Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы "Қазақстанның үшінші жаңғыруы:жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Қазақстан халқына Жолдауында сыбайас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның атсалысуына байланысты деп атап өтті.

9-10 қараша күндері Жаңақала ауданы орталығында «Қыс-2017» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Оқу-жаттығуда арнайы қызметтердің қысқа дайындығын аудан әкімінің орынбасары А.Мұхамбетжанов, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Б.Каллимулдин және шұғыл әрекет ету тобының командирі А.Ахметов тексерді.

Аудан әкімінің №192-Ө өкімімен Жаңақала ауылдық округінің әкімі болып Ахметов Абзал Ғайнуллин тағайындалды.

Ахметов Абзал Ғайнуллин 1971 жылыдың 8 қыркүйегінде Жаңақала ауданы, Карманов ауылында дүниеге келген.1992 жылы Орал құрылыс техникумында «Құрылысшы-техник» мамандығы бойынша білім алса, 1998 жылы Батыс Қазақстан Гуманитарлық университетінде «Биология пәні мұғалімі» мамандығын алған

«EXPO-2017» халықаралық көрмесін еліміздің әр азаматы өз көзімен көріп, тамашалағысы келеді. Маңызды шара жаңақалалықтарды да қатты қызықтыруда. Бұған дейін оқушылардың екі легін Астанаға шығарып салса, 14 тамыз күні үшінші легі сапында 75 оқушы елордасына аттанды. Оларды шығарып салу үшін орталық алаңға аудан әкімінің орынбасары Айзада Шүкірғалиева, аудандық білім бөлімінің басшысы Елжас Елдосұлы, білім саласының қызметкерлері мен ата-аналар келіп, сәт-сапар тіледі.

Халықты жұмыспен қамту, елде жұмыссыздықты шектеу бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі. Соған сәйкес жер-жерлерде ауқымды іс-шаралар жүргізілуде. Еліміз бойынша оңтайлы бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырылуда. Сол бағдарламалар аясында жаңа жұмыс орындары да ашылып, ел нәпақа тауып отыр.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі 2017 жылға арналған кешенді жоспарын іске асыру мақсатында 11 тамыз күні аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында «Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының, оның ішінде жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының құрылысы кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин ұзақ жылдар аудандық мемлекеттік статистика мекемесінің басшысы қызметін атқарған Жансұлу Қожанованы қабылдады. Ол таяуда мерейлі 70 жасқа толады. Қабылдауда мерейтой иесіне ақжарма тілегін жеткізген аудан әкімі Наурызбай Қадырбайұлы: