«Жаңақала аудандық кәсіпкерлік бөлімі»ММ

Бөлім басшысы - Меңдіхан Ермек Мақсотұлы

Байланыс мәліметтері:

Мекен-жайы: Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала  ауданы, Жаңақала ауылы, Халықтар Достығы көшесі, №44үй.

Байланыс телефоны: 8 (71141) 21 2 44

Электрондық пошта:Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

Азаматтарды қабылдау кестесі:

Аты-жөні, әкесініңаты

Лауазымы

Қабылдаукүніжәнеуақыты

Мекен-жайы

Байланыс телефоны

1

Меңдіхан Ермек Мақсотұлы

Бөлімбасшысы

Дүйсенбі-Жұма күндері

сағ.900-  1800

Халықтар Достығы көшесі, №44

8 (71141)

21 2 44

 

Бөлім қызметкерлері:

«Жаңақала аудандық кәсіпкерлік бөлімі» ММ қызметкерлерінің тізімі

Аты-жөні, әкесініңаты

Лауазымы

Байланыс телефоны

1

Меңдіхан Ермек Мақсотұлы

Басшы

8/71141/21244

2

Муратов Тимур Карлович

Бас маман

8/71141/21672

3

Иманғалиева Жаңылсын Хамитқызы

Жетекші маман

8/71141/21672

 

Негізгі міндеттері:

1) Жеке кәсіпкерлікті тиімді дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу;

2) Аудан аумағында кәсіпкерлікқызметті және инвестициялық ахуалды дамытуүшін жағдайлар жасау;

3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру;

 

Функциялары:

1) Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясаттың бірыңғай қалыптасуы мен іске асырылуына қатысу;

2) Ауданда шағын кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті қолдау  инфрақұрылымының обьектілерін құру мен дамытуды қамтамасыз ету;

3) Жеке кәсіпкерлікті дамыту мәселесі бойынша мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен, жеке кәсіпкерлік бірлестіктерімен, жеке кәсіпкерлік субьектілерімен және басқалай ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге  асыру;

4)Жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;

5) Аудандағы кәсіпкерлікті дамытудың мониторингісін жүргізу;

6) Өз құзыреті шегінде  нормативті - құқықтық актілерінің және құқықтық актілері жобаларын дайындауды жүзеге асыру;

7)Халық, кәсіпкерлік субьектілері арасында  кәсіпкерлікті қолдау туралы заңнамасындағымәселелері бойынша ақпаратты-түсіндірмелі жұмысын жүргізу;

8) Аудандық «Ең үздік кәсіпкер» конкурсын ұйымдастыру және өткізу;

9) Жеке кәсіпкерлікті дамыту  мәселелері бойынша кеңестер, семинарлар, «дөңгелек столдар» ұйымдастыру және  өткізу.

10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында оған жүктелген өзге де функцияларды орындау.

 

Жаңақала ауданының  кәсіпкерлік саласы бойынша 2017 жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат.

Аудан бойынша 2018 жылдың 1 қаңтарына 1190 кәсіпкерлік субьектісі тіркелген. Соның 82 заңды тұлға, 549 жеке кәсіпкер, 559 шаруа қожалықтары болып табылады. Бұл көрсеткіш 2017 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 106,0 %-ды құрайды.

Жұмыспен қамтылғандар саны 2016 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 103,1%-ды, ал кәсіпкерлік саласынан жергілікті бюджетке түскен түсім 164,1%-бен 96,0 млн. теңгені құрап, 12 айда өндірілген өнім 127,7%-ды құрады.

Аудан бойынша несиелік ұйымдардан 12 айда 150 адам 819,9 млн. теңге көлемінде несие алынған.

Соның ішінде:

-«ҚазАгроҚаржы» АҚ - 14 адам 111,3 млн. теңге;

- «Жаңақала – Несие» ЖШС  - 20 адам 277,3 млн. теңге;

- «Бизнестің жол картасы-2020» - 1 адам 18 млн. теңге;

- «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ115 адам 413,3 млн. теңге;- соның ішінде –

-«Бизнес регионы» бағдарламасымен - 9 адам 43,1 млн. теңге;

-Жұмыспен қамту жол картасы 2016»- қайта қаржыландыру - 2 адам  6,4 млн. теңге;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «29» желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» қабылданған болатын.

Бағдарламаны жүзеге асыру бағытында аудандық кәсіпкерлік палатасы арқылы «Бастау-Бизнес» және «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасымен  мамыр-қыркүйек айларында 6 лекпен (поток) 201 адам бизнестің бастапқы сертификатын алды.

«Бастау-Бизнес» бағдарламасы арқылы  аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 71 адамға жолдама беріліп, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ БҚО филиалына несие алуға жолданды.

          Аудан бойынша 14 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері құрылып, оларға 535 мүше тартылды. Соның ішінен «Жүрсін» АШК-і ауыл шаруашылығы құрылымдары мен жеке кәсіпкерлерді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ БҚО филиалы арқылы несиелендіру үшін оператор болып тағайындалды.

Жалпы 2017 жылға  аудан бойынша аталған бағдарлама бойынша  118 адамға 483,3 млн. теңге несие қаражаты бөлінді.

Соның ішінде:

- «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ БҚО филиалы арқылы:

-«Береке» бағдарламасымен  87 адам 322,85 млн. теңге;

- «Игілік» бағдарламасымен  19 адам  90,4 млн. теңге;

-«Агронесие корпорациясы» АҚ БҚО филиалына қарасты «Жаңақала-несие» Кредиттік серіктестігі ЖШС-гінің өз қаржысы есебінен арқылы 12 адам  70,0  млн. теңге несиелер алынды.

Жалпы 2017 жылы жыл басынан бері 150 адам 819,9 млн. теңге көлемінде несиелер алынып, алынған мақсатында игерілуде.

Соның ішінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасымен «Тайыр» ЖК несие 18,0 млн. теңгеге несие рәсімдеп малын басын көбейту мақсатында жұмыстануда.

 

06.05.2017 және 10.06.2017 жылы Орал қаласында аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімдерінің қатысуымен ауыл шаруашылық жәрменкелері өткізілді. Оған ауданнан ет, сүт, балық өнімдері нарық бағасынан төмен тиімді қақпен қала халқына ұсынылды.

30.05.2017 жылы БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы «Аудан әкімдігінің» Мәжіліс залында БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалану реттеу басқармасы, ауылдық округ әкімдер, балық шаруашылығы субъектілері, балықшылар, шаруа қожалық басшылары, кәсіпкерлер,  аудандық ауылшаруашылық және жер қатынастары, кәсіпкерлік, ветеринария бөлімдері мен «Коммунал» МҚК, «Қамыс-самар» ЖШС, Ветеринарлық станция, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және БАҚ өкілдерінің   қатысуымен   «Аквакультура (балық өсіруге) субсидия беру мәселелері» жөніндегі мемлекеттік қолдаудың көзделген шараларын талқылау кездесуі өткізілді.

10.06.2017 жылы БҚО, Жаңақала ауданы, Көпжасар а/о, Базарқұдық қыстауы, «Мұса» шаруа қожалығында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ғалымдары, «Қазақстан Ангусы Республикалық палатасының», «Қазақтың Ақбас тұқымының Республикалық палатасының», Батыс Қазақстан облысы ауылшаруашылығы басқармасы, «ҚазАгроФинанс» АҚ БҚО филиалы, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ БҚО филиалы, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ БҚО филиалы өкілдер,Ауылдық округ әкімдері, ветеринария мамандары, Асыл тұқымды мал өсіруімен айналысатын шаруашылық басшылары қатысуымен   ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына қарасты «Агрокомпетенция орталығы» ауылшаруашылық кешені субъектілерімен «Ветеринария қауіпсіздігі» тақырыбында семинар өткізілді.

13.06.2017 жылы БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылында БҚО құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасы, Жаңақала аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, аудандық ауылшаруашылық және жер қатынастары бөлімі, «Жаңақала-Несие» КС ЖШС-нің, аудандық кірістер басқармасы, жергілікті полиция, БҚО клиникалық аурухана, Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің БҚО бойынша департаменті, аудандық жұмыспен қамту орталығы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  Жаңақала аудандық филиалы, Жаңақала аудандық кәсіпкерлік мекемесі өкілдерінің  қатысуымен   «Кәсіпкерлік саласындағы заңдардың  өзгерісі туралы» семинары өткізілді.

13.07.2017 жылы Жаңақала ауданының әкімі Наурызбай Қадырбайұлы Қарағойшиннің төрағалығымен, БҚО «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының директоры Нұрлан Серікұлы Каиршин, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рухолла Аманғалиұлы Саматов, аудан әкімінің орынбасары Асқар Жомартұлы Мухамбетжанов,  аудандық кәсіпкерлік палатасының өңірлік кеңес және іскер әйелдер кеңесі мүшелері,   Жаңақала аудандық әділет басқармасының басшысы, Жаңақала аудандық кірістер басқармасының өкілі,  аудан әкімдігінің бөлім басшылары, «Жаңақала-несие» Кредиттік серіктестігі ЖШС-нің басқармасы басшысы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында кездесу ұйымдастырылды. Аталған кездесудің  мақсаты аудан кәсіпкерлерімен бетпе-бет жүздесіп, осы бағдарлама аясында туындаған мәселелерді сұрақ- жауап ретінде талқылау болып табылады.

18.09.2017 жылы аудан орталығына «Тұрақтылық кепілі – қауіпсіздік» жобасы аясында ақпараттық түсіндіру тобы келіп, аталмыш жобаның «Бизнес ортаны дамытуды жүзеге асыру» атты екінші бағыты бойынша кездесу өткізді. Екі күнге жоспарланған іс-шаралар жоспарына сәйкес ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері алғашқы күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан активі, шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер және жастармен кездесті.

Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары Асқар Мұхамбетжанов облыс орталығынан арнайы шақырылған мамандарды (БҚО еңбек инспекциясы бойынша басқарма басшысының орынбасары А.Тұйғынбетов, «ҚазАгроГарант» АҚ БҚО филиалының директоры А.Иманов, БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы А.Көбиев, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» БҚО филиалының өкілі Б.Өтебалиева, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ БҚО филиалының өкілі Б.Қажыгереев, «ҚазАгроҚаржы» АҚ БҚО филиалының заңгері Б.Жұбаниязов) таныстырып, аталмыш жобаның мақсатын түсіндіріп өтті. Одан әрі жұмыс тобы бизнесті ашу және енгізу, бизнесті қорғау және бизнесті қолдау бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар туралы кең көлемде түсінік беріп, жиынға қатынасушылардың сұрақтарына жауап берді. 

Түстен кейін жұмыс тобы жоспарға сәйкес Рухани орталықта аудан жастарымен бас қосып, тренинг өткізді. Бұл кездесуде мамандар өз кәсібін ашамын деген жастарға бизнесті қалай бастау керек, 100 бизнес-жоспар, кәсіпкерлердің құқықтары аясында әңгіме өрбітіп, ақыл-кеңестерін берді. Жастарға бизнес ашу аясында мол мағлұмат берген мамандар одан әрі аудан орталығындағы «Ирманов Марат» ЖК-нің жиһаз жасау цехы, «Нұртем» ЖШС-нің темір-бетон өнімдері цехы, «Тайр» ЖК-нің мал сою цехы және «Шашбау», «Аруна» сұлулық салондары сынды кәсіпкерлік субъектілерді аралап, олардың жұмыстарымен танысты. 

19.09.2017 жылы  «Тұрақтылық кепілі – қауіпсіздік» жобасы аясында ауданымызға келген ақпараттық түсіндіру тобы жоспарға сәйкес өз жұмыстарын жалғастырды. Мамандар таңертенгі сағат 10:00-де «Бастау-Бизнес» бағдарламасы таңдаушыларына практикалық сабақ өткізді. «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының мәжіліс залында өткен сабақ барысында мамандар өз салалары бойынша баяндама оқып, субсидялау, кепілдік, лизинг турасында әңгіме өрбітті. Ал бизнеске бет бұруды көздеген ауыл тұрғындары бизнес бастауда өздері кездескен қайшылықтар мен қиыншылықтар туралы айтып, сауалдарына тұщымды жауап алды. 
Ақпараттық түсіндіру тобы келесі кезекте Қызылоба ауылдық округінде болып, ауылдық округ әкімдерімен дөңгелек үстел өткізді. Ашық әңгімелесу түрінде өткен дөңгелек үстелде ауылдық округ әкімдері кәсіпкерлікті қолдау мақсатындағы мемлекеттік бағдарламаларда кездесетін мәселелер, ауыл кәсіпкерлері тарапынан жиі қойылатын сұрақтар төңірегінде сауалдарын қойды. Ал мамандар сұрақтарға жауап бере отырып, мемлекеттік бағдарламалардың тізімдері мен түрлері, несие берудегі мәселелер мен оны шешу жолдары, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы кәсіпкерлерді несиелеу және субсидиялау, отандық тауар өндірушілерді қолдау турасында ақыл-кеңестерін беріп, түсінік жұмыстарын жүргізді. 

12.08.2017 -07.10.2017 ж аралығында әр аптаның сенбі күндері бекітілген кестеге сәйкес ауданның жеке кәсіпкерлері мен шаруа қожалықтарының және ауданның тоғыз ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен  Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылында ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері өтті .   Жәрмеңкеде аудан халқы үшін тиімді бағамен кәсіпкерлердің, шаруа қожалықтарының күнделікті азық-түлік тауарлары, мал азығы, сиыр, жылқы және қой еттері, тірілей қой және тауық, жұмыртқа, балық, бау-бақша өнімдері (көкөніс, жеміс-жидектер), сүт өнімдері,  т.б сатылды.