Бүгін Ұлыстың Ұлы күні – Әз-Наурыз мерекесі күні Жаңақала ауданы «Құрмет тақтасының» жаңарып, ашылу рәсімі өтті. Салтанатты жиында аудан әкімі Н.Қарағойшин 2017 жылы «Құрмет тақтасында» орын алған еңбек озаттарына сертификат табыс етті.

Ауданымызда соңғы жылдары түрлі салалар бойынша табысты қызмет жасап, ауыл-аймағымыздың өсіп-өркендеуіне, әлеуметтік дамуына өз үлестерін қосқан қызметкерлер және ұжымдарды абырой биігінен көрсетіп, сала үздіктері ретінде «Құрмет тақтасына» шығару дәстүрге айналды.

«Құрмет тақтасы» әр жыл сайын жаңартылып, сала үздіктерінің тақтада тұрғанын растайтын сертификат беріліп, Жаңақала ауданының «Даңқ» кітабына жазылады. 

Шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Шапихов пен аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Ш.Әбуғали «Құрмет тақтасының» лента қию рәсімін жасады.

Биылғы «Құрмет тақтасына» Сатыбалды Жұмашев, Бауыржан Ильясов, Меңдіғали Сұпашев, Меңдібек Садихұлы, Айман Құрманалиева, Темірлан Шамұратов, Өмірзақ Ақбасов, Нұржан Бердіғалиев, Мирлан Кенжеғалиев, Жанна Ерғалиева, Нұрсұлтан Аяпбергенов, Айбек Ишановтар енген.