_ЖАНАКАЛА_ГП 2018 ПДФ 2.pdf


рисунок

Скачать карту (pdf, 4.6 Mb)


Жаңақала аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылысы бөлімінің 2019 жылдың І жарты жылдығында атқарған жұмыстары

 

2019 жылдың алғашқы жартыжылдығында бөліммен "Нұрлы жер" бағдарламасы, "Өңірлерді дамыту" бағдарламалары аясындағы құрылыстар мен жобалау жұмыстары іске асырылды.

Оған бюджеттен 330 057,0 мың теңге қаражат бөлінді.

 

Тұрғын үй құрылысы бойынша

БҚО Жаңақала ауданы Жаңақала ауылындағы 3-қабатты жалдамалы тұрғын үй мен инженерлік инфрақұрылымын тарту құрылысы(аяқтау). Мердігер – “ЖАЛПАҚТАЛ СУ” ЖШС-гі. Жобаның құны – 181 199,0  мың  теңге. 2018 жылы игерілген қаражат - 74 000,0 мың теңге, 2019 жылы 107 199,0 мың теңге игерілді. Нысан құрылысы жұмыстары биылғы жылы ақпан айында жалғасын тауып, 5 шілдеде  пайдалануға берілді. Салынған тұрғын үй 3 қабатты, 24 пәтерлік. Оның ішінде: 12 пәтер - 1 бөлмелі, 12 пәтер - 2 бөлмелі. Тұрғын үй қажетті инфрақұрылыммен, балаларға арналған ойын алаңымен қамтылған.

рисунок

Сонымен қатар, Жаңақала ауылының солтүстік -батыс бөлігінде 2 пәтерлік 20 тұрғын үйдің жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып, оған №ҚСҚKAZ-0060/19 сараптама қорытындысы алынды. Жоба құны - 536 879,0 мың теңгені құрайды. Осыған қоса, дайын тұрған Жаңақала ауылында 3 қабатты 21 пәтерлік тұрғын үйдің де жобасы бар. Бұл екі жоба да тиісті басқармаларға бюджеттік өтінімдері тапсырылды. Алдағы жылдары кезең-кезеңімен іске асырылатын болады.

Жеке тұрғын үй құрылысы бойынша ағымдағы жылдың 6 айлығында 4728 шаршы метр тұрғын үй алаңы іске қосылды. Былтырғы жылмен салыстырмалы 102,1 пайызға өсіп отыр.

 

Ауыз сумен жабдықтау бойынша

2018 жылы  аудан бойынша 6 елді мекенде ауыз сумен жабдықтау жұмыстары жүргізіліп, жалпы саны 10 елді мекенде 19 мыңның үстінде халық ауыз сумен қамтылып, 82 пайызға жетті.

2019 жылға ауданның соңғы екі ірі елді мекендері Қырқопа және Қызылоба ауылдарын ауыз сумен қамту үшін жобалау-сметалық құжаттамалары жасақталды. Бөлінген қаражат - 2 090,0 мың теңге. Жобалардың жалпы құны - 986 035,0 мың теңгені құрайды. Тиісті құжаттары облыстық құрылыс басқармасына қажетті қаражатын бөлуге тапсырылды.

Оның сыртында, Кіші Айдархан ауылын сумен жабдықтау үшін жобалау жұмыстары басталды.

 

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тарту бойынша

2018 жылы аудан орталығының батыс бетіндегі 1047 учаскені қажетті инфрақұрылыммен қамту үшін бюджеттен қаржылары бөлініп басталған болатын. Сол жұмыстар 2019 жылы жалғасын тауып, жұмыстары аяқталды. Бөлінген қаражат - 206 088,0 мың теңге. Қазіргі уақытта, тұрғын үйлерін салған азаматтар пайдаланушы ұйым арқылы су, электр, газ желісіне қосылуда.

рисунок

Тұрғын үйлерді инженерлік инфрақұрылыммен қамту бойынша аудандық бюджеттен бөлінген 7 180,0 мың теңге қаражатқа 5 жоба жасақталды.

Жаңақала ауылының солтүстік-батыс бөлігінен жер учаскесіне кезекте тұрған 204 адамға жер учаскесін алдағы жылдары беру үшін жобалары жасақталды. Тиісті құжаттамалары басқармаға тапсырылды. Жалпы жоба құны - 278 712,0 мың теңгені құрап отыр.

Сонымен қатар, Жаңақала ауылының батыс бөлігіндегі 7 көшеге 6,2 км асфальт пен 6,5 км тротуар құрылысын салу үшін құны 759 484,0 мың теңгенің жобасы басқармаға тапсырылып, 2020 жылға құрылысын іске асыру үшін облыстық 5 жылдық жоспарға енгізілді.

 

Әлеуметтік нысандар құрылысын жобалау мен құрылысын салу

Қазіргі уақытта, әлеуметтік нысан құрылыстары облыстық бюджеттен қаржыландырылады. Осыған сәйкес, Жаңажол және Мәстексай ауылдарында салынатын 150 орындық залы бар мәдениет үйлерінің құрылыстары биылғы жылға қаражаттың болмауынан іске асырылмай отыр. 2020 жылға Жаңажол ауылындағы мәдениет үйі құрылысын салу ұсынылды.

Сонымен қатар, аудан орталығынан 50 бала демалуға арналған лагерь құрылысының жобасы дайындалуда. Бұл жоба алдағы жылдары іске асырылатын болады.

2018 жылы жобалау сметасы дайындалған Жаңақала ауылындағы 160 кқрермен залы бар денешынықтыру кешенінің құрылысы Қарашығанақ Петролейум Оперейтинг б.в. қаржысы есебінен 441 000,0 мың теңгеге іске асыру жұмыстары басталуда.

 

Бас жоспарларды дайындау

Ауданның 27 елді мекені болса, соның ішінде аудан орталығының қала құрылысы құжаттамасы жаңартылған. Қалған ауылдар бұрынғы ескі, бүлінген, өзгерістерге ұшыраған бас жоспарларды пайдалануда. Осыған байланысты 2019 жылға екі елді мекенге Қызылоба және Бірлік ауылдарының бас жоспарлары дайындалуда. Бұл жұмыстар кезең кезеңімен жалғасын таба береді.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету

Бөлімнің негізгі қызметтерінің бірі халыққа сапалы қызмет көрсету болып табылады. Бөлімде 6 қызметті халыққа көрсетуде. Олар: құрылыс және реконструкция жобаларын әзірлеу кезінде бастапқа материалдарды ұсыну, адрестік регистр беру, елді мекен шегінде жер учаскесін беру, эскизді келісуден өткізу, сыртық көрнекі жарнамаға рұқсат беру, қолданыстағы ғимараттардағы үй жайларды реконструкциялауға, қайта жабдықтауға рұқсат беру. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Сонымен қатар, адрестік мекенжайларды нақтылау, түзеу бойынша да бірқатар жұмыстар жүргізілді. Игерілмеген жер учаскелерін түгендеу жұмыстары бойынша жұмыстар жүргізіліп, ауылдық округ әкімшілігі мен жер қатынастары бөліміне шарасын алу үшін жолданды.

Ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығында бас жоспарлардың нақты жағдай бойынша сақталуы барысында және заңсыз салған құрылыстар бойынша да жұмыстар жүрігізеді.