15.01.2018-ғы № 191 шығыс хаты

15.01.2018-ғы № 94 кіріс хаты

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2018 жылғы

     «    »                        №

 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару сатысында азаматтық бюджетті жасау және ұсыну қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару сатысында азаматтық бюджетті жасау және ұсыну қағидалары (бұдан әрі –Қағидалар)2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 67-1-бабына сәйкес әзірленді жәнереспубликалық және жергілікті бюджеттердің қалыптастырылуы және атқарылуы туралы қоғамдыхабардар ету мақсатында азаматтық бюджетті жасау және орналастыру тәртібін айқындайды.

2. Азаматтық бюджет – жұртшылыққа қолжетімді нысанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын республикалық және жергілікті бюджеттердің негізгі ережелерін ашатын ақпарат.

3. Азаматтық бюджетті жариялау интернет-ресурстар, мерзімді баспа басылымдары мен бұқаралық ақпаратты мерзімді немесе үздіксіз жариялы таратудың өзге де нысаны пайдаланыла отырып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асырылады.

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында «Азаматтық бюджет» жеке салымында құрылады.

4. Азаматтық бюджетті:

республикалық бюджет бойынша– мемлекеттiк жоспарлау, бюджеттік жоспарлау, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдар;

жергілікті бюджет бойынша – облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала), аудандық маңызы бар қала,ауыл, кент, ауылдық округ деңгейінде – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерінің аппараттары;

бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде бюджет шығыстары бойынша – бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жасайды.

5.Азаматтық бюджет бюджет процесінің мынадай сатыларында: жоспарлау, бекіту, нақтылау, атқару кезінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қорытындылары бойынша жасалады.

6. Азаматтық бюджеттің мазмұны қысқа, түсінікті және азаматтар үшін оңай ұғынылатын болуға тиіс, оны жариялаған кезде инфографика, суреттер, схемалар, диаграммалар, кестелер және басқа да таныстыру нысандары пайдаланылады. Көлемді материалдар машина оқитын форматта ұсынылады (мысалы, кестелер – Excel-де, мәтіндік материал – Word-та).

7. Мемлекеттік бюджеттің бөлімдері осы өңірлерге тән өзге де ақпараттармен толықтырылуы мүмкін. Мысалы, білім беру саласында қосымша ынталандыру төлемдері, халыққа әлеуметтік көмек көрсету, жұмыссыздық деңгейі.

 

 

2-тарау. Азаматтық бюджеттi жасау

 

1-параграф. Қазақстан Республикасының бюджеттік процесінің қысқаша сипаттамасы

 

8. Азаматтық бюджетті жасау кезінде мемлекеттiк жоспарлау, бюджеттік жоспарлау, бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органдардың және мемлекеттiк жоспарлау, бюджеттi атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері аппараттарының ресми интернет-ресурстарында (бұдан әрі – уәкілетті органдардың интернет-ресурстары) «Азаматтық бюджет» салымында Қазақстан Республикасының бюджеттік процесінің қысқаша сипаттамасы орналастырылады.

9. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдар, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары бюджетті жоспарлаудың негізгі рәсімдерін көрсетеді:

республикалық бюджетті, облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетін, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетін кім және қалай жоспарлайды;

республикалық бюджетті, облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қала, астанабюджетін, аудандық (облыстық маңызы бар қала)бюджетті, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетін кім қарайды және қандай нормативтік құқықтық актілерге сәйкес бекітіледі;

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда түзетулердің қысқаша ақпараты, түзетулердің қашан және қандай себептермен енгізілгені көрсетіледі.

Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары бюджетті атқарудың негізгі рәсімдерін көрсетеді:

республикалық бюджеттің, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің, аудандық (облыстық маңызы бар қала), аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуын кім қамтамасыз етеді;

түсімдер мен шығыстар бойынша тиісті бюджетті атқарудың негізгі кезеңдері;

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда түзетулердің қысқаша ақпараты, түзетулердің қашан және қандай себептермен енгізілгені көрсетіледі;

есепті қаржы жылына бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептің жасалуы, қаралуы және бекітілуі көрсетіледі.

 

 

2-параграф. Бюджетті жоспарлау (қалыптастыру) және бекіту (нақтылау) сатысында

 

10. «Бюджетті жоспарлау (қалыптастыру) және бекіту (нақтылау) сатысында» бөлімі «Қазақстан Республикасының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері» немесе «Өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері», «Республикалық бюджеттің түсімдері мен шығыстары», тиісті бюджеттің «Дефициті (профициті)» деген кіші бөлімдерді қамтиды және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдар, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары жасайды.

11. «Қазақстан Республикасының негiзгi әлеуметтiк-экономикалықкөрсеткiштерi» деген кіші бөлім Қазақстан Республикасының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша болжамды ақпаратты қамтиды, оның ішінде: Жалпы ішкі өнім (бұдан әрі – ЖІӨ)көлемі, ЖІӨ нақты өзгерісі, алдыңғы жылға %-да;халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ;мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі;мұнайдың орташа жылдық әлемдік бағасы; инфляция; тауарлардың экспорты мен импорты;сауда теңгерімі сальдосы ментиісті кезеңге бюджеттік шығыстардың мемлекеттік саясаты туралы жалпы көрініс беретін жоспарланған үш жылдық кезеңге республикалық бюджеттің негізгі өлшемдері. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда республикалық бюджеттің негізгі өлшемдерінталдау келтіріледі.

Республикалық деңгейде мынадай көрсеткіштерді қамтитын негізгі әлеуметтік көрсеткіштер көрсетіледі: ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері, айлық есептік көрсеткіш, ең төменгі және орташа айлық номиналды жалақы мөлшері, ең төменгі зейнетақы мөлшері және базалық зейнетақы төлемі, жұмыссыздық деңгейi.

«Өңірдің негiзгi әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерi» деген кіші бөлімтиісті кезеңге бюджеттік шығыстардың мемлекеттік саясаты туралы жалпы көрініс беретін жоспарланған үш жылдық кезеңге облыстық деңгейде, республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде негiзгi әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерi, алдыңғы жылдармен салыстырғандағы Жалпы өңірлік өнімнің (бұдан әрі – ЖӨӨ) болжамды деңгейі бойынша ақпаратты қамтиды.

Жергілікті бюджеттер деңгейінде айлық есептік көрсеткіш, ең төменгі және орташа айлық жалақы мөлшері, ең төменгі зейнетақы мөлшері, стипендия, жәрдемақы мөлшері көрсетіледі.

12. «Бюджеттің түсімдері мен шығыстары» деген кіші бөлім алдыңғы жылдармен салыстыру жолымен үш жылдық кезеңге жоспарланып отырған бюджет түсімдері мен шығыстары туралы ақпаратты қамтиды.

13. Бюджет түсімдерінде мыналар: 

салық түсiмдерi;

салықтық емес түсімдер;

негiзгi капиталды сатудан түсетін түсімдер; 

трансферттер түсімдері бойынша талдамалы ақпарат көрсетіледі.

14. Бюджет шығыстарындафункционалдық топтар бөлінісінде мемлекеттiк бағдарламаларды іске асыруға бағытталған шығыстарға талдау,сондай-ақ алдыңғы жылдармен салыстырғандағы жоспарланған үш жылдық кезеңге негізгі басым бағыттар бойынша шығыстарға талдау келтіріледі.

15. Бюджеттің «Тапшылығы (профициті)» деген кіші бөлімдетиісті кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихат шешіміне сәйкес республикалық бюджеттің тапшылығын (профициттіпайдалану) қаржыландыру көлемінің деректері көрсетіледі.

16.Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген үкіметтік борыш лимиті туралы ақпарат көзделеді.

17. Азаматтық бюджет шығыстарының негізгі бағыттары бойынша республикалық бюджет жобасына мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының алдын ала бағалауы туралы ақпаратты қамтиды.

18. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері «Бюджетті жоспарлау (қалыптастыру) және бекіту (нақтылау) сатысында» деген бөлімді:

жоспарланып отырған шығыстарды сипаттай отырып және млн. теңгеде сомаларды көрсете отырып, тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштерімен бюджеттік бағдарламалар туралы;

мемлекеттік бағдарламалар бойынша жоспарланып отырған шығыстар туралы ақпаратты енгізе отырып, жасайды.

 

 

3- параграф. Бюджеттi атқару сатысында

 

19. «Бюджетті атқару сатысында» деген бөлім ай сайынғы негізде қалыптастырылады. Бір рет жарты жылдық қорытындылары (жарты жылдық шолу) шығарылады. Жыл қорытындысы бойынша жылдық азаматтық бюджет (жылдық шолу) жасалады.

20. Ай сайынғы азаматтық бюджетте бюджетті атқару сатысында мынадай сипаттағы ақпарат көрсетіледі: кірістер мен шығыстардың баптары бойынша атқару.

Кірістер бойынша есепті кезеңге жоспарлы деректермен салыстырғандағы, есепті жылға жоспарлы деректермен салыстырғандағы, сондай-ақ тиісті есепті күнге алдыңғы кезеңдердің (кемінде соңғы үш жыл) нақты деректермен салыстырғандағы есепті деректер көрсетіледі. Есепті кезеңде кірістердің өсуі/азаюы қандай түсімдердің есебінен болғаны туралы ақпарат ашылады.

Шығыстар бойынша есепті кезеңге жоспарлы цифрлармен салыстырғандағы, есепті жылға жоспарлы цифрлармен салыстырғандағы, сондай-ақ тиісті есепті күнге алдыңғы кезеңдердің (кемінде соңғы үш жыл) нақты цифрларымен салыстырғандағы ағымдағы атқару көрсетіледі. Шығыстардың негізгі басым бағыттары көрсетіледі (деректер үдемелі қорытындымен көрсетіледі).

21. Бюджетті атқару сатысындаазаматтық бюджетті жартыжылдықта және жылдық шолуда ай сайынғы негізде берілетін ақпаратқа қосымша мыналарға:

негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің (ЖІӨ/ЖӨӨ, инфляция деңгейі, жұмыссыздық деңгейі және т.б.) атқарылуына;

нақты атқарылуы ескеріле отырып, толық қаржы жылына экономикалық болжамды, кірістер мен шығыстар болжамын қоса алғанда, бюджетті нақтылау себептері мен көздерін көрсете отырып, бекітілген бюджетпен салыстырғандағы тиісті қаржы жылына бюджет параметрлерін нақтылауға талдау жүргізіледі.

22. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері нысаналы индикаторларға қол жеткізу туралы стратегиялық жоспар көрсеткіштерін орындау нәтижелерін, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарларының орындалуы туралы есептерді, қайырымдылықтан түскен түсімдер мен ақша жұмсалуы туралы есептерді және мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау қорытындысы бойынша ақпаратты орналастыра отырып, «Бюджетті атқару сатысында» деген бөлімді жасайды.

 

 

4-параграф. Республикалық деңгейдегі мемлекеттік борыш

 

23. «Республикалық деңгейдегі мемлекеттік борыш» деген бөлім борыш құрылымы бойынша бөліністегі соңғы бес жылдағы мемлекеттік борыштың (Қазақстан Республикасы Үкіметінің борышы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің борышы, жергілікті атқарушы органдардың борышы) серпінін қамтиды. Сондай-ақ, мемлекеттік борыштың ЖІӨ-ге қатынасын сақтау көрсетіледі.

 

 

5-параграф. Бюджетті бақылау (аудит) сатысында

 

24. «Бюджетті бақылау (аудит) сатысында» деген бөлім бақылау-тексеру жұмысы және бақылау іс-шараларының қорытындылары туралы ақпаратты қамтиды.

 

 

3-тарау. Азаматтық бюджетті орналастыру тәртібі

 

25. Азаматтық бюджет бюджеттік жоспарлау, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдардың және мемлекеттік жоспарлау мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері аппараттарының ресми интернет ресурстарында мемлекеттік және орыс тілдерінде, қажет болған жағдайда ағылшын тілінде орналастырылады.

Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері аппараттарының ресми интернет ресурстары болмаған кезде аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің «Азаматтық бюджет» салымы жоғары тұрған бюджетті мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың интернет-ресурсында орналастырылады.

Пайдаланушылардың қолайлылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік жоспарлау, бюджеттік жоспарлау, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның «Азаматтық бюджет» салымы бойынша интернет-ресурстарға өзара сілтемеге жол беріледі.

Халықты кеңінен хабардар ету үшін аудан деңгейіндегі (облыстық маңызы бар қала деңгейіндегі) азаматтық бюджет баспа бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

26. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда Қазақстан Республикасының бюджет процесінің заңнамалық базасы және бюджет процесінің схемасы жиырма күнтізбелік күн ішінде тиісті нормативтік құқықтық актілер қолданысқа енгізілгеннен кейін жаңартылады.

27. «Бюджетті жоспарлау (қалыптастыру) және бекіту (нақтылау) сатысында» деген кіші бөлім бойынша:

бюджетті жоспарлау (қалыптастыру)бойынша ақпарат бюджет жобасын тиісті деңгейдің өкілді органына қарауға енгізу мерзіміне дейін бес жұмыс күні бұрын орналастырылады (бюджетке дейінгі өтінім немесе түсіндірме жазба);

бюджетті бекіту (нақтылау) бойынша тиісті деңгейдің өкілді органы бюджетті қабылдағаннан кейін он бес күнтізбелік күн ішінде орналастырылады.

28. «Бюджетті атқару сатысында» деген бөлім бойынша ақпарат:

есепті айдан/тоқсаннан кейінгі айдың 20-ына дейін;

тиісті жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей жарты жылдық шолу;

есепті қаржы жылына тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит органдарының ұсынымдарымен бір мезгілде тиісті деңгейдің өкілді органы бюджетті атқару туралы жылдық есепті бекіткеннен кейін жыл қорытындысы бойынша бір ай ішіндегі жылдық шолу (тиісті жылдың 1 тамызынан кешіктірмей) орналастырылады.

29. Қаржы жылының соңындағы борыштың жай-күйі туралы талдамалы ақпаратты қамтитын «Мемлекеттік борыш» деген бөлімді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қалыптастырады және жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Парламентінде республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп бекітілгеннен кейін бір ай ішінде ресми интернет-ресурста орналастырылады.

30. Халық саны екі мың адамнан асатын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары азаматтық бюджетті жасауды және ұсынуды осы Қағидалар қолданысқа енгізілгеннен бастап жүзеге асырады, халық саны екі мың және одан аз адам болатын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.

31. Осы Қағидалардың мемлекеттік органдардың азаматтық бюджетті жасау және беру жөніндегі ережелері Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар, жедел-іздестіру, контрбарлау қызметін жүзеге ас ыру, елдің сыртқы саяси қызметін, қорғаныс қабілеттілігін және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген ерекшеліктерді есепке ала отырып қолданылады.