егу дәстүрі еліміздің түкпір-түкпірінде қолға алынып, тиянақты мән берілуде. Мұның өзі қоғамға пайдасы зор игі бастама емес пе? Осындай шараны тек қоғамдық орындарда, көшелерде, мектеп пен мекеме ауласында ғана емес, сонымен бірге, әр отбасы өз үйлерінің аула ішінде тал отырғыза білсе, нұр үстіне нұр болар еді.

Ауыл халқының билікке араласар тұсы – көпшілік жиналыс. Осы жерде елдің де, жеке бастың да мұңы қозғалады, мұқтажы түгенделеді.