Жаңақала ауданына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жексенбай Дүйсебаев келді. Жұмыс сапарымен келген мәжіліс депутаты алдымен Қызылоба ауылдық округіндегі шаруа қожалықтарын аралап, шаруа қожалығы жетекшілеріне «Жайылым туралы» заң жобасын түсіндіріп, еліміздің ауыл шаруашылық саласында жүргізіліп жатқан реформалар туралы кеңес берді.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының және «Жастар үні» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аудан жастарына «Жыл үздігі – 2017» байқауының сыйлықтарын табыстау шарасы өтті. Салтанатты шараның ашылуында сөз алған аудан әкімі Н.Қарағойшин ауданымыздың үздік атанған жастарын және бұқаралық спорттың дамуына өз үлестерін қосып жүрген спортшыларды құттықтап, жүрек жарды тілегін жеткізді. Одан әрі аудан әкімі қызыл кілеммен сахна төріне көтерілген үздік спортшыларды марапаттады.

Жаңақалада Қали Жантілеуов атындағы балалар саз мектебінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Жас екпін» атты күйшілер байқауы өтті. 

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын іске асыру аясында Мұқыр ауылында «Туған жерге тағзым» атты жерлестер форумы өтті. Форумның мақсаты - ауылдан шыққан өлке азаматтарының басын қосып, алтын бесік - ауылдың ажарлануына, дамуына атсалысуға жерлестерді шақыру, туған жерге деген сүйіспеншілікті, туған елге, Отанымызға деген патриотизмді қалыптастыру.

Ауылшаруашылық қызметкерлерінің күніне орай «Бақыт кілті еңбекте» атты мерекелік шара өтті. Аудандық мәдени демалыс орталығына жиналған меймандар алдымен аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің дайындаған көрмесін тамашалады.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, әнші-композитор Донеділ Қажымов Жаңақала ауданына ән сапармен келді. Әншіні аудандық мәслихат хатшысы Закария Сисенғали мен аудандық мәдени демалыс орталығының директоры Ербол Ақбасов қарсылап алды. Қазақы дәстүрмен қонақтар дәмнен ауыз тиді.

Жаңақаладағы рухани орталықта Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында «Жайық Пресс» медиахолдингінің Жаңақала филиалының ұйымдастыруымен «Тал бесігім – туған жер» атты мектеп оқушылары арасындағы жыр мүшәйрасы өтті.