2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (rar, 697 Kb)

ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫНЫҢ 2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН АЙМАҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

2016-2020 жылдарға арналған Жаңақала ауданының аумағын дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары (rar, 164 Kb)

Жаңақала ауданының 2016-2020 жылдарға арналған аумағын дамыту бағдарламасын іске асыру туралы есеп. Есепті жыл: 2016 (rar, 39 Kb)


Аналитикалық жазба

2016-2020 жылдарға арналған Жаңақала ауданының аумақтық  дамыту бағдарламасы іске асыру есептері.

1 бағыт  Экономика

1.1 Мақсаты - «Бюджетке түсім»  . Салықтық әкімшілендіру арқылы бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдердің түсуінің толықтығын қамтамасыз ету  бойынша 2016 жылғы жоспары 105,3 % ,орындалғаны 106,3 %,

1.2  Мақсаты  - «Өңдеуші өнеркәсіп өсу бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлемінің индексінің 2016 жылғы жоспары бойынша  104,6 %,   орындалғаны 100,2 % құрайды,

Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 2016 жылғы жоспары бойынша  28,5

мың  теңге,   орындалғаны 481,1мың  теңге құрайды.

1.3 Мақсаты - «Азық-түлік қауіпсіздігі»   Аудан бойынша  ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 7398,1 млн теңге болып,  118,2 %-ды құрады.  Ұйымдастырылған шаруашылықтардағы мүйізді ірі қара  басының үлесі  59,5% болып, жоспардан  3,5 пайызға өсті. Ұйымдастырылған шаруашылықтардағы  ұсақ қара мүйізді мал басының үлесі 62,9% болып, 1,8 пайызға өсті. Тұқымды түрлендіруге қатысатын мүйізді ірі қара  мал үлесі 60,7%  болып, жоспардан 29,4 пайызға артық орындалды. Тұқымды түрлендіруге қатысатын ұсақ мүйізді ірі қара  мал үлесі 24,3%  болып, жоспардан 6,9 пайызға кем орындалды. Себебі шаруашылықтардың асыл тұқымды қошқар сатып алмауына байланысты тұқымдық түрлендіруге қатысатын малдардың басы  кеміді. 2016 жылы ірі қара малының тұқымдық түрлендіруге 14411 бас қатысып 262,2 млн. теңге субсидияланды. Ұсақ мүйізді қара малының  2015 жылы аудан шаруашылықтарының 23295 басы тұқымдық түрлендіруге қатысса, 2016 жылы 22649 бас қатысып,  28.4 млн. теңге субсидияланды. Мал бордақылау алаңдарының құрлысы салынды. Құжаттары жасалуда.

1.4 мақсат - «Шағын және орта кәсіпкерлікті кеңейту және нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау, кәсіпкерлік ортасының бастамаларын іске асыру, шағын және орта кәсіпкерліктің бәсекелестікке қабілеттілігін көтеру»  Тіркелген  шағын және орта кәсіпкерліктің әрекеттегі субъектілерінің үлесі бойынша 2016 жылы жоспар 1023 бірлік, орындалғаны 1123 бірлік. Тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің әрекеттегі субъектілерінің үлесі бойынша  2016 жылғы жоспары  94,2 %,   орындалғаны 106,8% құрды. Бөлшек сауданың нақты көлем индекс бойынша  2016 жылғы жоспары  106,5%,   орындалғаны 156,7% құрды. Жан басына шаққандағы бөлшек тауар айналымының ұлғаюы  бойынша 2016 жылғы жоспары  114,9%,   орындалғаны 154,4% құрды.

1.5 Мақсаты- «Ауданға  тікелей инвестиция тартуға қолайлы жағдайлар туғызу» Халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға инвестициялар бойынша  2016 жылғы жоспары  71,4 мың.теңге,   орындалғаны 58,4 мың .теңге құрды.Негізгі капиталға  салынған инвестициялардың нақты көлем индексі бойынша  2016 жылғы жоспары  100%,   орындалғаны 46,3 % құрды.

2015 жылы  Сарыкөл, Жуалыой ауылдарында 108 орынды мектеп   құрлысы , Жаңақала ауылында  600 орынды мектеп және  100 орындық мектеп жанындағы интернат  құрылыстары жүргізілді, 2016 жылы құрылыстың төмендеуі.

1.6 Мақсаты-«Тірек АЕМ тұрғындар санының көбеюі». Тірек АЕМ тұрғындар санының көбеюі 2016 жылғы жоспары  2,2 мың.адам ,   орындалғаны 2,5 мың .адам құрады.

2 - бағыт. Әлеуметтік сала

2.1 мақсат « Білімнің сапасын, қолжетімділігін жақсарту және құқық сақтау жүйесінің тиімділігін және балалардың заңды мүдделерін қорғауын көтеру»Жаңақала ауданы бойынша апатты және үш аусымда оқитын мектептер жоқ.Жаратылыстану-математика бағыты бойнша мектеп түлектерінің арасындағы жақсы, озат бітірген оқушылардың үлесі 42,3 % құрайды әлде 1619 оқушы. Жалпы балалардан  мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивтік білім берумен қамтамасыз ету 43,8 % құрайды немесе  84 бала.

3-6 жастағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қатамасыз ету 99,7 % құрайды әлде   1502 бала.

2.2 мақсат « Халықтың денсаулығын жақсарту»  2 индикатор бойынша жетістік төмен деңгейде. Сәби өлімі бойынша 20 пайызға өсім көрсетіп отыр, обыр ауруларыныан өлім 29 пайызға өсіп отыр. Болашақта бала өлімін алдын алу үшін сәби және балалар өлімін алдын алу жоспары жасақталды. Обыр аурушандығын және өлімін төмендету, алдын алу үшін келісілген ведомствоаралық жоспар жасақталды. Барлық сәби өлімдері аудандық штабта талқыланды.

2.3 Мақсаты - Халықтың жұмыспен қамтылу деңгейінің өсуі 2016 жылы ауданның еңбек нарығының жұмыссыздық деңгейін 5 % құрап орнықтылығымен сипатталады .Экономикалық белсенді халықтың саны 13756 адам.Ауданда  жұмыссыз 1148 адамға     әлеуметтік қорғау шараларына  өткізіліп, соның ішінде 506 адамды тұрақты жұмысқа   орналастырылды. 2016 жылы  жұмысқа орналасу мәселесі бойынша өтініш білдірген азаматтарды саны 984 адам болды .2016 жылы атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар саны төмендеді.  2016 жылы 26  отбасы ішінде 126 адамға 7180.3 мың тенге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды .Әлеуметтік салада 2016 жылғы жоспарланған нысаналы индикаторлар  орындалды.

2.4 мақсат «Аймақтың тарихи-мәдени мұрағатын сақтау, отандық мәдениет және өнердің кең насихаты» 2016 жылы Кітапхана оқырмандарының көрсеткіші 13928 адамды кұрады. Мәдени-көпшілік шараларға қатысушылардың  саны 122700 адамды құрады.

2.5 мақсат «Бұқаралық спортты және жоғары жетiстiктер спортын дамыту» Жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысатын барлық жастағы азаматтарды қамту көрсеткіші 23,5 пайызды көрсетті, яғни 7218 адамды құрады. Балалар мен жасөспірімдердің жалпы санынан  дене шынықтыру және спортпен айналысатын  7-18 жастағы  балалар мен  жасөспірімдердің үлесі-12,7 пайызды құрады, ауданда 4555 оқушы болса соның спортпен айналысатын  балалар-мен жасөспірімдердің саны 540 адамды құрайды.

2.6 Мақсаты  « Үш тілді дамыту»      Мемлекеттік тілді меңгерген ересек адамдардың үлесі 100 пайызды құраса,  ағылшын тілін меңгерген ересек адамдардың  үлесі 15 пайызды құрады, яғни 2663 адам. Үш тілді меңгерген ересек адамдардың үлесі(мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдері) 10 пайызды құрады, бұл жалпы ауданның ересек адамдарынан шаққанда 1775 адамды құрайды.

3бағыт. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

3.1. мақсат - «Әлеуметтік қолайлы өмір қорғау деңгейін, денсаулық сақтау, құқықтарын, бостандықтары мен азаматтардың заңды мүдделерін жасау және сақтау»Көшеде жасалған қылмыстардың үлес салмағы бойынша  2016 жылғы жоспары   8,4  % ,   орындалғаны  16,5 % құрайды.  Жол-көлік оқиғасы салдарынан қайтыс болғандардың (100 адамға шаққанда) санының төмендеуі 2016 жылғы жоспары бойынша  30 бірлік ,   орындалғаны 0 бірлік аудан жол-көлік оқиғаларына қайтыс болған адмдар тіркелмедіКәмелетке толмағандар тарапынан жасалған қылмыстардың үлес салмағы  2016 жылғы жоспары бойынша  жоспары   2,8  % ,   орындалғаны  2,4   % құрайды. Бұрын қылмыс жасаған тұлғалар тарапынан жасалған  қылмыстардың үлес салмағы 2016 жылғы жоспары бойынша   18 % ,   орындалғаны  17,8   % құрайды

4 Бағыт. Инфрақұрылым

4.1 Мақсаты «Құрылысты дамыту»

1.Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі  Жаңақала ауданында 2016 жылға құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 105 пайызға жоспарланды. Нақты көрсеткіш 88,8 пайызды құрап отыр. 2016 жылғы құрылысқа бөлінген қаражат 2015 жылдағыдан аз болып отыр. Соның әсерінен пайыздық көрсеткіш төмендеп отыр.

2. Пайдалануға берілетін тұрғын құрылыстардың жалпы алаңы Жаңақала ауданында құрылыс саласы бойынша тұрғын үй құрылысы мен оның пайдалануға берілу көрсеткіші соңғы жылдары қарқынды жүргізілуде. Статистика мәліметіне көз жүгіртетін болсақ, 2013 жылы 5164 шаршы метр, 2014 жылы 5612 шаршы метр, 2015 жылы 5866 шаршы метр тұрғын үй алаңы пайдалануға беріліп отыр. 2016 жылға бұл жоспар аумақты дамыту жоспары бойынша 5900 шаршы метр. 2016 жылдың қаңтар - желтоқсан айлары бойынша 7154 шаршы метрге жетіп отыр. 5526 шаршы метр жеке құрылыс салушылар есебінен, 1628 шаршы метр мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен.

4.2 Мақсаты «Көлік инфрақұрылымын жетілдіру» Аудандық маңызы бар автобиль жолдарының үлесі , жақсы және  қағаттанарлық жай-күйі 3,8 % құрады жоспары бойынша 3,8 %.

Аудандық маңызы бар автобиль жолдарының  жақсы және канағаттанарлық  ұзындығы 2 км , жалпы ұзындығы 166,8 км немесе 1,2 %, жоспары 1,2 %.

Автомобиль жолдарының ұзындығы  елді - мекендер көшелерінің жақсы және қанағаттанарлық жай-күйі 9,7 км жалпы ұзындығы 142,9 км немесе 6,8% құрайды.

5 бағыт- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық.

5.1 Мақсаты    - Сапалы мемлекеттік қызметтер тұтынушыларды қамтамасыз ету және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық тиімділігін және жаңғырту арттыру . 1. ТКШ жаңғырту үшін 2015-2016 жылдары қаражат бөлінген жоқ. 2. Ауылдық елді мекендердің орталықтандырылған ауыз суға қосылуы . Аудан бойынша елді мекендердің орталықтандырылған ауыз суға қосылуы 33,3 пайызды құрап отыр. Бұл көрсеткіштің орындалуы жаңадан іске асырылатын жобаларға байланысты болып отыр. «БҚО Жаңақала ауданы Жаңақала топтық су құбыры құрылысы» жобасы іске асса, онда ауданның 3 елді мекені орталықтандырылған ауыз суға қосылатын болады. Бұл көрсеткіш 45 пайызға өсетін болады.

3. Халықтың орталықтандырылған сумен қамтылуы.

Халықтың орталықтандырылған сумен қамтылуы 33,3 пайызға жоспарланды. Бұл көрсеткіштің орындалуы жаңадан іске асырылатын жобаларға байланысты болып отыр. Жаңақала ауылында 32,7 км су құбыры тартылып, 384 аулаға су барды. Нәтижесінде пайыздық көрсеткіш 41,6 пайызға өсті.

6 бағыт .  Экология және жер ресурстары

6.1 Мақсаты - Қоршаған ортаның сапасы жетілдіру. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi тиiмдi пайдалану.      Жаңақала  ауылында қатты  тұрмыстық қалдықтарды «Қамыс-Самар» ЖШС -гі шығарады  және орналастырады. Халық 8439 адам немесе 37 % , жоспар бойынша 37 %  қамтамасыз етілген. Қоршаған ортаның сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жалғасатын болады.ҚТҚ-ды орнастыру  үшін  аудан 13 орын бар бірақ олар экологиялық  талаптарына  және  санитарлық қағидаларға  сәйкес келмейді.

7 бағыт. Мемлекеттік қызметтер

7.1 Мақсаты- «Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыру» Жаңақала  ауданының дербес бөлімдер мен ауылдық округ әкімі аппараттары  бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жетпіске жуық түрлері бойынша жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетіп келеді.

Ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында аудандық бөлімдер мен ауылдық округ әкімдіктерімен 40037 қызмет көрсетілді. 2016жылы 95% (38035 қызмет)көрсетілетін қызметті алушы қызмет көрсету сапасын бағалады «жақсы», 5% (2002 қызмет)- «қанағаттанарлық, 0% - «нашар».

Аудан бойынша есептік кезеңде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту, мерзімінің бұзылу фактілері және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына жеке және заңды тұлғалардан шағымдар түскен жоқ.