Сапаров Еркін Базарғалиұлы "Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"ММ басшысы"

Сапаров Еркін Базарғалиұлы 1961 жылы 1 шілде айында Мәстексай ауылында дүниеге келген.

1968-1978 жылдары аралығында Жаңақазан ауылы Киров атындағы орта мектепті бітірді.

1978-1979 жылдары Жаңақазан ауылында құрылысшы болып жұмыс жасаған.

1979-1984 жылдары Орал қаласы ауылшаруашылық институтын толықтай бітіріп зоотехник мамандығы бойынша дипломымды алған.

1984-1990 жылдары Мәстексай ауылында Зоотехник, Комсомол секретары, Кәсіподақ төрағасы (профсоюз) қызметтерін атқарған.

1990-1997жылдары Жаңаталап, Мәстексай ауылдарында бас зоотехник болып қызмет істеген.

2000-2010 жылдары Мәстексай ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарды.

2010 жылдан - Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

Қабылдау күні: сәрсенбі сағат: 09-00-16-00 Мекен-жайы: БҚО Жаңақала ауданы,Халықтар достығы 69 үй

 

Мемлекеттік мекеменің толық атауы

«ЖАҢАҚАЛА АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІ»

Орналасқан жері

Жаңақала ауданы,  Халықтар достығы көшесі, 69

Бөлім телефондары

8(71141) 21-9-30 сенім телефоны

8-71141-22-2-58

8-71141-21-9-31

8-71141-21-9-32

 

«Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

Атқаратын міндеті мен өкілеттілігі:
Мүгедектер мен басқаларды әлеуметтік оңалтуға көмек көрсету және тұрғын үй көмегін тағайындау.

Заңды негіздемелер:
Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудан әкімдігінің 2013 жылғы 15 сәуіріндегі  №119 қаулысы, бөлім ережесі.

Бөлім басшысы
Сапаров Еркін Базарғалиұлы
тел.: 21-9-30
Қабылдау күні: сәрсенбі, бейсенбі сағат 09-00-ден 18-00 дейін Халықтар достығы №69 мекенжайында

Бөлім басшысының орынбасары:
Досқалиева Қорлан Орынтайқызы тел.: 21-9-31

Әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастар секторы.

Жаңақала ауданында әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссия отырыстарын жоспарлап өткізу, онда қаралған мәселелерді бақылауда ұстау. Аудан бойынша 2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларын тиісті деңгейде орындалуын қамтамасыз ету.

Ардагерлер мен мүгедектер жұмысы секторы.

ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, мүгедектерге, мүгедек-балаларға, аз қамтылғандар және басқа да санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және балалар жәрдемақысы және тұрғын үй көмегі секторы.

Отбасының орташа кірісі кедейлік шегінен төмендерге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және отбасының жан басына шаққандағы кірісі күнкөріс деңгейінен төмен болғанда өмірлік қиын жағдайға тап болған кезде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетеді.Отбасының орташа кірісі белгіленген нормадан артық болса коммуналдық қызметтерді тұтынғаны үшін шығындарына тұрғын үй көмегі ұсыну.

 

«Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 2019 жылдың IІ тоқсаны бойынша атқарылған жұмыс туралы ақпарат

15 шілде 2019.

Әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастар бөлімі

Жаңақала ауданында әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін аудандық үшжақты комиссиясы жұмыс жасап, 2019 жылы 2 отырыс өткізіліп, 4 мәселе қаралды.

  1. ҚР "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру" жүйесін халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу және бейресми жұмыспен қамтылған тұрғындарды аудан экономикасына тарту үшін азаматтарға мәртебе беру жұмыстарын жүргізу үшін, аудан аумағында құрылған өңірлік штаб мүшелерінің жұмыстарының атқарылуы.
  2. "Өзін өзі жұмыспен нәтижесіз қамтыған " және "тіркелмеген жұмыссыз " адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бекітілген өңірлік кешенді жоспарына сәйкес, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 бағдарламасына қатыстыру, оқыту, әлеуметтік жұмыс орнына тұрақты орналастыру.
  3. "Парыз 2019 " бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық байқауына қатысушыларды анықтау, іріктеу және конкурсқа дайындау жұмыстарын ұйымдастыруды ауыл округі әкімдеріне тапсыру.
  4. жұмыспен қамтылған Еңбек жолы " конкурсына 3 номинация бойынша қатысушыларды анықтап, тиісті құжаттарын жинақтауды ұйымдастыруды ауылдық округіне тапсыру.

"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру" жүйесін халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу және бейресми жұмыспен қамтылған  тұрғындарды аудан экономикасына тарту үшін азаматтарға мәртебе беру жұмыстарын жүргізу үшін, аудан аумағында  2018-2019 жылдарға арналған (Жол карта)  іс-шаралар жоспарының негізгі бағыттарына сәйкес біркелкі жұмыстар атқарылып, барлық  мәртебе бойынша 2808 адамның мәртебесі өзектеніп, 87,0 пайызды құрады.  Бекітілген  "Меморандум"ның  негізгі нысаналы индикаторлары тиісті дәрежеде орындалуда.

Атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегі тағайындау бөлімі.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес, халықтың әлеуметтік осал бөлігін қорғау мақсатында  отбасының " жан басына шаққандағы орташа табысы, ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызының айырмасы" (ал 2019 жылдың 1 сәуір айынан бастап 70 пайызының айырмасы) шегінен аспайтын жағдайда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленуде.  Барлығы 2019 жылға атаулы әлеуметтік көмек 692 отбасына 158 354,0 мың теңге төленді.

Аудандық маслихаттың 2014 жылғы 13 наурызындағы № 16-2 «Жаңақала ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне сәйкес 2019  жылы  123 жанұяға 6511,3 мың теңге тұрғын үй көмегі тағайындалып аударылды.

Ардагерлермен мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оңалту бөлімі.

Биылғы жылы   аудан  бойынша жалпы мүгедектер саны 773 адам, оның ішінде   І топ мүгедегі – 69  адам, ІІ топ мүгедегі -181 адам, ІІІ топ мүгедегі - 249 адам, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны 98-ді  құрайды. 18 жастан асқан бала жастан мүгедектер – 176.

«Капустин Яр» және «Азғыр» әскери сынақ полигондары әсерінен зардап шеккен, полигондармен шектесетін аумақтарда  тұратын мүгедектерге көрсетілетін көмектер тоқтатылмай, жергілікті бюджет есебінен ай сайын әлеуметтік төлемдер төленіп келеді.

Осы бағытта 2019  жылдың 6 айында  «Капустин Яр» және «Азғыр» әскери сынақ полигондары әсерінен зардап шеккен аумақтарда тұратын 773 мүгедекке жергілікті бюджет есебінен  алты айлыққа 18524,3 мың теңге  әлеуметтік көмек төленді. Сондай – ақ   аз қамтылған 97 отбасыларына 1986,6 мың теңге әлеуметтік көмектер  төленді.

Қазіргі заманғы мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басты мақсаттарының бірі – әр адамның өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруына және абыройлы өмір сүруіне жағдай жасау болып табылады. Сондықтан мүмкіндіктері шектелген азаматтардың кәсіптік оңалтылуы – жұмыспен қамтылуы басты мәселе болып отыр.  Мүгедектерді жұмысқа орналастыруға және кәсіпкерлікпен айналысуға ынталы адамдарға қолдау көрсетуде. Осы орайда 2019 жылдың  алты айында   1  мүгедек  ақылы қоғамдық жұмысқа, 3 мүгедек тұрақты жұмысқа, 5 мүгедек кәсіптік оқуға, 1 мүгедек  жастар тәжірбиесіне жолданып және 1 мүгедек грант иесі болды. 2019 жыл басынан  14  балаға 83,1 мың  теңге үйде оқытылатын мүгедек балаларға   материалдық көмек төленді.

Мүгедектердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік транспорттық инфрақұрылым объектілерін паспорттау мен бейімдеу жұмыстарына  сәйкес аудан бойынша 95 әлеуметтік инфрақұрылым нысан бар. Соның 86-сына паспорттау жұмыстары жүргізіліп нәтижесінде 9 инфрақұрылым нысанына бейімдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланды.