рисунок

Жаңа жыл қарсаңында жаңақалалықтарға тағы бір сауда дүкені тұтынушыларға есіген айқара ашты. Аудан орталығындағы И.Тайманұлы көшесі бойында, халыққа сауда қызметін көрсететін «IBRASHEV» құрылыс заттары дүкені халық игілігіне ұсынылды.

рисунок

Елбасының мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамдық ортаға бейімделу мәселесіне үлкен көңіл бөлу тапсырмасын орындау мақсатында жұмыспен қамту орталығы және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында аудандық спорттық жарыс өтті. Аталмыш жарыста мүмкіндігі шектеулі жандар бильярд, шахмат және дойбы сынды спорттық ойындарынан бақ сынады. Бұл іс-шараның мақсаты – «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру барысында бұқаралық спорт түрлерін дамыту, мүмкіндігі шектеулі жандарға көңіл бөлу және қолайлы орта жасау, оларды қоғамның бір мүшесі екенін сезіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау.

рисунок

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында, ауыл тұрғындары арасындағы салауатты өмір салтын насихаттау және жүйелі түрде спортпен шұғылдануға тарту мақсатында ауданымызда спорттық іс-шаралар көптеп оздырылуда. Осы орайда, Қызылоба ауылдық округының 55 жылдық мерейтойына арналған ауылдық округтерінің ерлер арасында волейболдан аудандық жарыс өткізілді. 

рисунок

Жаңақалада ел дамуының ерен үлгісін көрсететін шағын және орта бизнес саласы өркендеп келеді. Соның бір куәсіндей болып, аудан орталығында Тәуелсіздік күні қарсаңында «Стройбаза» атты сауда үйі ашылды. Оның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Миржан Сатқанов қатысты. Ол жаңа сауда үйінің ашылуында жиналғандарды мерейлі мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

рисунок

Бүгін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Жаңақала ауданының Мәстексай ауылдық округіне қарасты Мұқыр ауылында көгілдір отынның алауын жағу салтанатты рәсімі болды. Аудан орталығынан шалғай орналасқан елдімекен халқының көптен күткен қуаныштары жүзеге асып, көгілдір отын жеткізілді. Аталмыш ауылға газ құбырын тартқан «БатысКотлоМонтаж» ЖШС жұмысты межелеген уақытында бітірді. 

рисунок

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Миржан Сатқанов Жаңақала ауданына арнайы іссапармен келіп, Жаңажол ауылдық округі топтық су құбыры құрылысының ашылу салтанатына қатысты.

рисунок

14 желтоқсан күні аудандық мәдени демалыс орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай игі жақсылардың басын қосқан салтанатты жиын өтті. Жаңақала жұртшылығын аудан басшысы Наурызбай Қарағойшин құттықтап, ізгі лебізін жеткізді.