Жаңақала ауданының 2016 жылға арналған бюджеті 2016 жылдың 22 желтоқсан айында № 8-1 мәслихат шешімімен бекітілді.

Аудандық бюджеттің кіріс жағының есепті кезеңдегі жоспары 4893079,0 мың тенге болғанда, орындалғаны  4934871,0   мың теңге. Орындалу пайызы 100,9 %

Кірістер  жағы  соның ішінде,

- Салықтық түсімдер                                             – 634915,1 мың теңге

- Салықтық емес түсімдер                                     – 5283,6 мың теңге

- Негізігі капиталды сатудан түскен түсімдер      – 4647,6  мың тенге

- Ағымдағы нысаналы   трансферттер                 – 377439,0 мың теңге

- Нысаналы  даму  трансферттер                          –1153327,0 мың теңге

- Субвенциялар                                                     – 2581612,0 мың теңге

- Бюджеттік кредиттерді өтеу                               – 24241,9 мың теңге

- Бос қалдық                                                          – 75124,8 мың теңге

- Қарыздар түсімі                                                  – 78280,0 мың теңгеге

орындалды.

 

Шығыстар – 4893079,0   мың теңге;

 

Есепті кезеңде аудан бойынша бюджеттің шығыс жағының жоспары 4893079,0  мың теңге, бюджет 4876066,0   мың теңгеге игеріліп, орындалуы 99,7 % құрады.

Орындалу есебі бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне тоқталатын болсақ:

-Жалпы сипаттағы бағдарлама бойынша калдық қаражат – 858,9 мың теңге. Үнемделгені – 549,3 мың теңге «е-Халық» автоматтандырылған жүйесін енгізуден.  Қалдық қаражат-309,3 мың теңге.

- Қорғаныс  бойынша  қалдық  қаражат- 1,8 мың  теңге.

- Білім беру бөлімі   бойынша қалған каражат– 1150,5 мың теңге.

Мердігердің тауарларды жеткізуден бас тартуы себебінен қаражат игерілмеген-1035,4 мың теңге, қалдық қаражат-114,5 мың теңге.

-Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламасынан игерілмеген қаржы – 167,3  мың теңге. "Халықты жұмыспен саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар" бағдарламасы бойынша үнемделген қаражат - 73,1 мың теңге, "Жұмыссыздарды оқыту, даярлау және қайта даярлау" бағдарламасы бойынша үнемделген қаражат-  30,8 мың теңге. Қалдық қаражат – 63,4 мың теңге.

-Тұрын-үй коммуналдық шаруашылық бойынша  қалдық қаражат –5318,5 мың теңге.  "БҚО, Жаңақала ауданы, Пятимар ауылындағы су құбырын қайта құру" жұмысы бойынша үнемделген қаражат-1698,3 мың тенге, "БҚО, Жаңақала ауданы, Жуалой, Мухыр, Саркөл, Жангелді елді мекендерінің әлеуметтік нысандарының газбен жабдықтау және ауыл ішіндегі желінің құрылысы" мем.сатып алу порталында ЖСҚ жасақтау  конкурс қорытындысы бойынша үнемделген қаражат-3600,0 мың теңге. Қалдық қаражат – 20,2 мың теңге.

-Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеністік бағдарламасы бойынша –15,7 мың теңге қалдық қаражат.

-Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы бағдарламасы бойынша – 41,3 мың теңге қалдық қаражат.

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысыжәне құрылыс қызметі бойынша – 4,1 мың теңге қалдық қаражат.

Көлік және коммуникациялар бойынша – 1,0 мың теңге қалдық қаражат.

Басқалардан игерілмеген қаражат мөлшері –9454,2 мың теңге. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Жаңажол а/о, Қызылоба а/о, Жаңақазан а/о-нда мем.сатып алу порталында  конкурс қорытындысы бойынша үнемделген қаражат – 361,2 мың теңге. Басқалар: «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша – 9092,0 мың теңге -Жаңақала а/о және Мастексай а/о округтерінде мердігерлердің міндеттемелерін орындамау себебінен сотқа беріліп, сот шешімі кеш шығуына байланысты қалдық қаражат-9092,0 мың теңге. Қалдық қаражат - 1,0 мың теңге.

Борышқа қызмет көрсету функционалдық тобы бойынша есепті кезеңде жоспар 158,0 мың теңге болғанда, орындалғаны  158,0 мың теңге. Орындалуы             100 % құрады;

Трансферттер функционалдық тобы бойынша есепті кезеңде жоспар 44801,0 мың теңге болғанда, орындалғаны  44801,0 мың теңге. Орындалуы    100 % құрады;

Қарыздарды өтеу функционалдық тобы бойынша есепті кезеңде жоспар 20005,0 мың теңге болғанда, орындалғаны 20005,0 мың теңге. Орындалуы    100 % құрады;