Жаңақала ауданы бойынша 2017 жылдың 1 қаңтар айына бюджеттің орындалуы жөнінде есебіне түсіндірме.

 

Жаңақала ауданының 2016 жылға арналған бюджеті 2015 жылдың 25 желтоқсан айында № 3-1 мәслихат шешімімен бекітілді.

Аудандық бюджеттің кіріс жағының есепті кезеңдегі жоспары 3926268,0 мың тенге болғанда, орындалғаны  3986726,2   мың теңге. Орындалу пайызы 101,5 %

 

Кірістер  жағы  соның ішінде,

- Салықтық түсімдер                                             - 607679,4 мың теңге

- Салықтық емес түсімдер                                     - 4683,1 мың теңге

- Негізігі капиталды сатудан түскен түсімдер      - 2131,4  мың тенге

- Ағымдағы нысаналы   трансферттер                 - 1274641,0 мың теңге

- Нысаналы  даму  трансферттер                          - 299428,0 мың теңге

- Субвенциялар                                                     - 1682699,0 мың теңге

- Бюджеттік кредиттерді өтеу                               -  16549,4 мың теңге

- Бос қалдық                                                          - 32103,9 мың теңге

- Қарыздар түсімі                                                  - 66811,0 мың теңгеге

орындалды.

 

Шығыстар - 3926268,0   мың теңге;

 

Есепті кезеңде аудан бойынша бюджеттің шығыс жағының жоспары  3926268,0  мың теңге, бюджет 3911601,4   мың теңгеге игеріліп, орындалуы 99,6 % құрады.

Орындалу есебі бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне тоқталатын болсақ:

-Жалпы сипаттағы бағдарлама бойынша калдық қаражат-3447,7 мың теңге. Соның ішінде:  2017,5  мың теңге мемлекеттік сатып алу порталы бойынша үнемделген қаражат,  1430,2 мың теңге қалдық қаражат.

- Қорғаныс  бойынша  қалған қаражат- 1,1 мың  теңге үнемделген қаражат.

-  Білім беру бөлімі   бойынша қалған каражат- 5252,1 мың теңге.

Соның ішінде: 3472,0 мың теңге мердігердің уақытылы тауарларды  жеткізбеуіне байланысты  қаражат аударылмаған, 652,0  мың теңге мемлекеттік сатып алу порталы бойынша үнемделген қаражат, 1128,1 мың теңге қалдық қаражат.

-Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламасынан игерілмеген қаржы - 844,8  мың теңге, соның ішінде: 329,7 мың теңге оқудың құнының түсуіне байланысты қалдық қаражат, 478,0 мың теңге қызметкерлерді қайта даярлау мемлекеттік гранттан үнемделген қаражат,   37,1 мың теңге қалдық қаржат.

Тұрын-үй коммуналдық шаруашылық бойынша  қалдық қаражат - 1526,9  мың теңге. Соның ішінде: 1468,2 мың теңге мемлекеттік сатып алу порталынан конкурстың қорытындысы бойынша үнемделген қаражат, 58,7 мың теңге қалдық қаражат.

-Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеністік бағдарламасы бойынша  - 954,6 мың теңге. Соның ішінде: 762,6 мың теңге еңбек ақы қоры есебінен үнемделген қаражат,  192,0 мың теңге қалдық қаражат.

-Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы бағдарламасы бойынша -200,1 мың теңге. Соның ішінде: 121,0 мың теңге мемлекеттік сатып алу порталынан конкурстың қорытындысы бойынша үнемделген қаражат, 79,1   мың теңге қалдық қаражат.

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысыжәне құрылыс қызметі бойынша -29,9 мың теңге қалдық қаражат.

Көлік және коммуникациялар бойынша - 44,3 мың теңге қалдық қаражат.

Басқалардан игерілмеген қаражат мөлшері - 2365,1 мың теңге. Соның ішінде: «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы бойынша 398,4 мың теңге мемлекеттік сатып алу порталынан конкурстың қорытындысы бойынша үнемделген қаражат, 1965,0 мың теңге мердігердің жұмыстарды атқару жоспарынан кешігуіне  байланысты қаражат аударылмаған,  1,7 мың теңге қалдық қаражат.

Борышқа қызмет көрсету функционалдық тобы бойынша есепті кезеңде жоспар 152,0 мың теңге болғанда, орындалғаны  152,0 мың теңге. Орындалуы             100 % құрады;

Трансферттер функционалдық тобы бойынша есепті кезеңде жоспар 16423,0 мың теңге болғанда, орындалғаны  16423,0 мың теңге. Орындалуы    100 % құрады;

Қарыздарды өтеу функционалдық тобы бойынша есепті кезеңде жоспар 15548,0 мың теңге болғанда, орындалғаны 15548,0 мың теңге. Орындалуы    100 % құрады;

 

Жаңақала аудандық экономика

және қаржы бөлімінің басшысы                            Ж.Басирова


Аудандық бюджетті әзірлеу кезеңдері

Бюджеттік инвестицияларды іске асыру және жоспарлау кезеңдері

Бюджеттік процестің заңнамалық базасы

-

Қазақстан Республикасындағы бюджет процесі

-

Азаматтық бюджетті жасау әдістемесі

Негізгі көрсеткіштер бойынша ақпарат

-

2011-2013 жылдарға арналған аудандық бюджеттің негізгі параметрлері бойынша ақпарат

-

2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджеттің негізгі параметрлері бойынша ақпарат

-

Жаңақала аудандық мәслихатының 2012 жылғы 23 шілдедегі №4-4 «Жаңақала аудандық облыстық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы №34-2  «2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі

 -

Жаңақала ауданы бойынша 2012 жылдың 1 шілде айына бюджеттің орындалуы жөнінде есебіне түсіндірме

-

Жаңақала ауданы бойынша 2011 жылғы бюджетінің атқарылуы бойынша жылдық есепке түсіндірме жазба

Қазақстан Республикасының бюджет процесі (жергілікті деңгей)