Жаңақала ауданының Көпжасар ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған бюджет параметрлері

мың теңге

Көрсеткіштер

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

Кірістер

14921

14921

35940

Кірістер (трансферттерді есептемегенде)

2182

2182

2182

       Салықтық түсімдер

2182

2182

2182

       Салықтық емес түсімдер

     

       Негізгі капиталды сатудан түсімдер

     

Трансферттер түсімдері, оның ішінде:

12739

12739

33758

субвенция

12739

12739

33758

Бюджеттік кредиттерді өтеу

     

Мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсімдер

     

Қарыздар түсімі

     

Бюджет қаражатының бос қалдықтары

     

Шығыстар

14921

14921

35940

 

2018-2020 жылдарға арналған бюджет жобасы бойынша анықтама

2018-2020 жылдарға арналған бюджет жобасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы Бюджет кодексіне сәйкес Жаңақала ауданының Көпжасар ауылдық округінің 2018-2022 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізінде жасалған және мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелілігінің нысаналы индикаторларына қол жеткізуге бағытталған.

Алдағы жоспарлы кезеңдегі 2018-2020 жылдарға арналған бюджеттің субвенциялар есебімен кіріс бөлігінің болжамы келесі параметрлер бойынша қалыптастырылды:

— 2018 жыл – 12 739 мың теңге;

— 2019 жыл – 12 739 мың теңге;

— 2020 жыл – 33 758 мың теңге.

Үшжылдық мерзімге арналған кірістер түсімінің болжамы қолданыстағы  Қазақстан Республикасының бюджет және салық Заңнамалары негізінде анықталған. Өзіндік кірістер (салықтық, салықтық емес және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер) 2018 жылы — 2 182 мың теңге, 2019 жылы – 2 182 мың теңге, 2020 жылы – 2 182 мың теңге  сомасында жоспарланып отыр.

ҚР Бюджет кодексіне сәйкес жалпы сипаттағы трансферттер (АБ берілетін субвенциялар) 2018 жылы – 12 739 мың теңге, 2019 жылы – 12 739 мың теңге, 2020 жылы – 33 758 мың теңге қарастырылуда (Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, Астана бюджеттері арасындағы 2017 — 2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» ҚР Заңына сәйкес).

Көпжасар ауылдық округінің бюджетінің шығыстары аудандық  бюджеттен берілетін бюджеттік субвенциялардың болжамдық көлемі есебімен 2018 жылы – 14 921 мың теңге, 2019 жылы – 14 921 мың теңге, 2020 жылы – 35 940 мың теңге болжамданып отыр.

Шығыстарды жоспарлау кезінде негізгі басымдық азаматтардың әл-ауқаты, соның ішінде әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау және білім беру, өмір жағдайын жақсарту, сонымен қатар, тұрғындардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету бойынша жағдай туғызу болып табылады.