Жаңақала АІІб-нің Жергілікті полиция қызметінің 2017 жылғы 1 тоқсанында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы

2017 жылдың 1 тоқсанында барлық маңызды көрсеткіштерден криминогендік ахуал бойынша қызмет ететін аймақта жағдайдың тұрақтанғаны байқалады.

2017 жылдың 3 айында статистикалық көрсеткіштері өткен жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда тіркелген қылмыстардың -__.__ % пайызға немесе (48-ден, 43-ке) фактіге азайғанын, соның ішінде 31 дерегі қылмыстық құқықбұзушылық, 12 қылмыстық теріс қылық болып келеді. 31 қылмыстық ісі (2016ж.-35) аяқталғандар қатарында, соның ішінде 11(2016ж-__) сотқа жолданып, ақталмайтын негіздермен қылмыстық іс қысқартылғандар 20 (2016ж.-__), тергеу мерзімі үзілген қылмыстық істер 4  (2016ж.- 3).

Қылмыстылықтың түрлері бойынша құрылымы:

Аса ауыр түріндегі қылмыс тіркелмеген. (2016ж.-0).

Аудан аумағында 2017 жылдың 3 айында орын алған ауыр қылмыстар саны 2 фактіні құрады (2016ж.-3):

 

Мүліктік қылмыстар:

Аудан бойынша қылмыстылық құрылымының елеулі бөлігін бөтеннің мүлкін ұрлау фактілері құрайды, (2016ж.-22) факті орын алса,  ал ағымдағы жылы 15 факті тіркеліп -26,1% азайып отыр. Аяқталғандар саны 13 (2016-13), мерзімі үзілген қылмыстық істер саны 3 (2016-3). 

Мал ұрлығы:  2017 жылы жалпы тіркелген мал ұрлығы - 3 (2016-3) қылмыс -__,% азайды. Аяқталғандар 2 (2016-4), мерзімі үзілген қылмыстық істер саны  3 (2016-2).

Пәтер ұрлығы бойынша 3 (2016ж.-5) қылмыстық іс қозғалып, оның ішінде 4 қылмыстық ісі өндірістен аяқталып (2016ж.-4).

 Ұялы телефондар ұрлығы бойынша қылмыстар саны 4 (2016ж.-5) қылмыс тіркеліп, оның ішінен 4 (2016ж-1) қылмыстық ісі өндірістен аяқталған. 

Өзге де орын алған ұрлықтар саны 5 фактіні құрап отыр.

Алаяқтық бойынша қылмыстар 1 факті тіркелген (2016ж.-1),

Жеке тұлғаға қатысты жасалған қылмыстар: 

Қасақана орташа дәрежедегі дене жарақатын салу ҚР ҚК 107 бабы

Көрсетілген санаттағы қылмыстар тіркелмеген (2016ж.-0)

Бұзақылық фактісі бойынша 2 (2016ж.-2) қылмыстық оқиға тіркелген, 2 қылмыстық іс аяқталып өндірісітен аяқталды.

 

Наркобизнеске қарсы жүргізілген жұмыстардың нәтижесі:

2017 жылдың 3 айында Жаңақала АІІб қызметкерлерімен есірткі затының айналымын анықтауда 1 факті қылмыстық құқықбұзушылық анықталып, сотқа жолданды.

 

Жергілікті полиция қызметі бойынша атқарылған жұмыстар

2017 жылдың 3 айында Жаңақала АІІб Жергілікті полиция қызметінің  Учаскелік полиция инспекторлары және олардың көмекшілерімен қоғамдық тәртіпті сақтауда және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлығы 346 (2016ж-375) әкімшілік құқықбұзушылық хаттамалары толтырылған. Өткізіліп жатырған профилактикалық іс-шаралардың барысында оң нәтиже қол жеткіздік, атап көрсеткенде ағымдағы жылы отбасы-тұрмыстық қарым-қатынас саласында қылмыстар тіркелмеген. (2015ж.-0), бұрын сотталғандармен жасалған қылмыстар саны 12-ден 9-ға азайды, топтасып жасалған қылмыстар 1-де 1 болды, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны 10-нан 5-ке төмендеген, соның ішінде көшеде жасалған қылмыстар саны 7-ден 4-ке дейін төмендеген, алкогольдік ішімдік ішкен күйінде жасалған қылмыстар 2016ж-14 болса биылғы жылы 9 азайды, алайда атқарылып жатырған іс-шараларға қарамастан жасөспірімдермен жасалған қылмыстар 0-ден 1-ге көбейді.

Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынас саласы қылмыстарының алдын алуда 28 (2016ж.-29) әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, осындай құқықбұзушыға қорғау ұйғарымы қойылып және 6 адамға аудандық соттың қаулысымен жәбірленушілерді қорғау мақсатында ерекше талаптар белгіленді.

Сонымен қатар, қорғау ұйғарымын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 461 бабы бойынша 2 адам жауапкершілікке тартылды.

Ел басымыздың Ішкі істер органдарына қойған талабы «Мүлдем төзбеушілік қағидаты» бойынша 434 бабы (ұсақ бұзақылық) 25 (2016ж-40) адамға, соның ішінде қоғамдық орынды ластағаны үшін -23 (2016ж-30), ҚР ӘҚБтК 440 бабы (қоғамдық орында алкогольді мастық күйде жүру немесе ішу) - 88 (2016ж-107) адамға, ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабы 2 бөлімі (түнгі мезгілде жасөспірімдердің ата-аналарының ертуінсіз жүру) - 29 (2016ж-38) адамға, ҚР ӘҚБтК-нің 441 бабы (белгіленбеген орында темекі шегу) - 25 (2016ж-53) адамға, ҚР ӘҚБтК-нің 437 бабы (тыныштықты бұзу) - 3 (2016ж-9) адамға, ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабы (жасыл желекті бүлдіру)-  40 (2016ж- 38) адамға әкімшілік шара алынды.

Маскүнемдіктен еріксіз емдеу орталығына Жаңақала ауданы бойынша 3 ай ішінде 3 азамат жолданды. Атап көрсеткенде, Жаңақазан ауылының тұрғыны А.Сапаров, Бірлік ауылының тұрғыны У.Есенгалиев, Жаңақала ауылының тұрғыны Ж.Габдушевтер жолданды.

 

УҰИ-ның арнайы қабылдағышының жұмысы туралы:

2017 жылдың 3 ай қорытындысы бойынша Жаңақала АІІб УҰИ-ның арнайы қабылдағышында әкімшілік қамауға алынған тұлғалар 40 (2016ж.-28) адам.

Соның ішінде отбасы-тұрмыстық қарым қатынас саласында құқықбұзушылық жасағандар 7 (2016ж.-4) адам, жол қозғалыс ережесін бұзғандары үшін 2 (2016ж.1) адам, ұсақ бұзақылық жасағандары үшін 18 (2016ж.-14) адам, ҚР аумағына келу тәртібін бұзғандары үшін 2 (2016ж.-3) адам, әйелдер 0 (2016ж.-0) адам.

Қазіргі уақытта, Жаңақала АІІб-не келіп түскен әкімшілік қамауға алу туралы сот қаулыларының барлығы орындалды.

Өткен мерзімде, Жаңақала АІІб УҰИ-ның арнайы қабылдағышында төтенше жағдайлар және қызметкерлер арасында әскери қызметтік тәртіпті  бұзу фактілеріне жол берілген жоқ.

 

Табиғатты қорғау саласы бойынша

Өткен жылдың 3 айында Жаңақала АІІб ЖПҚ-ның қызметкерлерімен табиғатты қорғау бойынша бір қатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда заңсыз аңшылық үшін 10 адам ұсталып оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 382 бабы 1 бөлімімен әкімшілік іс қозғалып 10 азаматқа ескерту салынды. Сонымен қатар заңсыз балық аулаудың 1 фактісі анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 383 бабы 3 бөліміне сай хаттама толтырылып шешім қабылдау үшін аудандық сотқа жолданды. Аудандық соттың қаулысымен 45380 теңге айыппұл салынды.

 

Есептегі адамдармен профилактикалық жұмыс

Жаңақала АІІб ЖПҚ тарапынан «Учаскелік полиция инспекторларының алдын алу есебінде тұрған адамдармен жұмыс нәтижелерін арттыру бойынша қосымша шаралар жоспары» бекітіліп, іске асырылуда.

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 29.12.2015 ж. № 1095 бұйрығымен бекітілген УПИ және олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру Ережесі және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың есебін реттейтін Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 23.10.2014 ж. № 622 бұйрығына сәйкес ІІО есебінде тұрған адамдармен жеке алдын алу жұмыстарына бақылауды күшейту мақсатында алдын алуға жататын адамдарды уақтылы анықтау және есепке алуға бағытталған іс-шаралар іске асырылуда.

Профилактикалық есепті дұрыс жүргізу және олардың деректерін уақытында АТҚБ автоматтандырылған деректер базасына енгізу жұмыстары АІІб ЖПҚ бастығының ұдайы бақылауында.

 

Жергілікті полиция қызметіндегі кадр жұмысы мәселелері

Жаңақала АІІб ЖПҚ-ның штаттық саны 21 бірлік, қазіргі уақытта жасақталғаны 19 немесе 90,3 пайыз. Атап көрсеткенде: ЖПқ бастығы - 1, ЖПҚ бастығының орынбасары - 1, УПП жұмысын ұйымдастыру бойынша жауапты УПИ - 2, УПИ - 5, УПИ көмекшілері - 10.

Бүгінгі таңда, бос лауазымдар -УПИ көмекшісі - 1, УПИ жұмысын ұйымдастыру жөніндегі инспекторы - 1 лауазым, жалпы - 2 лауазым бос тұр.

Жаңақала АІІб ЖПҚ-ның тарапынан УПИ және олардың көмекшілері құрамының сапасын жоғарғы оқу орындарына сырттай оқуға жолдау және бос орындарды арнаулы-орта немесе жоғары білімді адамдармен толықтыру, УПИ-ды табельдік қарумен және арнайы құралдармен қамтамасыз ету арқылы жақсарту жұмыстары атқарылуда. Олардың қызметтік, дене шынықтыру дайындықтарына аса көңіл бөлінуде.

 

Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс нәтижесі:

Өткен мерзімде, яғни 2017 жылдың 1 тоқсаны бойынша қоғамдық тәртіпті сақтау, қамтамасыз етуде сонымен қатар отбасы тұрмыстық қарым-қатынас саласындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Жергілікті полиция қызметімен «Жаңарған өңір» газетіне «Жаңақала АІІб Жергілікті полиция қызметінің 2016 жылы атқарылған жұмыстары туралы» атты мақалалары жарық көрді.

 

Проблемалық мәселелер, оларды шешу бойынша ұсыныстар

Қазіргі уақытта, Жаңақала АІІб ЖПҚ-ның теңгеріміне берілген Жаңақала ауданы Жаңақала ауылы 1 мамыр көшесі № 6 орналасқан ғимаратқа деректер базасын тарту проблемалық мәселе туындатып отыр.

Аталған мәселе бойынша, Жаңақала АІІб Жергілікті полиция қызметімен БҚО ІІД ТҚеБ-на хат жолданды.

Лицензиялық рұқсат беру жүйесі бойынша: аңшы қаруларды сақтау ережесін бұзу фактісі ҚР ӘҚБтК 484 бабымен 9 (2016ж.-21) құқықбұзушылық анықталды, қару сақтау мерзімін ұзарту ережесін бұзу бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 486 бабымен 3 (2016ж.-19) адам сонымен қатар ІІО-да тіркелмеген қаруды сақтағаны үшін 2 (2016ж.-1) адам жауапкершілікке тартылды. Барлығы 14 (2016 ж.- 41) құқықбұзушылық анықталды.

2017 жылдың 10 сәуірінен басталатын Қазақстан Республикасы аумағында ІІО тіркелмеген, заңсыз айналымдағы тегіс ұңғылы және ойық ұңғылы қаруларды қабылдау акциясы бойынша барлық УПИ-ларға жеткізіліп, халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 

 

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде:

2017 жылдың 3 айы ішінде Жаңақала АІІб-нің Жергілікті полиция қызметімен жол қозғалысын бақылау кезінде барлығы 31 жүргізуші тарапынан жол қозғалыс ережесін бұзу фактісі анықталды. (2016ж.-29).               

 

Жаңақала АІІб ЖПҚ