рисунок

Скачать карту (pdf, 4.6 Mb)


 

Жаңақала аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің 2015 жылдың қорытындысы бойынша атқарған жұмыстары туралы

2015 жылы ауданымызда құрылыс саласында бірқатар жұмыстар атқарылды. Олардың қатарында, мектептер құрылысы, инженерлік желілер құрылысы, тұрғын үй құрылысы  бар. Салынған құрылыстардың барлығы да, халықтың әлеуметтік жағдайын арттыруға бағытталған.

2015 жылы ауданның құрылыс саласын дамытуға бюджеттен барлығы  337 475,256 мың теңге бөлінді. Оның ішінде: 64 382,0 мың теңге қаржы РБ қаражаты есебінен, 273 093,256 мың теңге қаржысы ЖБ қаражатынан бөлінді.

Атап айтсақ, РБ бөлінген 64 382,0 мың теңге қаржы  Жаңақала ауылының батыс аймағындағы 630 жер телімін газдандыру құрылысына жұмсалды.

Ал, ЖБ есебінен бөлінген 271 293,256 мың теңге қаржы Жуалыой және Сарыкөл ауылындағы мектептер құрылысын салуға, 1800,0 мың теңге Жаңақала топтық су құбыры жобасының ТЭН жасақтауға бағытталды.

1. Бюджеттен бөлінген 64 382,0 мың теңге қаржы Жаңақала ауылындағы 630 жер телімін газдандыру жұмыстарына бөлінді. Жобаның негізгі құны - 133 774,077  мың теңгені құрайды. «Кварц» ЖШС-мен құрылыс жұмыстары жүргізуге келісім - шартқа отырылып,  2014 жылы құрылысы мамыр айында басталып, 27,4 шақырым орта, төменгі қысымды газ трассалары тартылып, 630 жер учаскесіне сыртқы газ құбыры жеткізілді. Мердігер «Кварц» ЖШС-гі құрылыс жұмыстарын өз қаржысына қазан айында толық аяқтап, желтоқсан айында тартылған трассаға газ беріп, желтоқсан айында мемлекеттік комиссиямен қабылданды. 2015 жылға 64 382,0 мың теңге қаржысы кредиторлық берешек ретінде бөлініп, бөлінген қаржы толықтай игерілді.

рисунок

Осы тұста, айта кетерлігі Жаңақала ауылының батыс аймағындағы жеке сектордың тұрғын үй құрылысын жалғастыру үшін мейлінше инженерлік желілерді тартуды тездету қажет. Айта кететін болсақ, 2010 - 2011 жылдары бас жоспардағы инженерлік желімен қамтылмаған 1300 жер учаскесі жеке тұрғын үй салу үшін кезекте тұрғандарға беріліп кеткен. Қазірге дейін, сол учаскелердің 390 -ы (30%) электр желісімен, 630-ы (48%) газбен, 42-сі (3,2%) сумен жабдықталған. Яғни, дәлірек 910 учаскеде электр желісі,  670 учаскеде газ желісі, 1258 учаскеде су құбыры жеткізілмеген. Инженерлік инфрақұрылым тартуға жалпы облыс бойынша проблема бар. Кезінде учаскелер инженерлік инфрақұрылымсыз берілген. Бұл жөнінде БҚО құрылыс басқармасына ЖСҚ жасақтауға бюджеттік өтінім ұсынылғанмен әлі күнге қаржы бөлінбей отыр. Қаржысы бөлінсе, жоба іске асатын болады. Осы арқылы, тұрғын үй салуға деген қолжетімділік арта түсері анық.

2. Жоба атауы -  «БҚО Жаңақала ауданы Сарыкөл ауылында 108 орындық мектеп құрылысы». Мердігері - «Beta services» ЖШС-гі анықталды. (Директоры - Шканов Бекболат Елемесович, Орналасқан жері: БҚО, Зеленов ауданы, Мичурин ауылы, Магистральная көшесі №2п/1, тел.: 219222)

Келісім шарт құны - 243 622,11 мың теңгені құрайды.

Мектеп 2 қабатты спортзалымен, 108 балаға шақталған. Ауласында жылыту жүйесі, дәретханасы, ашық спорт алаңы бар. Қабырғасы силикат кірпіштен, төбесі металл жабыңқышпен жобаланған. Құрылыс жұмыстары 2014 жылдың тамыз айының аяғында басталды. 2014 жылға  құрылыс монтаж жұмыстарына  106 100,0 мың теңге, авторлық және техникалық қадағалау жұмыстарына 398,8 мың теңге қаржысы бөлініп, барлығы 106 498,8 мың теңге қаржы игерілді.

2015 жылға  137 123,31 мың теңге қаражат Сарыкөл ауылындағы мектеп құрылысын толық аяқтауға бөлінді. Ағымдағы жылдың жаңа оқу жылына мектеп құрылысы толық аяқталып, мемлекеттік қабылдау комиссиясымен пайдалануға берілді. Бөлінген қаражат толықтай игерілді.

рисунок

рисунок

3. Жоба атауы -  «БҚО Жаңақала ауданы Жуалыой ауылында 108 орындық мектеп құрылысы».

Мердігері - «Алаш ҚК(құрылыс компаниясы)» ЖШС-гі. (Директоры - Темирбаев Исатай Мухитович, Мекен - жайы: БҚО, Орал қаласы, М.Есламгалиулы көшесі №28 үй 48 пәтер, тел.: 28-64-50, 23-27-70)

Келісім шарт құны - 243 663,24 мың теңгені құрайды.

Мектеп ғимараты 2 қабатты спортзалымен, 108 балаға шақталған. Ауласында жылыту жүйесі, дәретханасы, ашық спорт алаңы бар. Қабырғасы силикат кірпіштен, төбесі металл жабыңқышпен жобаланған. Құрылыс жұмыстары 2014 жылдың қыркүйек айында басталды. 2014 жылға  құрылыс монтаж жұмыстарына 109 100,0 мың теңге, авторлық және техникалық қадағалау жұмыстарына 393,294 мың теңге қаржысы бөлініп, барлығы 109 493,294 мың теңге қаржы игерілді.

2015 жылға  134 169,946 мың теңге қаражат Жуалыой ауылындағы мектеп құрылысын толық аяқтауға бөлінді. Ағымдағы жылдың жаңа оқу жылына мектеп құрылысы толық аяқталып, мемлекеттік қабылдау комиссиясымен пайдалануға берілді. Бөлінген қаражат толықтай игерілді.

рисунок

4. «БҚО Жаңақала ауданы Жаңақала ауылындағы 600  орындық мектеп және 100 орындық жатақхананың құрылысы».Тапсырысшы - БҚО құрылыс басқармасы. Мердігері - «ТасқалаТрансГаз» ЖШС-гі. (Директоры - Махметов Тілек Гаисиевич).Жобалаушы ұйым, авторлық қадағалаушы - «Уралводпроект» ЖШС-гі. Құрылыс жұмыстарын техникалық қадағалаушы - «ЖайыкСтройИнжиниринг» ЖШС-гі. Келісім шарт құны - 1 123 004,66 мың теңгені құрайды. Нысан құрылысы 2014 жылдың наурыз айында басталды. Мектеп 3 қабатты, 600 оқушыға арналған, 100 орындық жатақханасы 2 қабатты. Ашық спорт алаңы, шағын сәулеттік нысандар орналасқан. Мердігер «ТасқалаТрансГаз» ЖШС-гі құрылыс жұмыстарын аяқтап, 2015 жылдың жаңа оқу жылына пайдалануға берді.

рисунок

DSC_0998

 

5. «Құлшық»  жер асты су көзінен ауыз су құбырын тарту.

Ауданның ең бір ең өзекті мәселесі - ол ауыз су мәселесі болып отыр. Оған себеп, соңғы кездердегі өзендерге келетін судың тапшылығы,  тұтынып отырған судың санитарлық нормаларға сай келмеуі. Ол туралы халықпен кездесулерде жиі көтеріліп жүр. Осыған байланысты, аудан әкімі Л.Хайретдиновтің бастауымен Бөкей ордасы ауданымен шекаралас тұстағы «Құлшық» жер асты тұщы су көзінен ауданның оңтүтік елді мекендеріне топтық су құбыры желісін тарту жұмыстары қолға алынды.

«Құлшық» жер асты су көзі 1991 жылы 5 желтоқсанда Үкіметтің комиссиясында №366 хаттамамен бекітілген. Ол хаттамада су көзі қоры 27 жылға жететіні көрсетілген.  «Уралводпроект» ЖШС-мен  2 000,0 мың теңге қаржыға жобаның ТЭН жасақталды. 2015 жылғы 29 қыркүйекте  №09-035/15 сараптама қорытындысы шықты.

Жобада 141 км топтық су құбырын тарту, 8 ауыл, 15765 халықты ауыз сумен қамтамасыз ету көзделген.  Жобаны іске асыру үшін 90,0 млн.теңге ЖСҚ жасақтауға,  2 801,0 млн. теңге құрылыс жұмыстарын жүргізуге қаржысы қажет етіледі. Қазіргі кезеңде ЖСҚ жасақтауға қажетті қаржысын бөлу үшін бюджеттік өтінім беру үшін БҚО құрылыс басқармасына салалық сараптамасы мен ақпараттық парағы, жобаның сметалық құжаттары мен сызбалары ұсынылды.

Сонымен қатар, ауыз сумен қамтудың «Ақ бұлақ» бағдарламасы арқылы іске асуы қажет жобалар, атап айтсақ, ЖСҚ дайын тұрған Жаңақазан және Қызылоба ауылдарындағы су құбырын қайта құру жобалары бойынша қаржысы қаржы дағдарысы салдарынан іске аспай отыр. Оның сыртында, ЖСҚ дайын Мәстексай (Мұқыр), Бірлік, Пятимар ауылдары бар.

 

6.   Жеке сектордың тұрғын үй құрылысын жалғастыру;

«Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасының 7-ші бағыты жеке тұрғын үйлердің құрылысы.

Ауданда соңғы жылдар тұрғын үй құрылысы ерекше қарқынмен салынып жатырғаны баршамызға белгілі. Оның бір себебі, жаңа бас жоспардың қолданысқа берілуі. Сол арқылы, азаматтар жер учаскесін алып, баспана мәселесін шешуде.

Аудан бойынша 2015 жылдың қорытындысы бойынша 5866  шаршы метр тұрғын үй алаңы іске қосылып отыр. Бұл 2014 жылдың көрсеткішінен  (5612 шаршы метр) 104,5 пайызға артық. Аудан бойынша салынған үйлердің орташа алаңы 120 шаршы метрді құрайды. Көршілес аудандармен салыстырсақ: Бөкей ордасы - 3845 ш.м., Жәнібек - 3565 ш.м., Сырым - 3616 ш.м., Қаратөбе - 1264 ш.м., Ақжайық - 5308 ш.м., Тасқала - 3441 ш.м., Қазталов - 2450 ш.м., Шыңғырлау - 1688 ш.м., Бөрлі -41198 ш.м., Зеленов -18118 ш.м., Теректі-14652 ш.м., Жаңақала-5866 ш.м. және Орал қаласы -156 857 ш.м. Орал қаласы мен Бөрлі ауданын есептемегенде, Жаңақала ауданы облыс бойынша ең көп тұрғын үй пайдалануға берген алғашқы үштікке кіріп отыр. Тағы бір айта кетерлігі, бұл жеке сектордың есебінен салынып отырған тұрғын үйлер.

Тұрғын үй құрылысы ауданымызда екі бағытта іске асса, соның екіншісі «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы арқылы мемлекеттік бюджет арқылы арендалы тұрғын үйлер салу.

2014 жылы «БҚО Жаңақала ауданы Жаңақала ауылындағы 19 коммуналдық тұрғын үйлер салу құрылысы» басталған болатын.(Жоба - «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасының 2-ші бағыты бойынша жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй кезегінде тұрған қатысушылар үшін).(1570,73 ш.м.) Келісім шарт құны - 126 852,4 мың теңге. 2014 жылға 20 000,0 мың теңге қаржысы РБ есебінен бөлінді.  «БатысСтройФакт» ЖШС-мен 3 үйдің құрылысы басталып, құрылысын толық аяқтады. Тұрғын үй жалпы ауданы - 82 шаршы метрді құрайды, 3 бөлмелі. Қалған 16 үйдің құрылысын толық аяқтау үшін 2015  жылға 106 852,0 мың теңге қаржысы РБ-тен бөлінгенмен, қаржы дағдарысы салдарынан қаржысы кері қайтарылып алынды.