Жаңақала аудандық әкімшілігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттерді іске асыру жөніндегі шаралар туралы» актив жиналысы өтті. Жиынды аудан әкімі Лавр Рашидұлы жүргізіп отырды. Сонымен қатар аталмыш жиынға Елбасы Жолдауын түсіндіру жөніндегі облыстық үгіт-насихат тобының жетекшісі, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының басшысы Ғайса Қапақов, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары, ардагерлер, әйелдер, жастар ұйымдарының жетекшілері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Аудан әкімінің орынбасары Б.Саматов Жолдауда туындайтын міндеттерді іске асыру туралы баяндама жасап, осы бағытта аудан төңірегінде атқарылып жатқан істерден хабардар етті. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық мәслихат хатшысы З.Сисенғали, еңбек ардагері Н.Мақанов, «Жас Отан» ЖҚ, «Жастар үні» ЖҚБ-нің төрайымы Ж.Төлеуғалиева пікірлерімен бөлісті.

Облыстық үгіт-насихат тобының жетекшісі Ғ.Қапақов «Ырыс - ынтымаққа жолығады, дәулет - бірлікпен толығады» демекші, тек біріккенде ғана барлық қиындықты артқа тастайтынымызды айтып, Жолдауда айтылған міндеттер абыроймен атқарылатынына сенім білдірді. Ғайса Хамидоллаұлы Жолдаудың маңыздылығын нақты бір деректерден мысал келтіре, әр бөлімдеріне әсіресе ауыл шаруашылығына, шағын және орта бизнесті дамытуда баса назар аударылып отырғандығын атап, бірқатар жәйттерді баяндады.

Жиынды аудан әкімі қорытындылады.

 

Гүлдерайым ӘБДІҒАЛИҚЫЗЫ