Тұрғындар мен билік арасындағы байланыстың бір көрінісі – есептік кездесу. Өйткені мұнда халық өңірдің дамуы, экономикалық жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы мәліметтерден жергілікті биліктің өз аузынан хабардар болады. Сондай-ақ өздерінің ұсыныс-талаптарын ортаға салуға мүмкіндік алады. Осыған орай ауылдық округ әкімдерінің кезекті есеп беру жиыны бүгін Қырқопа ауылдық округінде жалғасты.

19 қаңтар күні әкімдердің есеп беру жиыны Пятимар ауылында өтті. Пятимар ауылдық мәдениет үйінде аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин мен ауылдық округ әкімі Олжас Рахимов өткен жылдың қорытындысы бойынша баяндама жасады. 2017 жылдың еншісінде атқарылған ауданның ауқымды істері мен толайым табыстары бейнебаян арқылы көрсетілді.

Өткен аптада Қызылоба ауылдық округі әкімінің және аудан әкімінің тұрғындар алдында есеп беру кездесуі өтті. Есеп беру жиналысына аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин, аудандық соттың төрағасы Сабыржан Есжанов, дербес бөлім, мекеме басшылары қатысты. 

Аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин 2017 жылғы жоспарланған көрсеткіштер, жобаланған жұмыстар, ауқымды істер, еңсерген жетістіктер мен атқарылмақ жұмыстар турасында Бірлік ауылының тұрғындары алдында есеп берді.

Аудан әкімінің Көпжасар ауылындағы халықпен кездесуі округтегі мекеме, кәсіпорындардың есебін, бүгінгі ахуалын тыңдаудан басталды. Жетістіктерін әңгімелеген мекеме басшылары аудан әкімінің сұрауына орай бүгінгі таңдағы қиындықтарын да айтып берді.

16 қаңтар күні аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин Жаңақазан және Жаңажол ауылы халықының алдында жылдық есебін қорытып, ағымдағы жылы жасалатын жұмыстар мен алда тұрған міндеттерді баяндады. Есеп беру жиынына аудандық дербес бөлім мен мекеме басшылары, ауыл тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.

16 қаңтар күні аудан әкімі Н.Қарағойшиннің халық алдында қорытынды есеп беруі жиыны Жаңақазан ауылынан соң Жаңажол ауылдық округінде жалғасты. Мектептің акт залында өткен жиынға аудандық дербес бөлім мен мекеме басшылары, ауыл тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.