рисунок

4 қазан күні Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында М.Жүнісов атындағы ЖОББ мектебінің 1996 жылғы түлектері ауылға кіреберіс қақпа орнатып, туған жерлеріне және өздері білім алған М.Жүнісов мектебінің 150 жылдық мерейтойына тарту жасады.

рисунок

Жаңақала ауданы, Көпжасар ауылдық округінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асқан тағы бір игі істің куәсі болдық. Аталмыш округте Д.Нұрпейісова орта мектебін 2008 жылы бітірген бір топ түлектердің демеушілігімен ауылдың іргесіне қақпа тұрғызылды. Ал 2 қазан күні ауыл тұрғындарының қатысуымен қақпаның ресми ашылу салтанаты болып өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Нұрғожин, аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Светлана Бекқалиева, еңбек ардагерлері, ауыл тұрғындары қатысты. 

рисунок

«Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қоры Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің тапсырмасымен «Жастар бастамаларын қолдау бойынша әлеуметтік қызмет, Қазақстан жастарын әлеуметтендіру және дамыту бойынша жалпыұлттық жобасының ІІ кезеңі» жобасын жүзеге асырып келеді. Бұл жоба барлық Қазақстан аумағында, аудан орталықтарында, білім беру мекемелерінде семинар-тренинг ретінде ұйымдастырылуда. Міне, бұл шара біздің ауданымызға да келіп жетті.

рисунок

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты  Жолдауының 9 міндетін іске асыру мақсатында Отбасы күні аясында жанұялық құндылықтарды нығайту мақсатында, 2018 жылдың 10 қыркүйегінде Жаңақала ауданы әкімдігінде мемлекеттік қызметшілердің балаларына қызметі бойынша жұмыс орнында «Ашық есіккүні» өткізілді.

рисунок

1 қыркүйек - барлық білім ордалары білім алушыларға есіктерін айқара ашып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндерді ықыласпен қарсы алатын күн. Осы орайда, аудан орталығындағы Жаңақала орта мектебінде «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиыны өз деңгейінде өтті. Ақ бантик тағып, бірдей мектеп формасын киген оқушылар мереке сәнін келтірді. 

рисунок

Жаңақала ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу және азаматтық қорғаныс жұмыстарын жетілдіру мақсатында кешенді оқу-жаттығу дайындығы өтті. Оған БҚО Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы Максим Хайрекенов, аталған департамент өкілдері және аудандағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі комиссия мүшелері, басқа да тиісті қызмет басшылары қатысты.

рисунок

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Шафхат Өтемісов Жаңақала ауданына жұмыс сапарымен келді.