Әз Наурыз - бабаларымыздың бағзы заманнан бері тойлап, бізге қалдырған аманаты, жақсылық пен келісімнің, жаңа күннің символы.

Бүгін Жаңақала ауданы орталығында Ұлыстың Ұлы күні қарасаңында «Ауыл көшелері» атты шара өтті. Осыған орай «Болашақ ықшам ауданы, Желтоқсан, Тоқсанов, Меңдіханов көшелерінде ақшаңқай киіз үйлер тігіліп, Наурыз мересі атап өтілді. Аталмыш көше тұрғындары үлкен ұйымшылдық танытып, мерейлі мерекеге ауыз толтырып айтарлықтай атсалысты.

Әр көшеде тігілген киіз үйлерге арнайы атбасын тіреген аудан әкімі Н.Қарағойшин бастаған топ жиналған жұртшылықты Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.  Наурыз астраномиялық тұрғыдан күн мен түннің тенесітін уақыты. Ал халық үшін бұл қатал қыстан аман шыққан ағайынның бір-бірімен көрісіп, мәре-сәре болатын ұлық мерекесі.

Сондықтан да жаңа жылдың басы саналатын Наурыз мерекесіне 6 жастағы баладан 60-тағы қарияға дейін атсалысады. Балалар асыр салып ойын ойнаса, ақсақалдар бата беріп, ақ тілектерін жеткізді. Ал, ауданның білекті жігіттері арқан тартыс жасап, күш сынасты.  Нақ осы күні алтыбақан құрылып, наурыз көже пісіріліп, ауыл тұрғындары ән мен жырдан шашу шашты.