2018 жылғы 1 наурыз күні  Жаңақала колледжінің 55 жылдық мерейтойына арналған «Білім көшінде – 55 жыл» атты салтанатты жиын өтті. Елбасымыздың Жарлығымен белгіленген «Алғыс айту» мерекесімен тұспа-тұс келіп отырған елдің болашағының көркеюіне үлес қосып, іргесі бекіп, керегесі кеңейген, бірлігі жарасып, ырысы тасыған колледж кеші жоғары деңгейде атап өтілді.

28 ақпан күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жаңақала ауданының құрметті азаматы, «Алтын барыс» төсбелгісінің иегері, Айдархан ауылында қазақ күресінің дамуына өз үлесін қосқан Борашев Жанғали Ғұмарұлының 70 жасқа толуына орай «Рухани кемел, бірегей тұлға» атты кездесу кеші өтті.

28 ақпан күні аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин ауданда медицина саласының дамуына лайықты үлес қосқан, «ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі» медалімен марапатталған Серік Қамидоллаұлын қабылдады.

24 ақпанда №3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында жекелей чемпионат оздырылды. Жарыстын мақсаты - ұлттық ойындардың бірі тоғызқұмалақты дамыту және өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау. Математикалық амалдарды қолдану арқылы жазбаша және ауызша есептеу әдістерін үйрену. Оқушыларды ойынға жауапкершілікпен қарап, ұлттық ойындарды қастерлей білуге тәрбиелеу.

Рухани орталықта Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында I аудандық «Батырлар жыры» байқауы өтті. Байқауды аудандық мектептен тыс жұмыс орталығы ұйымдастырды.

Кеше аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин Жаңақала ауылының тұрғыны, зейнеткер Айтжан Рахметованы торқалы 90 жасқа толу мерейтойымен құттықтап, құрмет көрсетті.

Бүгін Жаңақала ЖОББМ-нің акт залында «Нұр Отан» партаиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рухолла Саматов ұздар қауымымен бас қосып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауын талқыға салды.