Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы халыққа арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы ел арасында қызу талқылануда. Жолдау жүктеген міндеттерді тұрғындарға түсіндіріп, оны насихаттау мақсатында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рухолла Саматов Мәстексай ауылдық округінде болып, С.Меңдешев орта мектебінде жергілікті халықпен кездесті. Жиынға ауыл тұрғындары мен мектеп мұғалімдері қатысты.

Ақпан айының 13күні аудан әкімі Н.Қарағойшин аудан кәсіпкерлері, ауылдық округ әкімдері, мекеме, кәсіпорын басшылары және барлық есепшілердің қатысуымен семинар-кеңес өткізді. Аталмыш кездесуге БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы Ж.Сағынов, БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Т.Тулепов және облыстық қаржылық ұйымдардың басшылары мен өкілдері қатысты. 

Ақпан айының 8 күні Қызылоба ауылдық округінде облыстық жер қатынастары басқармасының бас маманы Б.Төремұратов, облыстық жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасы, құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Ж.Молдашев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, кооперация бөлімінің басшысы Ж.Шайжанов сынды бір топ мамандар Пятимар, Қызылоба, Бірлік ауылдарының шаруалармен бас қосты.

Бүгін Жаңақала ауданының әкімі Наурызбай Қарағойшин аудан тұрғындары алдында есеп берді. Жиынға облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысты.

Жақында аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында Жаңақала ауданының әкімі Наурызбай Қарағойшин аудандық қоғамдық кеңестің алдында есеп берді.

2018 жылдың 22 қаңтар күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында айқындалған міндеттерді талқылауға арналған актив жиыны өтті. Аудан басшысының төрағалығымен өткен шараға ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары, ардагерлер, аудандағы зиялы қауым және қоғамдық ұйым мен БАҚ өкілдері қатысты.

Әкімдер есеп беруінің қоғамдық маңызы зор. Осы шаралар арқылы жергілікті басқаруды дамытуға, жалпы атқарушы органдар қызметінің халық алдындағы ашықтығы мен есептілігін арттыруға қол жеткізуге болады. Осыған орай аудан әкімі Н.Қадырбайұлы және Жаңақала ауылдық округінің әкімі А.Ахметов қаңтар айының 22-сі күні аудан орталығы болып табылатын Жаңақала ауылының тұрғындарымен кездесіп, өткен жылдың қорытынды есебін берді.