Жаңақала ауылдық округ әкімдігі, аудандық мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен, аудандық мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «Жаңақала келіні - 2018» келіндер байқауы өтті.

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мүмкіндігі шектеулі әйел-аналармен қабылдау өткізді. Шараға аудан әкімі Н.Қарағойшин арнайы шақырылып, қатысқан болатын. Наурызбай Қадырбайұлы аналарымызға арнап құттықтау сөзін сөйлеп, жылы лебізін білдірді. Сонан соң арнайы дайындалған гүлшоқтары мен сыйлықтарды табыстады. Шара барысында аналарымыз да жүрекжарды тілектерін айтып, алғыстарын жаудырды.

5 наурыз күні рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Орамал –от анасының басындағы байрақ» атты рухани сыр-сұхбат кеші өтті. Шара аудандық мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен және аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастырылуымен оздырылды.

Бүгін ауданымызда бірқатар облыстық басқарма, мекеме және қаржылық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен ауыл шаруашылық саласындағы бірқатар мәселелерді талқылау мақсатында кеңес өтті.

Наурыз айының 2-і күні облыс әкімі Алтай Көлгінов Жаңақала ауданына жұмыс сапарымен келіп, Жаңақала топтық су құбыры құрылысының қарқынын қадағалады. Өңір басшысы бастаған топ алдымен екінші су көтеру насостық станциясының құрылысы жүріп жатырған Жуалыой елді мекенінде болып, құрылысшылармен кездесті.

Рухани орталықта «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Рухани жаңғыру – жастар таңдауы» атты кеш өтті. Шараны жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ұйымдастырды.

Елбасы Н.Назарбаев: «Алдымызда қиын жұмыстар күтіп тұр. Қазақстан халқына арнаған Жолдауымдағы барлық міндеттерді жүзеге асыруда мен «Нұр Отан» партиясына ерекше орын беремін» деді. Иә, «Нұр Отан» партиясы нағыз халықтың, береке-бірліктің партиясы. Көктемнің алғашқы күні 1 наурыз – Партия күні. Осыған орай «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ғимаратында «Сәтті қадам» партиялық жобасы аясында «Жетістікке жетер жол» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Оған ауданның көшбасшы жастары және партия мүшелері қатысты.